Баспасөз хабарламалары

16 қазан, 2018

ҚМГ БӨ KASE-де артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша арнаулы сауда-саттық нәтижелері туралы хабарлайды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания», «ҚМГ БӨ») 2018 жылдың 1 қазаны мен 16 қазаны аралығында KASE сауда жүйесінде Компанияның артықшылықты акцияларын сатып алу жөнінде арнаулы сауда-саттық жүргізілгенін хабарлайды.

Арнаулы сауда-саттық жүргізу қорытындысы бойынша Компания әр данасын 12 800 теңге бағамен 194 697 артықшылықты акцияны сатуға өтініштерді қанағаттандырды. Сатып алудың жиынтық сомасы 2 492 121 600 теңгені құрады.

Еске сала кетейік, Компания 13 тамызда бір акция үшін 12 800 теңге бағамен 1 905 209 акцияға дейін көлемде еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акциясын сатып алу туралы хабарлаған болатын. Артықшылықты акцияларды сатып алу 2018 жылдың 16 қарашасына дейін жүргізіледі.

Наверх