Баспасөз хабарламалары

25 ақпан, 2019

ҚМГ БӨ артықшылықты акциясын қайта сатып алу бағдарламасын аяқтады

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» Акционерлік қоғамы (одан әрі – «Компания», «ҚМГ БӨ») ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларын қайта сатып алу бағдарламасының нәтижелерін хабарлайды.

2019 жылдың 1 қаңтарынан «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ қосылу жолымен «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ  болып қайта құрылды. Бизнес-процестердің жақындасуы және «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ  жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуге көшуі салдарынан 3 қаңтар мен 18 қаңтар аралығында «Қазпошта» АҚ трансфер-агенті қабылдаған бұйрықтарды қабылдап алу мен өңдеу техникалық себептер бойынша жүзеге асырылмады.

Сатып алу бағдарламасы кезеңінде (30.01.2019 ж. дейін) брокерлер қабылдаған клиенттік өтініштерді толық орындау мақсатында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің 12.02.2019 жылғы шешімімен 22.02.2019 жылы «Қазпошта» АҚ брокерлері арқылы өздеріне тиесілі акцияны сатуға өтініш берген акционерлермен, сондай-ақ 2019 жылдың 31 қаңтарында есеп айырысу жүргізілмеген басқа брокерлердің өтініштерімен ақтық есеп айырысу үшін Қазақстандық қор биржасында 2019 жылдың 30 қаңтарында күн соңына дейін қосымша мамандандырылған сауда-саттық жүргізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Осылайша, бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде Компания жалпы сомасы 15 860 313 600 теңгеге 1  239 087 артықшылықты акцияны сатып алды.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 10-шы тамызында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2018 жылдың 13-ші тамызынан 16-шы қарашасына дейінгі кезеңде Қазақстандық қор биржасында мамандандырылған сауда-саттық әдісін қолдану арқылы көрсетілген мерзім ішінде айына екі рет бір акция үшін 12 800 теңге бағамен еркін айналымдағы  артықшылықты акцияларын қайта сатып алу бағдарламасын бекіткен болатын. ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 12 қарашадағы шешімімен ҚМГ БӨ артықшылықты акциясын қайта сатып алу мерзімі 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылған болатын.

Наверх