Баспасөз хабарламалары

06 қараша, 2014

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ  2014 жылдың алғашқы тоғыз айының қаржылық нәтижелері

Астана, 6 қараша 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан былай «ҚМГ БӨ», «Компания») 2014 жылдың 30-шы қыркүйегінде аяқталған тоғыз айға арналған қысқартылған, топтастырылған, аралық қаржылық есепті жариялайды.

  • 2014 жылдың алғашқы тоғыз айындағы кіріс 690,3 млрд. теңгені (3 870 млн. АҚШ долларын)[1], құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 14% артық. 2014 жылдың алғашқы тоғыз айындағы таза пайда 242,0 млрд. теңгені (1 357 млн. АҚШ долларын) құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 160% артық, мұндай көрсеткіш 2014 жылдың ақпан айында болған теңге девальвациясының нәтижесінде бағам айырмашылығынан түскен пайдаға байланысты.
  • Теңге бағамының айырмашылығынан түскен 107,7 млрд. теңге таза кірісті есептемегенде, 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында салық төлеуге дейінгі пайда 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53% өсті.
  • 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында өндірістік шығындар 144,6 млрд. теңгені (811 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15% жоғары, және өндірістік құрылымдардағы қызметкерлердің ақысын ұлғайтуға байланысты шығындардың көбеюімен түсіндіріледі.

Өндірістік көрсеткіштер

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерін есептегенде, 9 217 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сәл ғана кем.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 3 992 мың тонна (тәулігіне 108 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3% артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) жоспарға сәйкес 2 110 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға кем. Нәтижесінде ӨМГ мен ЕМГ жалпы өндіру көлемі 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артып, 6 102 мың тоннаны (тәулігіне 165 мың баррель) құрады.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында 3 115 мың тоннаны (тәулігіне 85 мың баррель) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегімен салыстырғанда 3,6%-ға кем.

Мұнайды сату

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында ӨМГ және ЕМГ мұнай сатылымының экспорттық көлемі 4 402 мың тоннаны (тәулігіне 117 мың баррель) немесе мұнай сатылымының жалпы көлемінің 74%-ын құрады. 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында ӨМГ және ЕМГ мұнайы мен мұнай өнімдерінің ішкі нарыққа жеткізілімдері 1 546 мың тоннаны (тәулігіне 41 мың баррель) құрады. Бұған қоса, қыркүйек айында 50 мың тонна мұнай Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы үкіметаралық келісім бойынша өзара жеткізу міндеттемелерін орындау шеңберінде Ресейге жөнелтілді. Компанияның есебі бойынша 2014 жылы ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа 1,9 млн. тонна мұнай жөнелтеді.

ҚМГ БӨ компаниясының CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының мұнай сатылымындағы үлесі компаниялардың жалпы сату көлемінің 49%-ын құрайтын экспортқа шығарылған 1 519 мың тоннаны (тәулігіне 43 мың баррель) қоса есептегенде, 3 089 мың тоннаны (тәулігіне 85 мың баррель) құрады.

Кезеңдегі таза пайда

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында таза пайда 242,0 млрд. теңгені ( 1 357 млн. АҚШ доллары) құрады, былтырғы жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 93,2 млрд. теңге (615 млн. АҚШ доллары) болған, бұл өсім теңге бағамының айырмашылығынан түскен пайдаға, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбас бағамы 18%-ға артуына байланысты экспортқа шығарылатын мұнайдың теңгемен санағандағы орташа бағасының өсуіне, және құнсыздану шығындарының артуына байланысты. 2014 жылдың бірінші тоқсанында Компания 2014 жылдың ақпан айында болған теңге девальвациясының нәтижесіндегі бағам айырмашылығынан түскен 108 млрд. теңге (637 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі кірісті мойындады. 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы 57 млрд. теңгемен ( 377 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 2014 жылдың алғашқы үш айында Компания «Өзенмұнайгаз» АҚ негізгі қаражаттарының құнсыздануы бойынша 27 млрд. теңге (154 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі шығысты мойындады.

Ақша түсімі

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында ақша түсімі 690,3 млрд. теңгені (3 870 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  14% артық. Теңгедегі ақша түсімінің өсуі 2014 жылдың ақпан айында болған теңге девальвациясының нәтижесінде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбас бағамы 18%-ға артуына байланысты экспортқа шығарылатын мұнайдың теңгемен санағандағы орташа бағасының өсуіне, экспортқа шығарылатын мұнайдың Каспий Құбыр Консорциуымының (КҚК) тиімдірек бағытымен жөнелтілуіне, және ішкі нарыққа жөнелтілетін мұнайдың бір тоннасының  бағасы 2013 жылдың алғашқы тоғыз айындағы 40 000 теңгеден 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында 48 000 теңгеге дейін өсуіне байланысты.

Кіріс салығынан басқа салықтар

Кіріс салығынан басқа салықтар 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% артып, 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында 269,8 млрд. теңгені (1 513 млн. АҚШ долары) құрады. Салықтың көбеюі экспорттық кеден салығының 2013 жылдың сәуір айында 40 АҚШ долларынан 60 АҚШ долларына, және 2014 жылдың сәуір айынан бастап 60 АҚШ долларынан 80 АҚШ долларына дейін артуына, және  2014 жылдың ақпан айында болған теңге девальвациясының нәтижесінде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбас бағамы 18%-ға артуына байланысты болды.

Өндірістік шығындар

Өндірістік шығындар 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында 144,6 млрд.теңгені (811 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артық, бұл негізінен өндірістік құрылымдардағы қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының артуымен түсіндіріледі.

Қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындары 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артты. Өсу негізінен 2014 жылдың қаңтар айынан бастап өндірістік жұмыскерлер айлық жалақысының 7%-ға индексациялануы, 2014 жылдың сәуір айынан бастап өндірістік қызметкерлерге қатысты Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесінің енгізілуіне, және теңге девальвациясына байланысты  2014 жылдың сәуір айынан бастап жалақының 10% артуына байланысты.

Сату шығындары және әкімшілік шығындар

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында сату шығындары және әкімшілік шығындар 75,4 млрд. теңгені (423 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық, бұл негізінен қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындары мен көлік шығындарының артуына байланысты, алайда бұл шығындар айыппұлдар мен өсімпұлдардың азаюымен жартылай теңгерілді. Көлік шығындары 14% өсті, оған себеп: «КазТрансОйл» АҚ (ҚТО) ішкі және экспорттық бағыттарға арналған тарифтерді қымбаттатуы және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамының өсуіне байланысты және мұнай көлемінің артуына байланысты Каспий Құбыр Консорциумы шығындарының артуы. КҚК бағыты бойынша тасымалдау тарифі АҚШ долларымен қайта номинацияланған. Ішкі бағыттардағы ҚТО тарифтері 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 50%, ал экспорттық бағыттар 2014 жылғы сәуір айынан бастап 20%-ға көтерілген.

Активтердің құнсыздануы

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2014 жылдың бірінші тоқсанында Компания басшылығы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өтелетін құнын бағалау бойынша шығыстарды 27 млрд.теңге (154 млн.АҚШ доллары) мөлшерінде мойындады. Құнсыздануға шығыстар негізінен қызметкерлерге сыйақы төлеу шығыстарының артуы мен 2014 жылдың сәуірінен бастап экспорттық кедендік салықтың 60 АҚШ долларынан 80 АҚШ долларына дейін артуына байланысты.

Бағам айырмашылығынан түскен кіріс

Бұған дейін хабарлағандай, 2014 жылдың ақпан айында болған девальвацияның салдарынан биылғы жылдың бірінші тоқсанында ақша бағамының айырмашылығынан түскен таза кіріс 108 млрд. теңгені (637 млн. АҚШ долларын) құрады.

2014 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ) теңге бағамын бұрынғы деңгейде ұстап тұрудан бас тартып, теңге бағамының қалыптасуына араласуды қысқартып, валюталық интервенция көлемін төмендету туралы шешім қабылдады. Ел экономикасы мен қаржы нарығының тұрақсыздануына жол бермеу үшін ҚР ҰБ теңгенің долларға қатысты бағамын 185 теңге плюс/ минус 3 теңге деген жаңа деңгейде бекітті және айырбас бағамынның қысқа мерзімді ауытқуын және күрт өзгерістерді болдырмау саясатын жалғастыратынын жариялады. 2014 жылдың қыркүйек айында ҚР ҰБ теңге бағамының АҚШ долларына қатысты ауытқу шеңберін кеңейтіп, плюс 3 теңге және минус 15 теңге деп бекітті.

Операциялық қызметтен ақша ағымдары

Операциялық қызметтен таза ақша ағымдары 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында 250,5 млрд. теңгені (1 404 млн. АҚШ доллары) құрады,  2013 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 88,1 млрд. теңге (581 млн. АҚШ доллары) болған. Бұл өзгеріс 2014 жылдың бірінші тоқсанында мойындалған бағам айырмашылығынан түскен кіріске, және экспортқа шығарылған мұнай бағасының орташа сату бағасының артуына байланысты.

Күрделі салымдар

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында күрделі салымдар[2]  92 млрд. теңгені (516 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп.

Ақша қаражаттары және займдар

2014 жылдың 30 қыркүйегінде ақша қаражаттары мен олардың баламаларының сомасы 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы 119 млрд. теңгемен (08 млрд. АҚШ доллары) салыстырғанда, 272 млрд. теңгені (1,5 млрд. АҚШ доллары) құрады.

2014 жылдың 30 қыркүйегіндегі басқа да қаржы активтерінің сомасы 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы 504 млрд. теңгемен (3,3 млрд. АҚШ доллары) салыстырғанда, 448 млрд. теңгені (2,5 млрд. АҚШ доллары) құрады.

2014 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ақша қаражаттары мен қаржы активтерінің 88%-ы шетел валютасында, ал 12%-ы теңге және басқа да шетелдік валютада қайта номинацияланды. Ақша қаражаттары мен қаржы активтері бойынша есептелген қаржылық кіріс 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында 16,0 млрд. теңгені (90 млн. АҚШ доллары) құрады.

2014 жылдың 30 қыркүйегінде займдардың сомасы 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы 6,8 млрд. теңгемен (44 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 7,5 млрд. теңгені (41 млн. АҚШ доллары) құрады.

Таза ақша қаражаттарының сомасы[3]  2013 жылдың 31 желтоқсанындағы 616 млрд.теңгемен (4,0 млрд.АҚШ доллары) салыстырғанда, 2014 жылдың 30 қыркүйегінде 713 млрд. теңгені (3,9 млрд. АҚШ доллары) құрады.

Стратегиялық сатып алулардан түскен кіріс

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында қауымдасқан компаниялардағы және бірлескен кәсіпорындардағы үлестерден түскен кіріс, 2013 жылдың сәйкес кезеңінде алынған 39 млрд. теңгемен (259 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 49 млрд. теңгені (273 млн. АҚШ доллары) құрады.

Қазгермұнай

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚМГ БӨ ҚГМ компаниясындағы үлесінен 30,5 млрд. теңге (171 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті есебіне енгізді. Аталған сома ҚГМ таза пайдасындағы Компанияның 33,2 млрд. теңге (186 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі 50% үлесін көрсетеді,  бұл сома 2,7 млрд. теңге (15 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кейінге шегерілген салық бойынша тиісінше үнемдеу және лицензияның әділ құнына амортизация әсерін алып тастағанда шығады.

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚГМ таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға кеміді, бұл негізінен, экспортқа жөнелтілетін мұнай көлемінің ішкі нарыққа қайта бөлінуі  және экспорттық кедендік баж салығының 2013 жылдың сәуір айында 40 АҚШ долларынан 60 АҚШ долларына дейін артуы, ал 2014 жылдың сәуір айында 60 АҚШ долларынан 80 АҚШ долларына дейін өсуіне байланысты.

2014 жылдың қазан айында ҚГМ серіктестері 2014 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижесі бойынша 200 млн. АҚШ долларын дивиденд ретінде таратып беру туралы шешім қабылдады, оның 100 млн. АҚШ доллары ҚМГ БӨ үлесіне тиесілі.

ПетроҚазақстан Инк.

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚМГ БӨ ПҚИ компаниясындағы өзінің үлесінен 21,1 млрд. теңге (118 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті есебінде көрсетті. Аталған сома ПҚИ-дің таза пайдасындағы Компанияның 25,3 млрд. теңге (142 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі 33% үлесінен 4,2 млрд. теңге (23 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде лицензия әділ құнына амортизация әсерін алып тастағанда шығады.

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында ПҚИ таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артты. Таза пайданың артуы 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша шығындардың азаюына және ескіру және амортизация шығындарының кемуіне байланысты. Алайда, бұл экспортқа жөнелтілетін мұнай көлемінің ішкі нарыққа қайта бөлінуі  және экспорттық кедендік баж салығының 2013 жылдың сәуір айында 40 АҚШ долларынан 60 АҚШ долларына дейін артуы, ал 2014 жылдың сәуір айында 60 АҚШ долларынан 80 АҚШ долларына дейін өсуіне байланысты пайданың азаюымен теңгерілді.

CCEL

Компания 2014 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша өзінің балансында 20,3 млрд. теңгені (112 млн. АҚШ долларын) қытайлық CITIC Resources Holdings Limited компаниясымен бірлесіп бақыланатын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті. 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚМГ БӨ 26,87 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ССЕL компаниясынан алынатын жылдық басымдықты кірістің бір бөлігін білдіретін 2,3 млрд. теңге (13 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі пайыздық кірісті есептеді.

Салық және экологиялық тексерулер

2014 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салық және экологиялық тексерістердің нәтижесінде Компанияға қойылған бірнеше талап бар. Нақты ақпарат 2014 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған тоғыз айға арналған қысқартылған, топтастырылған, аралық қаржы есебінде көрсетілген.

2006-2008 Салық аудиті. 2013-2014 жылдары Компания салық органдары талап еткен қосымша салық көлемінің 16,9 млрд. теңгеден (92 млн. АҚШ доллары) 12,1 млрд. теңгеге (68 млн. АҚШ доллары) дейін азаюына қол жеткізді. Қазіргі күні Компания салық тексерістерінің нәтижелерін даулауды жалғастыруда. 2014 жылдың тамыз айында Компания Астана қаласының кассациялық сот коллегиясына шағымданды. 2014 жылдың қазан айында кассациялық коллегияның шешімімен шағым кері қайтарылды. Компания бұл шешім бойынша ҚР Жоғарғы сотына шағымдануды жоспарлап отыр. 2014 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салық бойынша резерв 12,1 млрд. теңгені ( 68 млн. АҚШ доллары) құрады.

ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз (ПККР) салық аудиті. ПККР-дің (ПҚИ-дің 100% еншілес компаниясы) 2009-2012 жылдардағы қызметі бойынша кешенді салық тексерісінің нәтижесінде салық органдары 10,0 млрд. теңге (56 млн. АҚШ доллары) көлемінде қосымша салық төлеуді талап етті. ПККР салық тексерісінің нәтижелерімен келіспейді, және Қаржы министрлігі Салық комитетіне шағымданды. 2014 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша қаржы есебінде бұл мәселе бойынша төлемдер есепке алынған жоқ.

ПККР 19,4 млрд. теңге (106 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі қоршаған ортаны ластау жөніндегі хабарламаны (айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоса есептегенде) аппеляцияға шағымдануды жалғастыруда. 2014 жылдың шілде-тамыз айларында ПККР қоршаған ортаны ластау бойынша талап етілген айыппұлды түгелдей төледі. 2014 жылдың қыркүйек айында ПККР Қызылорда қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың кассациялық коллегиясына шағым түсірді. Шағым қазір қаралуда.

ПҚИ басшылығы бұл істің компания пайдасына шешілмеуі мүмкін деген есеппен 19,4 млрд. теңге (106 млн. АҚШ доллары) қаражатты (ҚМГ БӨ 33% үлесі 6,4 млрд. теңгені (35 млн. АҚШ доллары) құрады) өзінің 2013 жылғы топтастырылған қаржылық есебінде шығыс ретінде көрсетті. 

***

2014 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған мерзімге арналған, тоғыз ай үшін қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есеп, сондай-ақ қаржылық жағдайдың талдауы мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелері Компанияның веб-сайтында (www.kmgep.kz) жарияланады.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.



[1] Сомалар АҚШ долларына тек оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін аударылған. Жиынтық кірістер туралы топтастырылған есеп пен ақша қаражатының қозғалысы туралы жиынтық есеп үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы (2014 жылдың тоғыз айындағы және 2013 жылдың тоғыз айындағы орташа бағамдар тиісінше 178,35 және 151,58 теңге/ АҚШ долл.; 2014 жылдың 30 қыркүйегіндегі және 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы орташа бағамдар тиісінше 181,90 және 153,61 теңге/ АҚШ долларын құрады).

[2] Компания  күрделі салымдарды есептеу тәсілін өзгертті. 2013 жылдың 4 тоқсанынан бастап күрделі салымдар негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтер ретінде көрсетіледі. Бұған дейін олар негізгі қаражаттар қозғалысына сәйкес негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтердің сатып алынуы ретінде көрсетілетін.

[3] Есепті кезеңің соңындағы жағдай бойынша займдар сомасын алып тастағандағы  ақша қаражаттары, олардың баламалары мен басқа да қаржы активтері ретінде есептелінеді.

KMG EP 9M 2014 Financial Results_kz.pdf«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2014 жылдың алғашқы тоғыз айының қаржылық нәтижелері (489 Кб) Көшіріп алу
Наверх