Баспасөз хабарламалары

25 қараша, 2014

ҚМГ БӨ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы хабарлайды

Астана, 25 қараша 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ ҰК) сұранысы бойынша 2015 жылдың 13 қаңтарында төмендегі күнтәртібіне сәйкес Компания Акционерлерінің Кезектен тыс Жалпы Жиналысын өткізетінін хабарлайды:

  1. Данияр Берлібаевтың (ҚМГ ҰК Басқарма төрағасының корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары) ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі – Директорлар кеңесінің төрағасы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  2. Кристофер Хопкинсонды ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы. Кристофер Хопкинсонның кандидатурасын ҚМГ БӨ-нің мажоритарлық акционері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұсынған. Хопкинсон мырза ҚМГ ҰК Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады. Егер АКЖЖ мақұлдаса, Хопкинсон ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы позициясына ұсынылады.

АКЖЖ туралы мәліметті 2014 жылдың 2 желтоқсанынан бастап ҚМГ БӨ ресми сайтынан алуға болады: www.kmgep.kz/rus/investor_relations/shareholder_meetings/.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты./

Кристофер Хопкинсон  - мұнай-газ өнеркәсібінде мол тәжірибесі бар маман, қазіргі күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады. ҚМГ компаниясына дейін ол International Petroleum компаниясының Бас директоры,  Imperial Energy компаниясының Бас директоры және BG Тобының Солтүстік Африка активтері бойынша бірінші вице-президенті қызметтерін атқарған. Оған дейін Shell компаниясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Кристофер Хопкинсон Сент-Эндрюс университетінде физика мамандығын бойынша білім алған.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

ҚМГ БӨ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы хабарлайды (155 Кб) Көшіріп алу
Наверх