Баспасөз хабарламалары

10 желтоқсан, 2014

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2015 жылдың бюджетін бекітті

Астана, 10 желтоқсан 2014 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2014 жылдың 8 желтоқсан күні Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2015 жылдың бюджетін Brent маркалы мұнайдың барреліне белгіленген 70 АҚШ доллары көлеміндегі бағаны ескере отырып бекітті.

2015 жылға жоспарланған өндіру көлемі «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) бойынша 5,4 млн. тонна (тәулігіне 109 мың барр.), ал «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) бойынша 2,8 млн. тонна (тәулігіне 57 мың барр.) құрайды. 2015 жылдағы ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 8,2 млн. тонна (тәулігіне 166 мың барр.) құрайды, бұл 2014 жылға жоспарланған көлемнен 1 пайызға артық.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларының жоспарланған мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 2015 жылы 4,0 млн. тонна (тәулігіне 81 мың барр.) құрайды, бұл ПҚИ компаниясындағы өндіру көлемінің табиғи төмендеуіне байланысты 2014 жылдағы жоспардан 3 пайызға кем.

Компания 2015 жылы ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа – Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) мен Павлодар мұнайхимия зауытына (ПМХЗ) мұнай жеткізу жөніндегі міндеттемелері 3,0 млн. тонна (тәулігіне 59 мың барр.) көлемінде болады деп болжап отыр. Оған қосымша 100 мың тонна мұнай Компанияның қажеттіліктері үшін АМӨЗ-де қайта өңделеді. ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларының 2015 жылға жоспарланған ішкі нарыққа мұнай жеткізілімдеріндегі ҚМГ БӨ үлесі 2,2 млн. тонна (тәулігіне 45 мың барр.) құрайды, бұл аталған компаниялардың жалпы сату көлемінің шамамен 55 пайызын құрайды.

Қазіргі таңда Компания 2015 жылы Ресейге мұнай жеткізу кестесін алмағандықтан, Ресейге жеткізілімдер 2015 жылдың бюджетінде көрсетілмеді.

2015 жылы күрделі салымдар 115 млрд. теңге (621 млн. АҚШ доллары[1]) мөлшерінде жоспарланып отыр, бұл былтыр бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес 2015 жылға жоспарланған шығыннан 14 пайызға кем. Шығындарды қысқарту өндіріс көлеміне әсер етпейтін инвестицияларды азайту, инфрақұрылымдық жобаларға кететін шығындарды азайту, сондай-ақ жаңғырту бағдарламасының кейбір ұзақмерзімді жобаларын жүзеге асыруды кейінге қалдыру есебінен жоспарланып отыр.

Анықтама
ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 



[1] Оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін соммалар АҚШ долларына ауыстырылды, бюджеттік бағамы бойынша 185 теңге/ АҚШ долл.).

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2015 жылдың бюджетін бекітті (262 Кб) Көшіріп алу
Наверх