Баспасөз хабарламалары

12 желтоқсан, 2014

ҚМГ БӨ Ақсай мұнай-газ кен орнының қолданысқа берілгенін хабарлайды

Астана, 12  желтоқсан 2014 г. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) Ақсай мұнай-газ кен орнының қолданысқа берілгені туралы хабарлайды, бұл кен орнын игеру лицензиясына ҚМГ БӨ-нің Қызылорда облысындағы бірлескен компаниясы «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС (ҚГМ) ие.

«Ақсай кен-орнының қолданысқа берілуі «ҚазГерМұнай» компаниясының мұнай өндірісі көлемін қазіргі деңгейде тұрақтандырады,-деді ашылу салтанатында ҚМГ БӨ Бас директоры Абат Нұрсейітов. – Бұған қоса, газдың қосымша көлемі компанияға Қызылорда қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.»

Miller and Lents, Ltd. тәуелсіз компаниясының есебіне сәйкес, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Ақсай кен орнындағы  2Р санатты мұнай қоры 1,5 млн. тонна, газ қоры -  1 626 млн. текше метр. 2015 жылы Ақсай кен орнынан 114,5 (тәулігіне 2,4 мың баррель) мың тонна мұнай мен 70 млн. текше метр газ өндіру межеленген. Жоспар бойынша өндірілген мұнай ҚГМ компаниясының қазіргі бағыттары бойынша сатылады, ал газ мемлекет белгілеген баға бойынша ішкі нарыққа жөнелтіледі.

«Ақсай кен орнын игеру» жобасына салынатын инвестиция көлемі 9,6 млрд. теңге (шамамен 53 млн. АҚШ доллары). Болашақта ұңғымаларды салуға қосымша инвестициялар салынады деп күтілуде.

Анықтама
ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.
Ақсай құрылымы 1980-ші жылдары табылған. 2002 және 2006 жылдар аралығында кен орны сынақ ретінде игерілген. 2011 жылы газ қорларын қосымша барлау жұмыстары аяқталған соң, Ақсай – мұнай жиектері бар газ кен орны екені анықталды. Ол Ақшабұлақ кен орнынан 25 шақырым батысқа қарай орналасқан және 296 шаршы шақырым жерді алып жатыр. ҚМГ БӨ  «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС компаниясының 50% үлесін 2007 жылы сатып алған. 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС 2Р санатындағы мұнай қорлары 25,9 млн. тоннаны құрайды. 

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

ҚМГ БӨ Ақсай мұнай-газ кен орнының қолданысқа берілгенін хабарлайды (153 Кб) Көшіріп алу
Наверх