Баспасөз хабарламалары

21 қаңтар, 2015

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Астана, 21 қаңтар 2015 ж. 2015 жылдың 20 қаңтарында «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») директорлар кеңесінің кезектен тыс жиналысы өтті. 

Жиналыс барысында ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы және ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің тағайындаулар жөніндегі комитетінің төрағасы болып «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (ҚМГ ҰК) басқарма төрағасының бірінші орынбасары Кристофер Саймон Хопкинсон сайланды.

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің өкілеттігі 2015 жылдың 13-ші сәуірінде аяқталады.

Анықтама

2015 жылдың 21-шы қаңтарындағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің құрамы:

Кристофер Хопкинсон – ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚМГ ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары
Абат Нұрсейітов –ҚМГ БӨ бас директоры, басқарма төрағасы
Тимур Бимағамбетов – ҚМГ ҰК басқарма төрағасының теңіз жобалары және жекелеген мұнай-сервистік жобалар жөніндегі орынбасары
Әсия Сырғабекова – ҚМГ ҰК инвестициялар мен тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директоры
Ержан Жанғаулов – ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры
Филип Дэйер – тәуелсіз директор
Эдвард Уолш – тәуелсіз директор
Аластэр Фергюсон – тәуелсіз директор

ҚМГ БӨ директорлар кеңесі тағайындаулар жөніндегі комитетінің 2015 жылдың 21 қаңтарындағы жағдай бойынша құрамы:

Кристофер Хопкинсон – тағайындаулар жөніндегі комитеттің төрағасы
Эдвард Уолш – тағайындаулар жөніндегі комитеттің мүшесі
Филипп Дэйер - тағайындаулар жөніндегі комитеттің мүшесі

К. Хопкинсон мұнай-газ саласында 1980 жылдан бері жұмыс істейді. ҚМГ ҰК-ға дейін International Petroleum компаниясының бас директоры, Imperial Energy компаниясының бас директоры және BG тобында  Солтүстік Африкадағы активтер бойынша вице-президент қызметтерін атқарған. Оған дейін Shell және TNK-BP компанияларында түрлі қызметтерде болған. Сэнт-Эндрюс университетінде физика мамандығы бойынша білім алған.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды (212 Кб) Көшіріп алу
Наверх