Баспасөз хабарламалары

27 қаңтар, 2015

ҚМГ БӨ 2014 жылдың операциялық нәтижелерін жариялайды

Астана, 27 қаңтар 2015 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2014 жылдың операциялық нәтижелерін жариялайды.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL) және «ПетроҚазақстан.Инк» компанияларындағы үлестерін есепке алғанда ҚМГ БӨ 2014 жылы 12 328 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 60 мың тоннаға (1% төмен) кем.

«Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ)   5 328  мың тонна (тәулігіне 107 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2% артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ)  2 823 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдағыдан сәл төмен.  Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 8 151  мың тоннаны құрады  (тәулігіне 164 мың баррель), бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1% көп.

2014 жылы ӨМГ және ЕМГ мұнайын сатудың экспорттық көлемі 5 571 мың тоннаны (тәулігіне 110 мың баррель) немесе мұнайды сату жалпы көлемінің 69% құрады. Ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 967 мың тоннаны (тәулігіне 39 мың баррель) немесе жалпы мұнай сатылымы көлемінің 25% құрады. Бұған қоса, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісіміне сәйкес, қыркүйек айынан бастап 2014 жылдың аяғына дейін Ресейге өзара мұнай жеткізу шарттары бойынша 447 мың тонна мұнай (тәулігіне 9 мың баррель) жөнелтілді. Ресей Федерациясына жөнелтілетін мұнай көлемін ҚР Энергетика министрлігі белгілейді. Әзірге Компания 2015 жылға арналған Ресейге мұнай жөнелту кестесін алған жоқ.

Бірлескен кәсіпорындар және қауымдасқан компания

2014 жылы CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі ҚМГ БӨ үлесі 4 177 мың тоннаны (тәулігіне 85 мың баррель) құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда  4% кем, бұл табиғи қордың  сарқылуына байланысты ПҚИ өндіріс көлемінің 8%, ҚГМ өндіріс көлемінің 3% төмендеуі есебінен. 

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі  4 167 мың тонна мұнайды (тәулігіне 85 мың баррель) құрады, оның 1 944  мың тоннасы (тәулігіне 40 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл – компаниялардың жалпы сату көлемінің 47%-ын құрайды.

Анықтама

ҚМГ БӨ 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2014 жылы 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:  

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

ҚМГ БӨ 2014 жылдың операциялық нәтижелерін жариялайды (256 Кб) Көшіріп алу
Наверх