Баспасөз хабарламалары

15 сәуір, 2015

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

Астана, 15 сәуір 2015 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2015 жылдың 13 сәуірінде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізді, аталған жиналыста ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2016 жылдың 13 сәуіріне дейін жалғасатын жаңа құрамы сайланды. Акционерлер жиналысының шешімі бойынша «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ («ҚМГ ҰК») атынан ҚМГ БӨ директорлар кеңесіне Бимағамбетов Тимур Мустахиұлының орнына ҚМГ ҰК операциялық және өндіруші активтер бойынша басқарушы директоры Кёртвуд Хиллман енді.

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің 2015 жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша құрамы:

  • Кристофер Хопкинсон – ҚМГ ҰК өкілі, ҚМГ ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары – ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Кёртвуд Хиллман – ҚМГ ҰК өкілі, ҚМГ ҰК операциялық және өндіруші активтері бойынша басқарушы директоры;
  • Әсия Сырғабекова – ҚМГ ҰК инвестициялар мен тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
  • Ержан Жанғауылов – ҚМГ ҰК өкілі, ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры;
  • Абат Нұрсейітов – ҚМГ БӨ бас директоры (басқарма төрағасы);
  • Филипп Дэйер – тәуелсіз директор;
  • Эдвард Уолш – тәуелсіз директор;
  • Аластэр Фергюсон – тәуелсіз директор.

Сол күні өткен директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысы барысында ҚМГ ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Кристофер Хопкинсон ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы және директорлар кеңесі тағайындау комитетінің мүшесі болып қайта сайланды.

Сол күні ҚМГ БӨ директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстары өтіп, ҚМГ БӨ директорлар кеңесі комитеттерінің төрағалары сайланды.

ҚМГ БӨ директорлар кеңесі аудит жөніндегі комитетінің құрамы:

Филип Дэйер – комитет төрағасы
Аластэр Фергюсон – комитет мүшесі
Эдвард Уолш – комитет мүшесі

ҚМГ БӨ директорлар кеңесі тағайындаулар жөніндегі комитетінің құрамы:

Эдвард Уолш – комитет төрағасы
Кристофер Хопкинсон – комитет мүшесі
Филипп Дэйер – комитет мүшесі

ҚМГ БӨ директорлар кеңесі сыйақылар жөніндегі комитетінің құрамы:

Аластэр Фергюсон – комитет төрағасы
Филип Дэйер – комитет мүшесі
Эдвард Уолш – комитет мүшесі

ҚМГ БӨ директорлар кеңесі стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің құрамы:

Эдвард Уолш – комитет төрағасы
Кёртвуд Хиллман –  комитет мүшесі
Абат Нұрсейітов – комитет мүшесі
Аластэр Фергюсон – комитет мүшесі
Филип Дэйер – комитет мүшесі

Анықтама

Кёртвуд  Хиллман – 2014 жылдан бері ҚМГ ҰК операциялық және өндіруші активтер бойынша басқарушы директоры болып қызмет етеді. Солтүстік Дакота университетін инженерлік геология мамандығы бойынша тәмамдаған. Texas Inc.  және HESS Corporation компанияларының жоғарғы басқармасында Еуропа, Африка, Евразия және Солтүстік Америкада түрлі қызметтер атқарған.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2014 жылы 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, оның 132 млн. тоннасы (981 млн баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды (265 Кб) Көшіріп алу
Наверх