Баспасөз хабарламалары

20 мамыр, 2015

ҚМГ БӨ акционерлердің жылдық жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің мәжілісін өткізді

Астана, 20 мамыр 2015 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2015 жылдың 19 мамырында директорлар кеңесінің кезекті мәжілісі мен акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізді.

2015 жылдың бюджетін түзету

Директорлар кеңесі 2015 жылдың бюджетіне енгізілген түзетулер мен 2015-2019 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекітті.

Өндіріс

2015 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (ӨМГ) жоспарланған өндіру көлемі 5 478 мың тоннаны (тәулігіне 110 мың баррель) құрайды, бұл бұған дейін бекітілген өндіру жоспарынан 123 мың тоннаға, немесе 2%-ға артық. ӨМГ-де өндіріс жоспарының артуы жыл басынан бері ӨМГ кен орындарында өндіруші ұңғымалардың жоспардан тыс енгізілуіне және 38 қосымша ұңғыма бұрғылау жоспарлануына байланысты. 38 жаңа ұңғыма 74 мың тонна қосымша мұнай өндіруге септігін тигізеді деп күтілуде.

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) өндіріс жоспары өзгеріссіз қалды және 2 800 мың тоннаны (тәулігіне 56 мың баррель) құрайды.

Осылайша, ӨМГ мен ЕМГ компанияларының 2015 жылғы жалпы өндіру көлемі 8 278 мың тоннаны (тәулігіне 166 мың баррель) құрайды.  ӨМГ мен ЕМГ өндіріс көлемі 2016 жылы 8 182 мың тоннаны (тәулігіне 165 мың баррель), 2017 жылы 8 160 мың тоннаны (тәулігіне 164 мың баррель), 2018 жылы 8 193 мың тоннаны (тәулігіне 165 мың баррель), және 2019 жылы 8 203 мың тоннаны (тәулігіне 165 мың баррель) құрайды деп жоспарланған.

2015 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк. ( ПҚИ) компанияларында жоспарланған өндіріс көлеміндегі ҚМГ БӨ-нің үлесі бұған дейін бекітілген бюджетпен салыстырғанда өзгеріске ұшыраған жоқ және сәйкесінше 1 499 мың тонна (тәулігіне 32 мың баррель), 1 050 мың тонна (тәулігіне 19 мың баррель) және 1 439 мың тоннаны (тәулігіне 31 мың баррель) құрады.

Күрделі салымдар

2015 жылы күрделі салымдар 95 млрд. теңге (516 млн. АҚШ доллары[1]) көлемінде жоспарланған, бұл 2015 жылдың наурыз айында бекітілген күрделі салымдар көлеміне қарағанда 11 млрд. теңгеге (59 млн. АҚШ доллары) немесе 13% артық.

Инвестициялардың артуы негізінен ӨМГ-де қосымша 38 ұңғыма бұрғылауға байланысты. Осылайша, 2015 жылдың наурыз айында бекітілген жоспарда 179 ұңғыма бұрғылау қарастырылса, енді ӨМГ мен ЕМГ-де 2015 жылы 217 ұңғыма бұрғыланады деп жоспарланған.

Күрделі шығыстарды қазіргі бағалау 2016 жылы 113 млрд. теңгені (611 млн. АҚШ доллары), 2017 жылы 99 млрд. теңгені ( 533 млн. АҚШ доллары), 2018 жылы 98 млрд. теңгені (529 млн. АҚШ доллары) және 2019 жылы 97 млрд. теңгені (524 млн. АҚШ доллары) құрайды.

Ақша ағымы бойынша шығынға жол бермеу үшін бекітілген бизнес-жоспар кейбір мәселелерді қосымша пысықтауды талап етеді.

Ішкі нарыққа мұнай сату бағасы бойынша келіссөздер жалғасуда.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы

ҚМГ БӨ акционерлері Компанияның 2014 жылға арналған жылдық есебі мен топтастырылған қаржылық есебін бекітті.

Бұған қоса, таза пайданы бөлу тәртібі мен бір қарапайым және артықшылықты акцияға есептелінетін дивиденд мөлшері мақұлданды.

Акционерлердің шешімі бойынша, бір акцияға есептелінетін 2014 жылғы дивиденд (қарапайым және артықшылыққа ие акцияға) 440 теңгені құрайды (ҚР заңнамасы бойынша ұсталатын салықтарды есепке қосқанда). 2014 жылғы дивидендтердің жалпы сомасы 30 млрд. теңгені[2] (162 млн. АҚШ доллары[3]) құрайды.

Бір қарапайым акцияға есептелінетін дивиденд сомасы (қарапайым және артықшылықты акцияға) директорлар кеңесі шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша АҚШ долларымен бекітілген.

2014 жылдың нәтижесі бойынша Компания акционерлеріне жылдық дивиденд  2015 жылдың 1 маусымындағы сағат 23:59-дағы жағдай бойынша, акционерлер реестрінің негізінде, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап төленеді.

Анықтама

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2014 жылы 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, оның 132 млн. тоннасы (981 млн баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 


[1] Сомалар АҚШ долларында тек оқырманға ыңғайлы болуы үшін, 185 теңге/АҚШ доллары бағамы бойынша көрсетілген.

[2]2015 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша айналымдағы акциялар санының негізінде есептелінген.

[3] ҚҰБ-нің 2015 жылдың 7 сәуіріндегі ресми бағам бойынша есептелген.

ҚМГ БӨ акционерлердің жылдық жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің мәжілісін өткізді (213 Кб) Көшіріп алу
Наверх