Баспасөз хабарламалары

27 шілде, 2015

2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ҚМГ БӨ операциялық нәтижелері

Астана, 27 шілде 2015 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания», «ҚМГ БӨ») 2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы операциялық нәтижелерді жариялайды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, ҚМГ БӨ 2015 жылдың алғашқы алты айында 6 122 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,3%-ға артық.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2 722 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 95 мың тоннаға (тәулігіне 4 мың баррель) немесе 4%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 1 385 мың тонна (тәулігіне 56 мың баррель) өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сәл кем. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 4 107 мың тоннаны құрады (тәулігіне 167 мың баррель), бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2015 жылдың алғашқы алты айында 2 015  мың тоннаны (тәулігіне 83 мың баррель) құрады, бұл 2014 жылдың осындай кезеңіндегіден 3%-ға кем, және өндіру жоспарына сәйкес.

2015 жылдың алғашқы алты айында ӨМГ мен ЕМГ 4 162 мың тонна (тәулігіне 166 мың баррель) мұнай сатты. Есеп беріліп отырған кезеңде ӨМГ мен ЕМГ экспортқа мұнай сату көлемі 2 365 мың тоннаны (тәулігіне 94 мың баррель) құрады. Ішкі нарыққа 1 231 мың тонна (тәулігіне 49 мың баррель) мұнай мен мұнай өнімдері сатылды. Оның 1 101 мың тоннасы (тәулігіне 44 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына ӨМГ мен ЕМГ қорынан жөнелтілді, 96 мың тоннасы (тәулігіне 4 мың тонна) ЕМГ қорынан Павлодар мұнай-химия зауытына жөнелтіліп, 34 мың тонна мұнай өнімдері (тәулігіне 1,4 мың баррель) ішкі нарықта сатылды.

Бұған қоса, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісіміне сәйкес, өзара мұнай жеткізу шарттары бойынша Ресейге 566 мың тонна (тәулігіне 23 мың баррель) мұнай жөнелтілді. Ресей Федерациясына жіберілетін мұнай көлемін ҚР Энергетика министрлігі белгілейді. Компанияның пайымдауы бойынша, 2015 жылы ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа 2,3 млн. тонна ( тәулігіне 46 мың баррель) мұнай сатады.

ҚМГ БӨ-ге қарасты CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы сату үлесі компаниялардың жалпы сату көлемінің 45%-ын құрайтын, 889 мың тонна мұнайдың (тәулігіне 36 мың баррель) экспортқа жөнелтілгенін қоса алғанда, 1 977 мың тонна мұнайды (тәулігіне 81 мың баррель) құрады. Ішкі нарыққа 1 019 мың тонна (тәулігіне 43 мың баррель) мұнай жөнелтілді, оның 683 мың тоннасы ( тәулігіне 29 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына, 225 мың тоннасы ( тәулігіне 10 мың баррель) Шымкент мұнай өңдеу зауытына, 39 мың тоннасы ( тәулігіне 1 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына және 72 мың тоннасы (тәулігіне 3 мың баррель) Ақтау битум зауытына жіберілді. Ресейге өзара мұнай жеткізу шарттары бойынша 70 мың тонна ( тәулігіне 3 мың баррель) жөнелтілді.

Анықтама

ҚМГ БӨ 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2014 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, оның 132 млн. тоннасы (981 млн баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 

 

2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ҚМГ БӨ операциялық нәтижелері (203 Кб) Көшіріп алу
Наверх