Баспасөз хабарламалары

13 тамыз, 2015

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2015 жылдың алғашқы алты айындағы қаржылық нәтижелері

Астана, 13 тамыз 2015 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ  («ҚМГ БӨ», «Компания») 2015 жылдың 30 маусымында аяқталған алты айдағы қысқартылған аралық топтастырылған қаржылық есебін жариялайды.

•  2015 жылдың алғашқы алты айындағы таза пайда 2,9 млрд. теңгені (16 млн. АҚШ доллары)[1]  құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 210 млрд. теңге (1 193 млн. АҚШ доллары). Таза пайданың азаюы түсімнің кемуіне, және 2014 жылғы девальвацияға байланысты.

•  2015 жылдың алғашқы алты айындағы түсім 241 млрд. теңгені (1 302 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2014 жылдың осы кезеңіндегіден 48% төмен. Түсімнің азаюы Брент маркалы мұнай бағасының 47%-ға,  яғни, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы 108,9 АҚШ долларынан 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 57,8 АҚШ долларына дейін арзандауына, және ішкі нарыққа жөнелтілетін мұнай бағасының  52%-ға, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы 48 мың теңгеден 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 23 мың теңгеге дейін төмендеуіне байланысты.

•  2015 жылдың бірінші тоқсанында өндірістік шығындар 109 млрд. теңгені (589 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23% артық. Бұл негізінен Компанияда 2014 жылдың 1 сәуірінен бекітілген (Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін енгізу және 2014 жылғы девальвацияға байланысты жалақыны 10% арттыру) өндірістік кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысына жұмсалатын шығынның көбеюіне байланысты.

Өндірістік көрсеткіштер

«Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» («CCEL») және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, ҚМГ БӨ 2015 жылдың алғашқы алты айында 6 122 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңіндегіден  0,3%-ға артық.

 «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық, яғни 2 722 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) өндірді, бұл өндірістегі ұңғымалардың тиімділігін арттыруға бағытталып жүргізілген геология-техникалық жұмыстарға байланысты.  «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 1 385 мың тонна (тәулігіне 56 мың баррель) өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сәл кем. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 4 107 мың тоннаны құрады (тәулігіне 167 мың баррель), бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  2%-ға артық.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2015 жылдың алғашқы алты айында 2 015  мың тоннаны (тәулігіне 83 мың баррель) құрады, ПҚИ компаниясында өндіріс қарқынының табиғи себептермен 10%-ға бәсеңдеуіне байланысты бұл 2014 жылдың осындай кезеңіндегіден  3%-ға кем, және өндіру жоспарына сәйкес.

Мұнай мен мұнай өнімдерін сату

2015 жылдың бірінші жарты жылдығында ӨМГ мен ЕМГ экспортқа мұнай сату көлемі 2 365 мың тоннаны (тәулігіне 94 мың баррель) құрады, бұл жалпы мұнай сату көлемінің 57% құрайды. Ішкі нарыққа 1 231 мың тонна (тәулігіне 49 мың баррель) мұнай мен мұнай өнімдері сатылды. Оның 1 101 мың тоннасы (тәулігіне 44 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына ӨМГ мен ЕМГ қорынан жөнелтілді, 96 мың тоннасы (тәулігіне 4 мың тонна) ЕМГ қорынан Павлодар мұнай-химия зауытына жөнелтіліп, 34 мың тонна мұнай өнімдері (тәулігіне 1,4 мың баррель) сатылды. Бұған қоса, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісіміне сәйкес, өзара мұнай жеткізу шарттары бойынша Ресейге 566 мың тонна (тәулігіне 23 мың баррель) мұнай жөнелтілді.

ҚМГ БӨ-ге қарасты CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы сату үлесі компаниялардың жалпы сату көлемінің 45%-ын құрайтын, 889 мың тонна мұнайдың (тәулігіне 36 мың баррель) экспортқа жөнелтілгенін қоса алғанда, 1 977 мың тонна мұнайды (тәулігіне 81 мың баррель) құрады. Ішкі нарыққа 1 019 мың тонна (тәулігіне 43 мың баррель) мұнай жөнелтілді, оның 683 мың тоннасы ( тәулігіне 29 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына, 225 мың тоннасы ( тәулігіне 10 мың баррель) Шымкент мұнай өңдеу зауытына, 39 мың тоннасы ( тәулігіне 1 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына және 72 мың тоннасы (тәулігіне 3 мың баррель) Ақтау битум зауытына жіберілді. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметаралық келісіміне сәйкес, Ресейге өзара мұнай жеткізу шарттары бойынша 70 мың тонна ( тәулігіне 3 мың баррель) жөнелтілді.

Кезеңдегі таза пайда

2015 жылдың алғашқы алты айындағы таза пайда 2,9 млрд. теңгені (16 млн. АҚШ доллары) құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 210 млрд. теңге (1 193 млн. АҚШ доллары) болатын. 2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза пайданың азаюы түсімнің кемуіне, және бағам айырмашылығынан түсетін кірістің төмендеуіне байланысты.

Түсім

2015 жылдың алғашқы алты айындағы түсім 241 млрд. теңгені (1 302 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2014 жылдың осы кезеңіндегіден 48% төмен. Түсімнің азаюы Брент маркалы мұнай бағасының 47%-ға арзандауына, және ішкі нарыққа жөнелтілетін мұнай бағасының  52%-ға, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы  тоннасына 48 мың теңгеден 2015 жылдың сәйкес кезеңінде тоннасына 23 мың теңгеге дейін төмендеуіне байланысты. 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында ішкі нарыққа сату бағасы Атырау мұнай өңдеу зауытына 22,4 мың теңге, және Павлодар мұнай-химия зауытына 30,0 мың теңгені құрады.

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап ішкі нарыққа сатылатын мұнай бағасы өсіп, Атырау мұнай өңдеуі зауытына тоннасына 24,0 мың теңгені, Павлодар мұнай-химия зауытына тоннасына 32,0 мың теңгені құрады. Алайда, бұл бағаларды әлі тәуелсіз директорлар бекітуі тиіс.

Кіріс салығынан басқа салықтар

Кіріс салығынан басқа салықтар 2015 жылдың алғашқа алты айында 83 млрд. теңгені (446 млн.АҚШ доллары) құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54% төмен. 2014 жылмен салыстырғанда Брент маркалы мұнай бағасының 47%-ға арзандауы және экспортқа шығарылатын өнім көлемінің азаюына байланысты ренталық салық пен пайдалы қазбаларды өндіру салығы азайды. Экспорт  көлемінің азаюына байланысты экспорттық кедендік баж салығына шығындар кеміді. 2015 жылдың 19 наурыз күні экспорттық-кедендік баж салығы 80 АҚШ долларынан 60 АҚШ долларына дейін төмендеді. Бұған дейін, 2014 жылдың сәуір айында экспорттық кедендік баж салығы 60 АҚШ долларынан 80 АҚШ долларына дейін көтерілген болатын.

Өндірістік шығындар

2015 жылдың алғашқы алты айында өндірістік шығындар 109 млрд теңгені (589 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңіндегімен салыстырғанда 23% артық, және өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлеріне сыйақы төлеу шығындарының көбеюіне байланысты.

2015 жылдың алғашқы алты айында қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындары 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34%-ға артты. Шығындардың артуы 2015 жылдың қаңтар айында өндірістік қызметкерлер жалақысын 7%-ға индексациялауға, 2014 жылдың сәуір айынан бастап Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін енгізуге, және теңгенің девальвациясынан кейін 2014 жылдың сәуір айынан жалақыны 10%-ға арттыруға, және 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап көмекші өндірістік қызметкерлерге өндірістік сыйақыларды 25%-дан 33%-ға көбейтуге байланысты.

Сату шығындары және әкімшілік шығандар

Сату шығындары және әкімшілік шығындар 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 53 млрд теңгені (289 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% артық. Бұл қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының артуы мен экспорт көлемінің азаюымен жартылай теңгерілген айыппұлдар және өсімпұлдардың көбеюіне байланысты. 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 2009-2012 жылдарға арналған салық тексерісінің алдын-ала нәтижелеріне сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша қосымша төлемдер төленді.

Операциялық қызметтен ақша ағымдары

2015 жылдың алғашқы алты айында операциялық қызметтен таза ақша ағымдары 0,1 млрд теңгені ( 1 млн. АҚШ доллары) құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңінде 149 млрд теңге (844 млн. АҚШ доллары) болатын. Бұл 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы түсімнің азаюына байланысты.

Күрделі салымдар

2015 жылдың алғашқы алты айында күрделі салымдар[2]  56 млрд теңгені (301 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% кем, және эксплуатациялық бұрғылау көлемінің артуымен жартылай теңгерілген өндірістік қуатты қалыпта ұстап тұруға бағытталған күрделі салымдардың азаюына байланысты. 2014 жылдың сәйкес кезеңіндегі 154 ұңғымамен салыстырғанда, 2015 жылдың алғашқы алты айында ӨМГ мен ЕМГ кен орындарында 162 ұңғыма бұрғыланды.

Қазіргі уақытта Компания басшылығы ықшамдау бағдарламасын бекітудің ақтық кезеңінде, оның шеңберінде қысқа мерзімде қол жеткізуге болатын нақты өндірістік және қаржылық көрсеткіштер анықталады.

Ақша қаражаттары мен займдар

2015 жылдың  30 маусымында ақша қаражаттары мен олардың баламаларының сомасы 2014 жылдың 31 желтоқсанындағы 180 млрд. теңгемен (1,0 млрд. АҚШ доллары) салыстырғанда, 183 млрд. теңгені  (1,0 млрд. АҚШ доллары) құрады. 2015 жылдың 30 маусымындағы басқа да қаржы активтерінің сомасы 2014 жылдың 31 желтоқсанындағы 554 млрд. теңгемен (3,0 млрд. АҚШ доллары) салыстырғанда, 526 млрд. теңгені (2,8 млрд. АҚШ доллары) құрады.

2015 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша ақша қаражаттары мен қаржы активтерінің 91%-ы шетел валютасында, ал 9%-ы теңгеде қайта номинацияланды. Ақша қаражаттары мен қаржы активтері бойынша есептелген қаржылық кіріс 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы 11 млрд теңгемен (63 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 2015 жылдың алғашқы алты айында 12 млрд. теңгені (63 млн. АҚШ доллары) құрады.

2015 жылдың 30 маусымы күнгі Компания займдарының сомасы 2014 жылдың 31 желтоқсаны күнгі жағдай бойынша 7,2 млрд. теңгемен (40 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 6,9 млрд. теңгені (37 млн. АҚШ доллары) құрады.

Таза ақша қаражаттарының сомасы[3]  2014 жылдың 31 желтоқсанындағы 727 млрд. теңгеге (4,0 млрд. АҚШ доллары) қарағанда, 2015 жылдың 30 маусымында 702 млрд. теңгені (3,8 млрд. АҚШ доллары) құрады.

Провизиялар

2015 жылдың алғашқы алты айында Компания 16,7 млрд теңге көлемінде 2009-2012 жылдардағы аудитке жататын салық провизияларын төледі. Бұл сумма корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы және басқа да айыппұлдар мен өсімпұлдардан құралады.

Қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардағы үлес

2015 жылдың алғашқы алты айында қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардан түскен кіріс 2 млрд теңгені (10 млн АҚШ доллары) құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 38 млрд теңге (218 млн АҚШ доллары) болатын.

Қазгермұнай

2015 жылдың алғашқы алты айында ҚМГ БӨ Қазгермұнай компаниясындағы үлесінен 8 млрд. теңге (43 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті есебіне енгізді. Аталған сома Қазгермұнайдың таза пайдасындағы Компанияның 7,3 млрд. теңге (39 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі 50% үлесін көрсетеді және лицензиялардың әділ құны амортизациясының ықпалы мен кейінге шегерілген табыс салығын алып тастағанда, сонымен қатар 0,7 млрд теңге (4 млн АҚШ доллары) көлеміндегі кейінге шегерілген салықты есептейтін кіріс салығы ставкасының өзгеруін есепке алғанда шығады. 

2015 жылдың алғашқы алты айында ҚГМ таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73% төмендеді, бұл Брент маркалы мұнай бағасының 47%-ға арзандауына, және экспортқа сатылатын шикізат көлемінің 15%-ға азаюына байланысты.

2015 жылдың алғашқы алты айында ҚМГ БӨ 25 млн. АҚШ долларын ҚГМ компаниясынан дивиденд ретінде алды.

ПетроҚазақстан Инк.

2015 жылдың алғашқы алты айында ҚМГ БӨ ПҚИ компаниясындағы өзінің үлесінен 5,2 млрд. теңге (28 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі шығынды есепке енгізді. Аталған сома ПҚИ-дің таза шығынындағы Компанияның 2,2 млрд. теңге (12 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі 33% үлесінен 3,0 млрд. теңге (16 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі активтердің баланстық құнының сатып алу бағасының артуына амортизация тиімділігі сомасын алып тастағанда шығады.

2015 жылдың алғашқы алты айында ПҚИ компаниясының АҚШ долларындағы таза шығыны өткен жылдың сәйкес кезеңдегі 349 млн АҚШ доллары көлеміндегі таза пайдамен салыстырғанда 36 млн АҚШ долларын құрады. Бұл сату көлемінің 26%-ға кемуіне, Брент маркалы мұнай мен ішкі нарық бағаларының арзандауына байланысты.

CCEL

Компания 2015 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша өзінің балансында 20,2 млрд. теңгені (108 млн. АҚШ долларын) қытайлық CITIC Group компаниясымен бірлесіп бақылайтын кәсіпорын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті. 2015 жылдың алғашқы алты айында ҚМГ БӨ 26,87 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ССЕL компаниясынан алынатын жылдық басымдықты кірістің бір бөлігін білдіретін 1,3 млрд. теңге (7,3 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі пайыздық кірісті есептеді.

Салықтық және экологиялық тексерулер

2015 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша Компанияға салықтық және экологиялық тексерулер нәтижесінде табысталған бірнеше талап болған. Нақты ақпарат 2015 жылдың 30 маусымында аяқталған алты айдың қысқартылған топтастырылған аралық есебінде берілген.

Қайтарылатын қосымша құн салығы. 2015 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша 2012 жылы ӨМГ мен ЕМГ активтерін сатуға байланысты қайтарылатын қосымша құн салығы 46,6 млрд теңгені құрайды. Салық органдары бірнеше тексеріс өткізіп, бұл соманы Компанияға қайтарылатын қаражат деп мойындаудан бас тартқан. Компания салық органдарының артық төленген қосымша құн салығының айырмасын қайтаруға байланысты салық заңнамасын қолдануымен келіспей, сотқа шағымданды.

ӨМГ шағымы бойынша Маңғыстау облысының бірінші инстанциялық соты, аппеляциялық және кассациялық соттары оң шешім қабылдаған. Сот үкімдерін салық органдары орындаған жоқ. 2015 жылдың 28 шілдесінде салық органдары бірінші инстанциялық соттың шешіміне шағымданып Жоғарғы сотқа арызданды.

ЕМГ шағымын 2015 жылдың 29 қаңтарында Атырау облыстық ауданаралық экономикалық арнайы соты толықтай кері қайтарды. 2015 жылдың 31 шілдесінде ЕМГ Кассациялық Коллегияға шағымданды.

Компания басшылығы екі жағдайда да мәселе Компанияның пайдасына шешіледі деп есептейді, және ешқандай қорды есептемеуді жөн көрді. Қосымша құн салығының қайтарылу мерзімі белгісіз болғандықтан, бұл сома ұзақ мерзімді активтерге жатқызылды да,  7,93% ставкасы бойынша дисконтталды. 

***

2015 жылдың 30 маусымында аяқталған алты айдың  қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есебі, сондай-ақ қаржылық жағдайдың талдауы мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелері Компанияның Интернет-сайтында (www.kmgep.kz) жарияланады.

 

Анықтама

ҚМГ БӨ 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2014 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, оның 132 млн. тоннасы (981 млн баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.



[1] Сомалар АҚШ долларына тек оқырмандарға ыңғайлы болуы ескеріліп, жиынтық есептер мен ақша қаражатының қозғалысы туралы жиынтық есептер үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы (2015 жылдың 1жартыжылдығы 185,22 теңге/ АҚШ долл., 2014 жылдың 1 жартыжылдығында 176,23 теңге/АҚШ долл, кезең соңында бағам: 2015 ж.30 маусымында 186,20 тенге/АҚШ долл., 2014 ж. 31 желтоқсанында 182,35 тенге/АҚШ долл.) бойынша және жиынтық кезеңнің соңындағы бағам бойынша ауыстырылды).

[2] Компания күрделі салымдарды есептеу тәсілін өзгертті. 2013 жылдың 4 тоқсанынан бастап күрделі салымдар енгізгі құралдар мен материалдық емес активтерді түсімі ретінде көрсетілген. Бұған дейін олар ақша қаражаттарының қозғалысы есебіне сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу ретінде көрсетілетін.

[3] Есептегі кезеңнің соңында займ сомасын алып тастағанда ақша қаражаттары, олардың баламалары мен басқа қаржы активтерінің сомасы ретінде есептеледі.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2015 жылдың алғашқы алты айындағы қаржылық нәтижелері (352 Кб) Көшіріп алу
Наверх