Баспасөз хабарламалары

26 мамыр, 2016

2016 жылдың сәуіріндегі ішкі нарыққа жеткізілімдер 

Астана, 26 мамыр 2016 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) ҚМГ БӨ  дербес мұнай процессингі схемасына өткен алғашқы ай, 2016 жылдың сәуіріндегі ішкі нарыққа жеткізілімдер туралы хабарлайды.

Жедел деректерге сәйкес 2016 жылдың сәуірінде, мұнай өнімдерін сатудан кіріс (оларды сатумен байланысты барлық шығыстарды шегергенде[1]) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) мұнай тоннасы үшін 28 000 теңгеге жуық және Павлодар мұнай химия зауытына (ПМХЗ) мұнай тоннасы үшін 42 000 теңгеге жуық қаржыны құрады, аталған схеманы қолдану нәтижесі бойынша. Сәуірде көрсеткіштердің жақсаруы негізінен мұнай нарығында және мұнай өнімдеріне конъюктураның жақсаруымен және нәтижесінде Брент  бағасының өсуімен, сондай-ақ ақшыл мұнай өнімдерінің болжамдағыдан көп көлемде шығуына байланысты.

Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылдың сәуірінен бастап Компания мұнай процессингінің дербес схемасына көшті. Жаңа схемаға сәйкес, ҚМГ БӨ  қайтаөңдеу үшін АМӨЗ және ПМХЗ мұнай жөнелтеді, бекітілген кепілгерлік келісім-шартқа сәйкес алынған мұнай өнімдері одан әрі «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ ҚӨМ) арқылы сату үшін. Процессинг схемасына өту Компанияны жағдайдан алып шығады, ҚМГ ҚӨМ бағақұру формуласының болмауынан мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сату үшін ҚМГ БӨ мұнайын сатып алуға бағаны дербес өзі белгілейді.

Толық ақпарат ҚМГ БӨ сайтында жарияланған (http://www.kmgep.kz/rus/investor_relations/presentations/).

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2015  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сакен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.


[1] Мұнай өңдеуші зауыттарға дейін мұнай тасымалдау шығындарын және мұнайдың өзіндік құнын қоспағанда

2016 жылдың сәуіріндегі ішкі нарыққа жеткізілімдер (299 Кб) Көшіріп алу
Наверх