Баспасөз хабарламалары

26 мамыр, 2016

ҚМГ БӨ акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізді

Астана, 26 мамыр 2016 ж. «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания»)  2016 жылдың 24 мамырында  акционерлердің жылдық жалпы жиналысын («АЖЖЖ») өткізді.

ҚМГ БӨ акционерлері Компанияның 2015 жылға арналған жылдық есебі мен топтастырылған қаржылық есебін бекітті.

Бұған қоса, таза пайданы бөлу тәртібі мен бір қарапайым және артықшылықты акцияға есептелінетін дивиденд мөлшері анықталды. ҚМГ БӨ акционерлері 2015 жылдың қорытындысы бойынша қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады. ҚМГ БӨ Жарғысына сәйкес артықшылықты акциялар бойынша акция үшін 25 теңгені құрайтын (ҚР заңнамасы бойынша ұсталатын салықтарды есепке қосқанда) жылдық ең төмен деңгейдегі кепілдендірілген дивиденд төленетін болады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша есептелген дивидендтердің жалпы сомасы 52 млн. теңгені[1] (153 мың. АҚШ[2] долларына жуық) құрайды.

2015 жылдың нәтижесі бойынша артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу, 2016 жылдың 3 маусымындағы сағат 23:59-дағы жағдай бойынша, акционерлер реестріне сәйкес, акционерлердің банк есеп шотына аудару жолымен  2016 жылдың 4 шілдесінен бастап  жүргізіледі.

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2015  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептемегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сакен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.


[1] 2016  жылдың  24 мамырындағы жағдай бойынша айналымдағы артықшылықты акциялар санының негізінде есептелінген.

[2] ҚҰБ-нің 2016  жылдың 24 мамырындағы ресми бағамы бойынша есептелген.

ҚМГ БӨ акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізді (256 Кб) Көшіріп алу
Наверх