Баспасөз хабарламалары

17 маусым, 2016

ҚМГ БӨ ҚМГ ҰК жариялаған ақпараттық хатына ҚМГ БӨ ТАЕД-ың жауабын жариялайтынын хабарлайды және ҚМГ БӨ АКТЖЖ туралы  егжей-тегжейлі ақпаратты растайды 

Ақпараттық жауап хаттың жариялануы

17 маусым, 2016 ж., Астана қ. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Комапния») «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың ҚМГ ҰК мен ҚМГ БӨ арасындағы қарым-қатынас жөніндегі келісімшарт пен Компания Жарғысына өзгертулер енгізу үшін дәйектемелер келтірілген ақпараттық хатқа («ҰК ақпараттық хаты») және талаптар уақыты келгенде Компанияның қарапайым және артықшылық акциялары мен ҒДҚ иелеріне («Сатып алу жөніндегі ұсыныс») жолданылатын нарықтағы сатып алу жөніндегі талаптарға назар аударады.

ҚМГ БӨ Тәуелсіз атқарушы емес директорларының тез арада жауап беруге мүмкіндігі болды (ҚМГ ҰК мен ҚМГ БӨ арасында талқылау 2015 жылдың қараша айынан бері жүргізіліп келе жатқанын ескерсек). ҚМГ БӨ ТАЕД-ы ҚМГ БӨ-нің Тәуелсіз акционерлеріне ҰК ақпараттық хатына егжей-текжейлі жауап мәліметі бар ақпараттық хат жарияланды («Ақпараттық жауап хат»). Ақпараттық жауап хатты (орыс және ағылшын тілдерінде) келесі сайттан көруге болады: www.independent-kmgep.com. ҰК Ақпараттық хатының ағылшын тіліндегі мәтініне негізделген  ТАЕД Ақпараттық жауап хаты бүгін жарияланды.

АКТЖЖ туралы егжей-тегжейлі ақпаратты расту

ҰК-тің Ақпараттық хаты жарияланған бойда, ҚМГ БӨ бүгін хабарлағандай, ҚМГ БӨ Акционерлердің кезектен тыс жалпы отырысының («АКТЖЖ») 2016-жылдың 3-ші тамызынада таңғы сағат 10:00-де, Қазақтан, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17 мекен жайы бойынша өтетінін растайды. Күнтәртібінде ҚМГ ҰК ұсынысы бойынша қарастырылатын мәселелер:

  1.  Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысып отырған және дауыс беруге қатысып отырған Компанияның қарапайым құнды қағаздары (соның ішінде ғаламдық депозитарлық қолхаттар түріндегі) иелері болып табылатын («ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы  (ҚМГ ҰК) және ҚМГ ҰК бақылауындағы немесе ҚМГ ҰК бірігіп үшінші тараппен ортақ бақылауда ұстап отырған заңды тұлғалардан өзге) («Тәуелсіз акционерлер»), ҚМГ ҰК мен Компания арасындағы қарым-қатынас жөніндегі 2006 жылдың 8-ші қыркүйегіндегі Келісімшартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізуді бекітуі және Компанияның Тәуелсіз директорларына Компанияның мүддесі бар мәмілеге келу жөніндегі Тәуелсіз акционерлердің ұсыныс беруі.
  2. Тәуелсіз акционерлердің Компания Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуін бекітуі.
  3. Тәуелсіз акционерлердің жоғарыда көрсетілген 1 және 2 қарарды қабылдаған жағдайда, Компания Жарғысына ұсыныс мезгілі аяқталған соң күшіне енетін өзгертулер мен толықтыруларды енгізу.
  4. ҚМГ ҰК-тың Компания акцияларын және Компания құнды қағаздарын иелену хақын куәландыратын ғаламдық депозитарлық қолхаттарды сатып алу жөніндегі мәселелер бойынша ақпарат. 

Тәуелсіз атқарушы емес директорларының (ТАЕД) ұсынысы

Алдыңғы Ақпараттық жауап хатта дәлірек айтылғандай, ТАЕД-ның Ұсынылып отырған өзгертулер жобасының ағылшынша мәтінін сараптай отырып, аталмыш өзгертулер Тәуелсіз акционерлердің Компанияға беріп отырған қорғаныс кепілдігін айтарлықтай төмендеуіне әкеп соғады, өз жұмысы жөніндегі сұрақтар бойынша  Компанияның ҚМГ ҰК-дан дербестігін жоғалтады деп есептеймін, және ҚМГ БӨ мен ҚМГ ҰК талпынып отырған өндірістік көрсеткіштерді жоғарылату үшін еш қажеттігі жоқ. ТАЕД өз тарапынан 2016 жылдың 1-ші тоқсанының соңында Компанияда қалған қаражат пен Компанияның өндірістік активтерінің бағасын есептемегенде ҚМГ ҰК компаниялар тобының дебиторлық берешегі көлемі көрсетілген ҚМГ ҰК ұсынып отырған баға Компания құнын едуәір төмендетеді. Осылайша, HSBC және Rothchild компанияларымен кеңестенген соң жария еткен Ұсынылып отырған өзгерістер мен Сатып алу жөніндегі ұсыныстардың Компанияның тәуелсіз акционерлері тарапы үшін әділетсіз әрі қисынсыз деп шешті. Осы орайда ТАЕД Компанияның барлық Тәуелсіз акционерлеріне АКТЖЖ-да күн тәртібіне енгізілген сұрақтар бойынша қарсы дауыс беру керек екендігін басып айтады.

Егер де, Ұсынылып отырған өзгерістерді Компания Тәуелсіз директорлары мақұлдайтын болса, ТАЕД-тың әрқайсысы Компания директоры лауазымынан кетеді.

Ұсынылып отырған өзгерістер мен Ұсыныстарда ҚМГ ҰК мүддесі бар болғандықтан, бұл хабарлама ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің толық құрамымен емес, ҚМГ БӨ-нің ТАЕД келісімімен жарияланды.

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ
 2015  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептемегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн тоннаны (1 409 млн баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыс ақпараты:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сакен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

HSBC (+44 20 7991 8888)
Саймон Александер (Simon Alexander), Питер Гловер (Peter Glover) (Корпоративті брокер)
Эндрю Оуэнс (Andrew Owens), Пол Коннолли (Paul Connolly) (Ортақ қаржылық кеңесші)

Rothschild (+44 20 7280 5000)
Дэвид Хэммингз (David Hemmings), Виктор Дэмирдэл (Victor Demirdal) (Ортақ қаржылық кеңесші)

БАҚ үшін ақпарат алу үшін байланыс ақпараты:
Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кейбл (Carole Cable)
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Пруденциялдық реттеу басқармасы өкілеттендірген HSBC компаниясын Біріккен Корольдіктегі Қаржылық қадағалау жөніндегі басқарма мен Пруденциялдық реттеу басқармасы реттейді, осы құжатта баяндалған мәселелерге байланысты ҚМГ БӨ-нің (және ешқандай басқа тұлғаның емес) мүдделерін білдіреді және ҚМГ БӨ-ден басқа HSBC клиенттеріне ұсынылған қорғауды қамтамасыз ету немесе осы құжаттың немесе осы құжатта көрсетілген қандай да бір өзге мәселенің мазмұнымен байланысты кеңестер ұсыну бойынша ешқандай өзге тұлғалардың алдында жауаптылықта болмайды. Осы құжатты ҚМГ БӨ дайындады, және ҚМГ БӨ оның мазмұны үшін жеке жауаптылықта болады.

Пруденциялдық реттеу басқармасы өкілеттендірген N M Rothschild & Sons Limited (“Rothschild”) компаниясын Біріккен Корольдіктегі Қаржылық қадағалау жөніндегі басқарма мен Пруденциялдық реттеу басқармасы реттейді, осы құжатта баяндалған мәселелерге байланысты ҚМГ БӨ-нің Тәуелсіз атқарушы емес тұлғаларының (және ешқандай басқа тұлғаның емес) мүдделерін білдіреді және ҚМГ БӨ-нің Тәуелсіз атқарушы директорларынан басқа, ешқандай өзге тұлғалардың алдында Rothschild-тің клиенттеріне ұсынылған қорғауды қамтамасыз ету немесе кеңестер ұсыну үшін жауаптылықта болмайды.

Осы құжат оферта, офертаның бағыттары туралы ұсыныстар және сатып алуға қатысты ешқандай өзге де ұсыныс, өзге де сатып алу, жазылу, осы құжат бойынша немесе өзге де негіздермен қандай да бір бағалы қағаздарды сату немесе өзгедей иеліктен шығару болып есептелмеуі тиіс және болып табылмайды, сондай-ақ осындай офертаның немесе сондай ұсыныстың бір бөлігі болып есептелмеуі және болып табылмауы тиіс. Осы құжатты белгілі бір мемлекеттерде тарату заңмен шектелуі мүмкін және осыған байланысты, осы құжатты алатын адамдар осындай шектеулермен танысуы және оларды сақтауы тиіс. Шектеулерді кез келген сақтамау мұндай кез келген мемлекеттің бағалы қағаздары туралы заңнамасын бұзу болып табылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мәлімдеу
Осы құжатта «келешекке қатысты мәлімдеулер» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдемелер қамтылады. Келешекке қатысты осындай мәмілелер басқаларының арасында «есептейді», «алдын ала бағалау бойынша», «бағалайды», «күтеді», «ниеттенеді», «мүмкін», «белгіледі», «болады» немесе «тиіс», не болмаса әр жағдайда ұқсас мазмұнды сөздер мен сөйлемдерді немесе ондай сөздер мен сөйлемдердің теріс нысанын қоса алғанда келешекті сипаттау үшін терминалогияны қолдану бойынша, немесе болашақ жағдайлар мен ниеттердің стратегияларын, жоспарларын, мақсаттарын, міндеттерін талқылау жолымен білінуі мүмкін. Келешекке қатысты аталған мәлімдеулер тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдеулерді қамтиды. Олар, шектеусіз, Компанияның қызмет нәтижелеріне қатысты ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және күтулерін, қаржылық жағдайларды, өтімділікті, перспективаларды, өсімді, келешек сатып алуларды, Компания жұмыс істейтін стратегиялар мен салаларды қамтиды. Өз табиғаты бойынша болашаққа қатысты мәлімдеме олар болуы не болмауы мүмкін болашақтағы оқиғалар мен жағдайларға қатысты болғандықтан тәуекелдермен және болжамсыздықпен байланысты. Келешекке қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы мен өтімділігі және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан немесе осы құжатта қамтылған нұсқалардан немесе осы құжаттағы келешекке қатысты мәлімдемеден айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін. Компания салаға қатысты қандай да бір ақпаратты жаңартуды немесе осы құжатта жаңа ақпараттарды, болашақ оқиғалары да немесе қандайда бір өзге де жағдайлардың нәтижелері де қамтылған келешекке қатысты қандай да бір мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және өзіне міндеттеме алмайды. Компания мұндай мәлімдемелерде болашаққа қатысты баяндалған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай болжамдар туралы мәлімдемейді және кепілдік бермейді, және жарияламайды. 

ҚМГ БӨ ҚМГ ҰК жариялаған ақпараттық хатына ҚМГ БӨ ТАЕД-ың жауабын жариялайтынын хабарлайды және ҚМГ БӨ АКТЖЖ туралы егжей-тегжейлі ақпаратты растайды (288 Кб) Көшіріп алу
Наверх