Баспасөз хабарламалары

14 шілде, 2016

ҚМГ ҰК хабарламасына ҚМГ БӨ Тәуелсіз Атқарушы емес Директорларының («ТАЕД»)жауабын орналастырады

Астана, 14 шілде 2016 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ» немесе «Компания») Тәуелсіз атқарушы емес директорлары («ТАЕД») «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның («ҚМГ ҰК») Ұсынылған өзгерістерге («Өзгерістерге түзетулер») түзетулер енгізу және Сатып алу туралы Ұсыныста бағаны көтеру ниеті туралы хабарламасын назарға алғаны туралы хабарлайды. Бас әріппен жазылған және оларға қатысты осы баспасөз хабарламасында мағыналық анықтама берілмеген терминдердің сипаттамасы 2016-шы жылдың 17-ші маусымындағы ТАЕД-тің ақпараттық жауап хатында көрсетілген («Ақпараттық жауап хат»).

 ТАЕД енді келісіп отырған, ҚМГ ҰК Тағайындаулар бойынша комитетінің ТАЕД болашақ тағайындауларына қатысты ұсынылған вето құқығын кері қайтарып алуына қарамастан, сондай-ақ ҚМГ ҰК бүгін ертерек хабраламамен  жариялаған, қосымша материалдарды қарап, ТАЕД Жауап ақпараттық хатта келтірілген, ұсынылған түзетулерге қарсы аргументтер өзекті болып қалады деп есептейді.  

Қысқаша, ТАЕД өзгерістерге түзетулер әлі де  бұрынғыдай деп есептейді:
-    Сәйкесінше негізсіз және мөлшерлес өтемақысыз Тәуелсіз акционерлерді тиімді қорғауды айтарлықтай әлсіретуге әкеліп соқтырады;
-    Компанияның IPO кезінде ҚМГ ҰК-ның қабылдаған міндеттемелеріне және Компания корпоративтік басқаруына айтарлықтай теріс әсер етеді; және сондай-ақ
-    ҚМГ БӨ өз қызметін ҚМГ ҰК-дан тәуелсіз  жүргізуін тоқтатуға әкеп соқтырады.

 ТАЕД ҚМГ БӨ және ҚМГ ҰК ұмтылатын, тиімділікті арттыру және операциялық көрсетікіштерді жақсарту мақсатында, Ұсынылып отырған өзгерістер міндетті емес деп есептейді. 

ТАЕД Сатып алу туралы ұсыныста, ҚМГ ҰК бағаны көтеру ұсынысын қолдайды, алайда, 12 шілдеде хабарламасында мәлімдеген, өз пікірін тағы да қуаттайды:  бұл бағаны көтеруді  «ҚМГ ҰК бұл ұсыныс аясында, ҚМГ БӨ қосымша айтарлықтай қатысу үлесін сатып алуға ұмытылмайды» және «бұл ұсыныс жұтып алу туралы ұсыныс болып табылмайды», ҚМГ ҰК-нің бұның алдындағы мәлімдемесімен салыстыру күрделі.

2016 жылдың 17 маусымында ұсыныс алғаш жарияланған соң, сондай-ақ соңғы бірнеше апта бойына Тәуелсіз акционерлерден дәлелді пікірлер алып, ҚМГ ҰК ақша құралдарынан басқа, ҚМГ БӨ операциялық қызметінің құндылығын мойындауды бастады.

Алайда, Сатып алу туралы ұсыныста бағаның өскеніне қарамастан, ТАЕД Компанияның құны бұрынғысынша төмен   деп есептейді.

Осылайша, тәуелсіз атқарушы емес директорлар HSBC мен Rothschild кеңес ала отырып, Сатып алу туралы ұсыныстағы бағаны арттыру және ұсынылып отырған өзгертулерді әділ және негізді деп есептемейді, Компания тәуелсіз акционерлердің алаңдаушылығын ескере отырып, барлық Тәуелсіз акционерлерге АКЖЖ күн тәртібіне енгізілген шешімдердің қабылдануына қарсы дауыс берулеріне табанды ұсыныс жасайды.

 Ұсыныстағы бағаны көтеру ҚМГ ҰК Ұсынылған өзгерістер арқылы қол жеткізу мүмкін бақылаудың артуынан пайда болады деп санайтынын айқын көрсетеді. Тәуелсіз атқарушы емес директорлар ҚМГ ҰК аталған бақылауды артуына тиісті баға ұсынуы тиіс деп есептейді және ҚМГ ҰК-мен нақты әрі соңғы ұсынысты талқылау үшін ашық екенін хабарлайды.

Қаперге береміз, прокси арқылы дауыс беруді жоспарлап қойған ҚМГ БӨ ҒДҚ иелері төменде көрсетілген өзгеріссіз қалған мына мерзімдерді ескеруі қажет:
- Кастодиалды және субкастодиалды дауыс беру мерзімі: 2016 жылдың 15-20 шілде аралығы (кейбір мерзімдер ерте басталып кетуі мүмкін екеніне назар аударыңыз)
- Broadridge платформасы үшін дауыс беру мерзімі: 2016 жылдың 15-20 шілде аралығы
- ISS платформасы үшін дауыс беру мерзімі: 2016 жылдың 15-18 шілде аралығы
- Өкіл арқылы (ҒДҚ) АКТЖЖ дауыс беру мерзімі: 2016 жылдың 20 шілде.

 Аталған хабарлама инсайдерлік ақпараттарды қамтиды.

Бұл пресс-релиз  «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 1 тармағының, 11) тармақшасына сәйкес жарияланады.

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2015  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептемегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн тоннаны (1 409 млн баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд  астам АҚШ долларын тартты.

Акцонерлер үшін ақпарат алу байланысы:
HSBC (+44 20 7991 8888)
Саймон Александер (Simon Alexander), Питер Гловер (Peter Glover) (Корпоративті брокер)
Эндрю Оуэнс (Andrew Owens), Пол Коннолли (Paul Connolly) (Ортақ қаржы кеңесшісі)

Rothschild (+44 20 7280 5000)
Дэвид Хэммингз (David Hemmings), Виктор Дэмирдэл (Victor Demirdal) (Ортақ қаржы кеңесшісі)

Баспасөз үшін ақпарат алу байланысы:
Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кейбл (Carole Cable)
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Пруденциялдық реттеу басқармасы өкілеттендірген HSBC компаниясын Біріккен Корольдіктегі Қаржылық қадағалау жөніндегі басқарма мен Пруденциялдық реттеу басқармасы реттейді, осы құжатта баяндалған мәселелерге байланысты ҚМГ БӨ-нің (және ешқандай басқа тұлғаның емес) мүдделерін білдіреді және ҚМГ БӨ-ден басқа HSBC клиенттеріне ұсынылған қорғауды қамтамасыз ету немесе осы құжаттың немесе осы құжатта көрсетілген қандай да бір өзге мәселенің мазмұнымен байланысты кеңестер ұсыну бойынша ешқандай өзге тұлғалардың алдында жауаптылықта болмайды. Осы құжатты ҚМГ БӨ дайындады, және ҚМГ БӨ оның мазмұны үшін жеке жауаптылықта болады.

Пруденциялық реттеу басқармасы өкілеттендірген N M Rothschild & Sons Limited (“Rothschild”) компаниясын Біріккен Корольдіктегі Қаржылық қадағалау жөніндегі басқарма мен Пруденциялдық реттеу басқармасы реттейді, осы құжатта баяндалған мәселелерге байланысты ҚМГ БӨ-нің Тәуелсіз атқарушы емес тұлғаларының (және ешқандай басқа тұлғаның емес) мүдделерін білдіреді және ҚМГ БӨ-нің Тәуелсіз атқарушы директорларынан басқа, ешқандай өзге тұлғалардың алдында Rothschild-тің клиенттеріне ұсынылған қорғауды қамтамасыз ету немесе кеңестер ұсыну үшін жауаптылықта болмайды.

ҚМГ ҰК хабарламасына ҚМГ БӨ Тәуелсіз Атқарушы емес Директорларының («ТАЕД»)жауабын орналастырады (221 Кб) Көшіріп алу
Наверх