Баспасөз хабарламалары

29 тамыз, 2016

2006-2008 жж. қатысты өткен салық тексерісі бойынша шағымның оң нәтижелері 

Астана, 29 тамыз, 2016 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» (әрі қарай – «ҚМГ БӨ», «Компания») Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысына сай 2006-2008 жж. Қатысты салық тексерісі бойынша кінәрат-талап сомасы 12,2 млрд теңгеден 5,4 млрд теңгеге кемігені жайлы хабарлайды. Бұл сома Компанияның 2016 жылдың үшінші тоқсанындағы қаржылық есебінде өзге кіріс ретінде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті 2012 жылы өткізген 2006-2008 жж. қатысты ҚМГ БӨ-ні тексеру нәтижесінде салық, өсімпұл есептеліп, сомасы 16,9 млрд теңгені құрайтын әкімшілік санкциялар жарияланды. Компания тексеріс нәтижесімен келіспей, сотқа дейінгі тәртіп бойынша Қаржы министрлігіне шағым түсірді. Өткізілген екі қосымша тақырыптық тексерістен кейін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде өткен кеңес жиындарынан кейін 2014 жылы кінәрат-талап сомасы 12,2 млрд теңгеге дейін төмендетілді. Қалған кінәрат-талап сомасы сот тәртібі бойынша дауланып, нәтижесінде 2006-2008 жж. қатысты жоғарыда көрсетілген 5,4 млрд теңгеге кемітіліп, 6,8 млрд теңгеге дейін азайды.

Компания болжамы бойынша, 2006-2008 жж. қатысты өткен тексеріс нәтижесінің оң болуы 2009-2012 жж. қатысты салық тексерісі бойынша шағымдану кезінде де оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. ҚМГ БӨ қазіргі уақытта 2009-2012 жж. қатысты салық тексерісі нәтижесі бойынша сомасы 18,6 млрд теңгені құрайтын қосымша салық есептеріне, сомасы 9,7  млрд теңгені құрайтын айыппұлға және 9,3 млрд теңгені құрайтын өсімпұлға шағым түсіріп жатыр.

Байланыс үшін ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сакен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдаулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz 

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com 

Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
Гевин Дэйвис
e-mail: gdavis@bellpottinger.com  

Генри Лервил
e-mail: hlerwill@bellpottinger.com   

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн тоннаны (1 409 млн баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд  астам АҚШ долларын тартты. 

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

2006-2008 жж. қатысты өткен салық тексерісі бойынша шағымның оң нәтижелері (267 Кб) Көшіріп алу
Наверх