Баспасөз хабарламалары

22 қыркүйек, 2016

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Астана, 22 қыркүйек 2016 ж. «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ  («ҚМГБӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында Директорлар кеңесі жаңа төрағаны сайлады және 2016 жылға ішкі нарыққа мұнай жеткізілімінің көлемін бекітті.

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Кристофер Хопкинсон мырза отбасылық жағдайына байланысты Компанияның Директорлар кеңесі төрағасы лауазымынан кету туралы арыз берді. Бұл шешім қабылданды және кідірмей күшіне енеді. Оның орнына 2015 жылдың қарашасынан бері ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ («ҚМГ ҰК») мұнай және газ өндіру бойынша Аға вице-президенті Игорь Валерьевич Гончаров сайланды.

2016 жылға ішкі нарыққа мұнай жеткізілімдерінің көлемі    

 Ағымдағы нәтижелерге қарай, Компания «Өзенмұнайгаз» АҚ («ӨМГ») және «Ембімұнайгаз» АҚ («ЕМГ») қорларынан ішкі нарыққа мұнай жеткізілімдері 2016 жылы 3 372 мың тоннаны (тәулігіне 67 мың баррель) құрайды деп болжайды, бұл ӨМГ және ЕМГ шикі мұнайын жалпы сату көлемінің 40%-ға жуығын құрайды.

Бұл көлемнен 2 670 мың тонна (тәулігіне 53 мың баррель) АМӨЗ-ға және 702 мың тонна (тәулігіне 14 мың баррель) ПМХЗ-ға жеткізілетін болады.

Бұрынырақ мөлшерленген, 2016 жылға ішкі нарыққа жеткізілімдер көлемі 2 380 мың тонна мұнайды (тәулігіне 47 мың баррель) құрайды, бұл жалпы шикі мұнай сатылымы көлемінің 28%-ға жуығын құрайды.  Дегенмен, Компания мұнай-газ саласы және басқа да тараптарда, ҚМГ БӨ мүддесі теңгерімін сақтау мақсатында ҚМГ ҰК және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлескен жұмыстарды жалғастырады. 

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн тоннаны (1 409 млн баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд астам АҚШ долларын тартты.

Игорь Гончаров, 2015 жылдың 26 қарашасында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланған, ҚМГ ҰК мұнай және газ өндіру бойынша Аға вице-президенті. Томск политехникалық институтын  Тау-кен инженері – геофизик  мамандығы бойынша бітірген, Heriot-Watt университетінде мұнайгаз істері Магистрі дәрежесін алған. «ТомскНИПИнефть ВНК» ААҚ, «Норд Империал» IEC Group компанияларында,сондай-ақ Ресей Федерациясының Томск облысының Әкімшілігінде жерқойнауын пайдалану және мұнайгаз өндіру кешенін дамыту департаментіндегі жұмыстарында  басқарушылық тәжірибеге ие.  

Байланыс үшін ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сакен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ», Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
БақдәулетТөлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
e-mail: KMGEP@bellpottinger.com
Гевин Дэйвис
Генри Лервил

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды (273 Кб) Көшіріп алу
Наверх