Баспасөз хабарламалары

21 қараша, 2016

ҚМГ БӨ алда болатын АКЖЖ күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізілетіні туралы хабарлайды

Астана, 21 қараша 2016 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2016 жылдың 13 желтоқсанына тағайындалған алда болатын Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (АКЖЖ) күн тәртібіне қосымша мәселе енгізілетіні туралы хабарлайды. 2015 жылдың 28 желтоқсанындағы №1095 Үкімет қаулысына сәйкес, ҚМГ БӨ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы қосымша мәселе енгізіледі. Қаулыға сәйкес акцияларының 50%-дан астамы мемлекетке және олармен аффилирлендірілген тұлғаларға тиесілі, заңды тұлғаларға рұқсат етілген, қызмет түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізу қажет.

Жоғарыдағы аталған Жарғының өзгерістері техникалық сипатта болғандықтан, Компанияның негізгі қызметі қандай да бір өзгерістерге ұшырамайды.

Қосымшаларды есепке алғандағы күн тәртібі:

  1. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.
  2. Қоғам директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату.
  3. Қоғам Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау.

Алда болатын АКЖЖ материалдарымен жиналыс өткізілетін күннен 10 күн бұрын ҚМГ БӨ сайтынан таныса аласыздар.

Анықтама
ҚМГ БӨ 2015  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты. 

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сакен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz   

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Бақдаулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz 

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com 

Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
Гевин Дэйвис
Генри Лервил
e-mail: KMGEP@bellpottinger.com 

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

ҚМГ БӨ алда болатын АКЖЖ күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізілетіні туралы хабарлайды (257 Кб) Көшіріп алу
Наверх