Баспасөз хабарламалары

24 мамыр, 2017

АЖЖЖ және Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері

Астана, 24 мамыр 2017 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2017 жылдың 23 мамырында Директорлар кеңесінің отырысын және акционерлердің жылдық жалпы жиналысын («АЖЖЖ») өткізді. Компанияның акционерлері АЖЖЖ күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарады және бекітті.

2016 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд мөлшері

Акционерлердің шешімі бойынша бір акцияға (жай және артықшылықты) есептелінетін 2016 жылғы дивиденд мөлшері 289 теңгені (ҚР заңнамасына сәйкес ұсталатын салықтарды есепке қосқанда) құрайды. Дивидендтердің жалпы сомасы 19,8 млрд теңгеге[1] жуықты (63 млн АҚШ долларына жуық[2]), немесе 2016 жылғы Компанияның шоғырландырылған таза табысының 15%-ын құрайды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеу 2017 жылғы 2 маусымдағы (күн соңында) жағдай бойынша акционерлердің тізілімі негізінде жүргізіледі және 2017 жылғы 3 шілдеде басталады.

Директорлар кеңесін тағайындау

АЖЖЖ отырысы барысында Директорлар кеңесі 2018 жылғы 23 мамырды қоса алғанға дейінгі өкілеттік мерзімге қайта сайланды. Директорлар кеңесінің жаңа құрамына үш жаңа мүше қосылды – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ («ҚМГ ҰК») өкілдері ретінде Дәурен Қарабаев пен Ардақ Мұқышев, олар Серік Әбденов пен Әсия Сырғабекованың орнын алмастырды, сондай-ақ, ҚМГ БӨ Тәуелсіз атқарушы емес директоры ретінде Директорлар кеңесінің құрамына Фрэнсис Соммер сайланды, ол Эдвард Уолштың орнын алмастырды.

Директорлар кеңесінің отырысында ҚМГ ҰК мұнай және газ өндіру жөніндегі аға вице-президенті Игорь Гончаров ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды. 

Игорь Гончаров, Директорлар кеңесінің төрағасы, былай деп түсіндірді:

«АЖЖЖ отырысынан кейін ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінен шығып жатқан әріптестеріме алғысымды білдіргім келеді. Эдвард пен Әсия Компанияның игілігі үшін 10 жылдан астам табысты қызмет етіп, ҚМГ БӨ командасының ажырамас бөлшегі бола білді. Мен және Компания басшылығы олардың тәжірибесі мен білімін жоғары деңгейде бағалаймыз. Серікке де ҚМГ БӨ компаниясындағы адал қызметі үшін алғысымды білдіре отырып, алдағы уақытта да жетістіктерге жетуін тілеймін».

Құрманғазы Есқазиев, ҚМ БӨ бас директоры, былай деп қосты:

«ҚМГ БӨ ұжымы мен басшылығы атынан Эдвард, Әсия және Серікке Компанияның дамуына қосқан елеулі үлестері және адал еңбектері үшін алғысымды білдіремін және келешекте де мол табыстарға кенелулеріңізді тілеймін».

2017 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің құрамы:   

  • Игорь Гончаров – ҚМГ ҰК өкілі; ҚМГ ҰК мұнай және газ өндіру жөніндегі аға вице-президенті, ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Дәурен Қарабаев – ҚМГ ҰК өкілі; ҚМГ ҰК атқарушы вице-президенті – Қаржы директоры;
  • Ардақ Мұқышев – ҚМГ ҰК өкілі; ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті;
  • Густав Луис Юджин Ван Меербеке – ҚМГ ҰК өкілі; мұнай-газ мәселелері бойынша тәуелсіз консультант;
  • Құрманғазы Есқазиев – ҚМГ БӨ Бас директоры (Басқарма Төрағасы);
  • Филип Дэйер – ҚМГ БӨ Тәуелсіз атқарушы емес директоры;
  • Аластэр Фергюсон – ҚМГ БӨ Тәуелсіз атқарушы емес директоры;
  • Фрэнсис Соммер – ҚМГ БӨ Тәуелсіз атқарушы емес директоры.

Акционерлер бұған дейін АЖЖЖ туралы хабарламада берілген, күн тәртібіндегі барлық мәселелерді, соның ішінде 2016 жылдың Компанияның шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі мен жылдық есебін бекітті.  

Комитет мүшелері

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің отырысында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің барлық комитеттерінің құрамдары жасақталды.  

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі комитетінің құрамы:   

Филип Дэйер – Комитет төрағасы

Аластэр Фергюсон – Комитет мүшесі

Фрэнсис Соммер – Комитет мүшесі

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі Тағайындаулар жөніндегі комитетінің құрамы:

Филип Дэйер – Комитет төрағасы

Игорь Гончаров – Комитет мүшесі

Аластэр Фергюсон – Комитет мүшесі

Фрэнсис Соммер – Комитет мүшесі

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі Сыйақылар жөніндегі комитетінің құрамы:

Фрэнсис Соммер – Комитет төрағасы

Филип Дэйер – Комитет мүшесі

Аластэр Фергюсон – Комитет мүшесі

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің құрамы:

Аластэр Фергюсон – Комитет төрағасы

Құрманғазы Есқазиев – Комитет мүшесі

Дәурен Қарабаев – Комитет мүшесі

Филип Дэйер – Комитет мүшесі

Фрэнсис Соммер – Комитет мүшесі

Мұнай өңдеу тарифтері

Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Павлодар мұнай-химия зауытында мұнай өңдеу тарифі түзетілді және 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап тоннасына 14 895 теңге деңгейінде өзгеріссіз қалады. 

АНЫҚТАМА

Дәурен Қарабаев, CFA – 2016 жылдың қазан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атқарушы вице-президенті – қаржы директоры. Бұған дейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Mays Business School – Texas A&M қаржы саласындағы ғылым магистрі атағына ие.

Ардақ Мұқышев 2017 жылдың қаңтар айынан бері ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істейді. Бұған дейін ҚМГ ҰК мен Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінде басқарушылық қызметтерді атқарды. 2014 жылдың мамырынан «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ 2016 жылдың сәуірінен «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін «Құқық және құқықтық білім беру» әдістемесі мамандағы бойынша тәмамдады. Біліктілігі – заңгер. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Фрэнсис Соммер 2014 жылдан бастап Nobel Oil E&P(UK)Ltd (Nobel Upstream) тәуелсіз директоры, сондай-ақ 2013 жылдан бері LetterOne (L1) Energy (UK) әріптесі болып табылады. Бұған дейін 2009-2013 жылдар аралығында Ресей Федерациясында ТНК BP Холдинг ААҚ-да өндіріс және технологиялар жөніндегі атқарушы вице-президент лауазымын атқарды. Остиндегі Техас университетінің мұнай өндіру технологиялары саласындағы ғылым магистрі дәрежесіне, сондай-ақ Нью-Йорк университетінің физика саласындағы бакалавр дәрежесіне ие.


ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
Генри Лервил
e-mail: KMGEP@bellpottinger.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.


[1] 2017 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша айналымдағы акциялардың саны негізінде есептелінген.

[2] 2017 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша ауыстырылған.   

АЖЖЖ және Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері (308 Кб) Көшіріп алу
Наверх