Баспасөз хабарламалары

30 маусым, 2017

ҚМГ БӨ басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

Астана, 30 маусым 2017 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды. 

Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, басқарма құрамына Дәулетжан Хасанов пен Қайырбек Елеусіновтың орнына өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор Қуанышбай Нұрғалиев және маркетинг, сатып алу және мұнай сату жөніндегі басқарушы директор Бекмұрат Найзабеков енді.

2017 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ басқарма құрамы:

  • Құрманғазы Есқазиев, бас директор (басқарма төрағасы);
  • Дастан Абдулғафаров, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
  • Бекзат Абайылданов, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;
  • Мәлік Сәлімгереев, бас директордың еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және келешекті даму жөніндегі орынбасары;
  • Шейн Дрейдер, қаржылық директор – қаржылық бақылаушы;
  • Қуанышбай Нұрғалиев, өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор;
  • Бекмұрат Найзабеков, маркетинг, сатып алу және мұнай сату жөніндегі басқарушы директор.

АНЫҚТАМА
Қуанышбай
Нұрғалиев ҚМГ БӨ өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директоры лауазымын 2015 жылғы желтоқсан айынан бастап атқарады, бұған дейін ҚМГ БӨ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді. Әр жылдары «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, ҚМГ БӨ кен орындарын игеру департаментінің директоры, кен орындарын игеру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Еңбек жолын «Узеньмунайгаз» АҚ-да («Өзенмұнайгаз» ӨФ) мұнай мен газ өндіру операторынан бастап, департамент директорына дейін көтерілді. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетін тау-кен инженер-мұнайшы мамандығы бойынша және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тау-кен инженер-геофизигі мамандығы бойынша бітірді. Мәскеу қаласындағы МИРБИС институтының мұнай-газ бизнесін басқару мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік шебері дәрежесін алды.  

Бекмұрат Найзабеков ҚМГ БӨ маркетинг, сатып алу және мұнай сату жөніндегі басқарушы директоры лауазымын 2015 жылғы желтоқсан айынан бастап атқарады. Бұдан бұрын «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-де басшының сату және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, сондай-ақ «Даму» КДҚ» АҚ мен Argus Ltd-да түрлі лауазымдарда қызмет етті. Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша және Қазақ экономикалық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірді. И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің іскерлік әкімшілік шебері дәрежесіне ие.

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
Генри Лервил
e-mail: KMGEP@bellpottinger.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

ҚМГ БӨ басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды (277 Кб) Көшіріп алу
Наверх