Баспасөз хабарламалары

17 тамыз, 2017

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2017 жылдың алғашқы алты айындағы қаржылық нәтижелер

Астана, 17 тамыз 2017 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2017 жылдың 30 маусымында аяқталған алғашқы алты айдың қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есептілігін жариялады.

  • 2017 жылдың алғашқы алты айында түсім 437 млрд. теңгені (1 371 млн АҚШ доллары[1]) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 39%-ға жоғары. Түсімнің өсуі негізінен Брент бағасының 30%-ға ұлғаюына, экспорттық жеткізілімдердің барынша жоғары үлесіне және 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай процессингі схемасына өтуіне байланысты болды, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 8%-ға төмендеуімен ішінара өтелді.   
  • 2017 жылдың алғашқы алты айында таза пайда 2016 жылдың сәйкес кезеңіндегі 17 млрд теңгемен (50 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 88 млрд теңгені (276 млн АҚШ доллары) құрады, ал операциялық қызметтен түскен таза ақша ағымдары өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 4 млрд теңгемен (13 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 153 млрд теңгені (481 млн АҚШ доллары) құрады.
  • EBITDA[2] 2017 жылдың алғашқы алты айында 131 млрд теңгені (410 млн АҚШ доллары) құрады, ал 2016 жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш 56 млрд теңгені (162 млн АҚШ доллары) құраған болатын.  
  • 2017 жылдың 30 маусымда таза ақша қаражатының сомасы[3] 1 286 млрд теңгені (4,0 млрд АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылдың бірінші тоқсан соңындағы жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасымен салыстырғанда 143 млрд теңгеге (347 млн АҚШ доллары) және 2016 жылдың 31 желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда 114 млрд теңгеге (474 млн АҚШ доллары) артық.

 Өндіру

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2017 жылдың алғашқы алты айында 5 885 мың тонна (тәулігіне 239 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға кем. 

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ)  2 703 мың тонна (тәулігіне 110 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңдегіден 3%-ға кем, бұл негізінен пайдалануға берілген ұңғымалардың аз көлеміне және ұңғымалардың өтпелі қорынан өндіру деңгейінің төмендігіне байланысты. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 1 399 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 1%-ға төмен. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ-нің жалпы өндіру көлемі  4 102  мың тоннаны (тәулігіне 167 мың баррель) құрап, 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға кем түсті.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы ҚМГ БӨ үлесі 2017 жылдың алғашқы алты айында 1 783  мың тоннаны (тәулігіне 73 баррель) құрады, бұл 2016 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 6%-ға кем, бұл негізінен ПҚИ-да мұнай өндіру деңгейінің табиғи төмендеуіне байланысты, мұнда күндізгі өндіру деңгейі 2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 15%-ға (тәулігіне 12 мың баррель) төмен болды.

 Шикі мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында  ӨМГ және ЕМГ-нің шикі мұнай сату көлемі 4 084 мың тоннаны (тәулігіне 163 мың баррель) құрады, соның ішінде 2 766 мың тонна (тәулігіне 110 мың баррель) шикі мұнай экспортқа және 1 318 мың тонна (тәулігіне 53 мың баррель) шикі мұнай ішкі нарыққа жөнелтілді, бұл жалпы сату көлемінің 32%-ын құрайды. Компанияның ішкі нарыққа шикі мұнайды жеткізу үлесі 2016 жылы 41%-ды құрады.

ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа жеткізген 1 318  мың тонна (тәулігіне 53 мың баррель) шикі мұнайдың 1 042 мың тоннасы (тәулігіне 42 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және  276 мың тоннасы (тәулігіне 11 мың баррель)  Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жөнелтілді.

2017 жылдың алғашқы алты айында мұнай өнімдерін сату мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес мұнай өнімдерінің 1 282 мың тоннасын құрады. 2016 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізу 830 мың тоннаны құрады және 2016 жылдың екінші тоқсанында, мұнайдың дербес процессингі схемасына көшкеннен кейін Компания процессинг схемасына сәйкес 761 мың тонна мұнай өнімдерін өткізді.

ҚМГ БӨ-ге тиесілі CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлемінің үлесі 1 763  мың тонна мұнайды (тәулігіне 72 мың баррель) құрады, оның  769 мың тоннасы (тәулігіне 30 мың баррель) экспортқа  және 994 мың тоннасы (тәулігіне 42 мың баррель) ішкі нарыққа  өткізілді, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 56%-ын құрайды.

 Түсім

2017 жылдың алғашқы алты айында түсім 437 млрд. теңгені (1 371 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 39%-ға жоғары. Түсімнің өсуі негізінен Брент бағасының 30%-ға қымбаттауына, жалпы сату көлемінің 68%-ы деңгейінде экспорттық жеткізілімдер үлесінің артуына, 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай процессингі схемасына өтуіне байланысты, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 8%-ға төмендеуімен ішінара өтелді.

Мұнай өнімдерін сатудан түскен таза түсім (процессинг және сатумен[4] байланысты барлық шығындарды шегергенде) 2017 жылдың алғашқы алты айында АМӨЗ-ге мұнай тоннасы үшін 55 877 теңгені және ПМХЗ-ға мұнай тоннасы үшін 58 609 теңгені құрады. 2016 жылғы екінші тоқсанда (процессингтің дербес схемасы басында) таза түсім АМӨЗ бен ПМХЗ-ға тоннасына тиісінше 37 144 теңге және 47 158 теңгені құрады. 2017 жылдың бірінші тоқсанында таза түсім АМӨЗ бен ПМХЗ-ға тоннасына тиісінше 57 196 теңге және 56 596 теңгені құрады.  

 Кезеңдегі таза пайда

2017 жылдың алғашқы алты айында таза пайда 2016 жылдың сәйкес кезеңіндегі 17 млрд. теңгемен (50 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 88 млрд теңгені (276 млн АҚШ доллары) құрады. Таза пайданың ұлғаюы негізінен Брент бағасының 30%-ға өсуі, 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай процессингі схемасына өтуі, қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есептелген резервті қалпына келтіру және бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компания пайдасындағы үлестің артуы нәтижесіндегі таза түсімнің өсуіне байланысты болды, бұл табыс салығынан басқа салықтардың, өндірістік шығындардың өсуімен және бағамдық айырманың залалымен ішінара өтелді. 

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Компания 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 333,29 теңге/АҚШ долларынан 2017 жылғы 30 маусымдағы 322,27 теңге/АҚШ долларына дейінгі теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамының төмендеуі нәтижесінде 33 млрд теңге (102 млн АҚШ доллары) мөлшерінде бағамдық айырманың залалын көрсетті.

Компания MOL Hungarian Oil and Gas Plc.-ден 1 (бір) АҚШ долларына KS EP Investments BV-дегі[5] 49%-дық үлесті сатып алудан 3,2 млрд теңге сомасындағы залалды таныды, өйткені KS EP Investments компаниясының таза міндеттемелері қабылданды.  

 Өндірістік шығындар

Өндірістік шығындар 2017 жылдың алғашқы алты айында 150 млрд теңгені (469 млн. АҚШ доллары) құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға жоғары болды. Бұл, ең алдымен, 2016 жылдың сәуірінен мұнайдың дербес процессингі схемасына өтуі есебінен мұнай өңдеу шығыстарының 12 млрд теңге мөлшерінде ұлғаюына, қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының 15%-ға өсуіне, сондай-ақ жөндеу және қызмет көрсету бойынша шығындардың артуына байланысты.     

Қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының 15%-ға ұлғаюы негізінен 2016 жылдың алғашқы алты айына жылдық сыйақы бойынша есептеулердің жоқтығы, сондай-ақ 2017 жылдың қаңтарынан бастап өндірістік персоналдың жалақысын 7%-ға индексациялаудың нәтижесінде болды. 2017 жылдың алғашқы алты айына жылдық сыйақы бойынша есептеулер 2,6 млрд теңгені құрады.

Жөндеу және қызмет көрсету бойынша шығындар негізінен жөндеу мен реконструкциялауды қажет ететін ұңғымалар санының көбеюі нәтижесінде ұлғайды (2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында өзге ұйымдар жүргізген ұңғымалардың жерасты жөндеу жұмыстарының саны 728 құрады, ал 2016 жылдың сәйкес кезеңінде олардың саны 246 болды).  

Бұған дейін хабарланғандай, 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап бекітілген бюджетке сәйкес мұнай өңдеу тарифі АМӨЗ-де тоннасына 24 512 теңгені (2017 жылдың бірінші тоқсанында және 2016 жылдың сәуір-желтоқсан айларында – 20 501 теңге) құрады. ПМХЗ-да мұнай өңдеу тарифі тоннасына 14 895 теңге деңгейінде өзгеріссіз қалды.

 Сату шығындары және әкімшілік шығындар

Сату шығындары және әкімшілік шығындар 2017 жылдың алғашқы алты айында 59 млрд теңгені (186 млн АҚШ доллары) құрады, бұл  2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 5%-ға төмен. Шығындардың азаюы салық органдарының наразылық сомасын азайту нәтижесіндегі 2009 – 2012 жылдарға салық тексерісі бойынша айыппұл мен өсімпұлдың есептелуін қайта қарау және кепілдік шарты бойынша шығындардың жоқтығына байланысты, бұл көлік шығындарының ұлғаюымен ішінара өтелді.    

Бұрын хабарланғандай, Компания 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап өзінің сату агенті ретінде «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ қызметтерін пайдалануды тоқтатып, мұнай өнімдерін өздігінен сата бастады[6]. Кепілдік шарты бойынша шығындар 2016 жылдың сәуір-желтоқсанда айына 0,6 млрд теңгені құрады.

 Табыс салығынан басқа салықтар

Табыс салығынан басқа салықтар 2017 жылдың алғашқы алты айында 127 млрд. теңгені              (398 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл ренталық салық, экспорттық кеден бажы (ЭКБ),  пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) және Брент маркалы мұнайдың бағасымен байланысты өзге де салықтар бойынша шығындардың артуы нәтижесінде 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60%-ға жоғары.    

2017 жылдың алғашқы алты айында ренталық салық бойынша шығындар экспорттық сатылымдардың тоннасына орта есеппен 10 828 теңгені құрады, ал 2016 жылдың сәйкес кезеңінде экспорттық сатылымдардың тоннасына орта есеппен 3 913 теңге болды.

2017 жылы Компания ӨМГ кен орындары үшін ПҚӨС мөлшерлемесін 13% көлемінде қолданады, алайда 2016 жылдың қыркүйек айында ПҚӨС мөлшерлемесі барлық 2016 жылға 9% деңгейінде белгіленген болатын, өйткені ӨМГ 2016 жылы салықтық есеп бойынша залалды танып, Үкіметтің қаулысы негізінде төмендету алды.

ЭКБ өсімі негізінен Компанияның 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнайдың дербес процессингі схемасына өтуі нәтижесінде шикі мұнай экспорты көлемінің, Бренттің орташа бағасының және мұнай өнімдерінің экспорты көлемінің ұлғаюына байланысты, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының төмендеуімен ішінара өтелді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ЭКБ орташа мөлшерлемесі шикі мұнай тоннасына 49 АҚШ долларын құрады, ал өткен  жылдың сәйкес кезеңінде шикі мұнай тоннасы 35 АҚШ долларын құраған болатын.

Өзге салықтар негізінен 2016 жылдың сәуірінен мұнайдың дербес процессингі схемасына өтуіне байланысты 2017 жылдың алғашқы алты айында бензин мен дизель отынына акциздың қымбаттауы есебінен ұлғайды. Сондай-ақ, дизель отынына акциз мөлшерлемесі маусым-қазан кезеңі аралығында тоннасына 9 300 теңгеге дейін жоғарылады, оның бағасы жылдың қалған мерзімінде тоннасына 540 теңгені құрады.  

 2009 – 2012 жылдарға салық тексерісі

2017 жылдың маусымында Жоғары соттың апелляциялық алқасы шешім шығарып, негізгі қарыз сомасын 4,2 млрд теңге мөлшерінде белгіледі.  Осылайша, 2009 – 2012 жылдарға салық тексерісі бойынша айыппұл мен өсімпұлды қоса алғанда, наразылықтардың ағымдағы сомасы 6,5 млрд теңгені құрайды, 2015 жылы салық наразылықтарының бастапқы сомасының мөлшері 38,5 млрд теңгені құрады.  

 Өтелетін ҚҚС

Компания 2017 жылдың наурыз айында 2012 – 2015 жылдар кезеңінде қалыптасқан, ӨМГ мен ЕМГ бойынша 34,1 млрд теңге мөлшерінде ҚҚС-тың қалған артық сомасын өтеуге өтінім берді, соның ішінде ҚҚС-ты өтеуге расталған сома 30,1 млрд теңгені құрады.

Бұрын хабарланғандай, 2016 жылдың қазанында Компания 57,4 млрд теңге мөлшерінде ҚҚС-ты өтеуге берген өтінімі бойынша оң шешім нәтижесінде 24,6 млрд теңге алды.

Өтелетін ҚҚС бойынша есептелген резерв 2017 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша 8,3 млрд теңгені құрайды. 

 Салықтар бойынша артық төлемдерді қайтару

2017 жылдың мамырында салық органдары 27,1 млрд теңге мөлшерінде бұрын жүргізілген алдын ала төлемдерді Компанияға қайтарды, соның ішінде корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша 20 млрд теңге мөлшерінде, үстеме пайда салығы (ҮПС) – 1,4 млрд теңге және ПҚӨС – 5,7 млрд теңге.

 Күрделі салымдар

Күрделі салымдар[7] 2017 жылдың алғашқы алты айында 42 млрд теңгені (130 млн АҚШ доллары) құрап, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 19%-ға кем түсті. Күрделі салымдардың азаюы негізінен ӨМГ мен ЕМГ-де эксплуатациялық бұрғылаудың аз көлеміне және ЕМГ-де өндірістік нысандарды салу мен жаңғыртуға, іздеу-барлау бұрғылауға салынатын инвестициялардың азаюына байланысты. 

2017 жылы күрделі салымдар 136 млрд теңге[8] (378 млн АҚШ доллары[9]) деңгейінде жоспарланып отыр, бұл 2016 жылғы 115 млрд теңге деңгейіндегі күрделі салымдардан                        21 млрд теңгеге артық. 

 Операциялық қызметтен түсетін ақша ағымдары

2017 жылдың алғашқы алты айында операциялық қызметтен түсетін таза ақша ағымдары 153 млрд теңгені (481 млн АҚШ доллары) құрады, ал 2016 жылдың сәйкес кезеңінде таза ақша ағымдары 4 млрд теңге (13 млн АҚШ доллары) деңгейінде болды.

Операциялық қызметтен түсетін таза ақша ағымдарының ұлғаюы негізінен мұнай бағалары конъюктурасының жақсаруына, экспорттық жеткізілімдердің барынша жоғары үлесіне, дербес процессинг схемасының кейінгі оң нәтижелеріне, 18,5 млрд теңге сомасында ҚҚС-тың өтелуіне,  2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 27,1 млрд теңге мөлшерінде КТС, ҮПС және ПҚӨС бойынша бұрын жүргізілген алдын ала төлемнің қайтарылуына байланысты болды, бұл өндірістік шығындардың және табыс салығынан басқа салықтардың ұлғаюымен ішінара жабылды.  

 Таза ақша қаражаты

Таза ақша қаражатының сомасы 2017 жылдың 30 маусымында 1 286 млрд теңгені (4,0 млрд АҚШ доллары) құраса, 2017 жылдың 31 наурызында 1 143 млрд теңгені (3,6 млрд АҚШ доллары) құрады,. Ақша қаражаты мен қаржылық активтердің 94%-ы шетел валютасында (негізінен АҚШ долларында), ал 6% - теңгеде деноминацияланды.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ақша қаражаты, қаржылық және өзге де активтер бойынша есептелген қаржылық кіріс 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 14 млрд теңгемен (41 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 15 млрд теңгені (47 млн АҚШ доллары) құрады.

 Қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардың нәтижелеріндегі үлес

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардағы үлестерден түскен кіріс 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында алынған  6,7 млрд теңге (19,4 млн АҚШ доллары) көлеміндегі шығынмен салыстырғанда, 14,6 млрд. теңге (45,7 млн. АҚШ доллары) құрады.

 

Қазгермұнай

2017 жылдың алғашқы алты айында ҚМГ БӨ өз есептілігінде ҚГМ-ға қатысу үлесінің 12,6 млрд. теңге (39,5 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті көрсетті. Осы сома ҚГМ таза пайдасындағы Компанияның 50% үлесін көрсетеді, бұл лицензияның әділ құнына амортизация ықпалын және 1,5 млрд. теңге (4,8 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кейінге қалдырылған тиісті салықты шегергенде, 14,1 млрд теңгені (44,3 млн АҚШ доллары) құрайды.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚГМ пайдасы АҚШ долларында 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ға артты, бұл негізінен Бренттің орташа бағасының 30%-ға өсуі және ішкі нарыққа жеткізу бағаларының ұлғаюы нәтижесінде болды.

2017 жылдың маусымында ҚГМ ҚМГ БӨ-ге 2016 жылға дивиденд түрінде төленуі тиіс 125 млн АҚШ долларын жариялады, осы соманың 85 млн АҚШ доллары төленді. Сонымен қатар, ҚМГ БӨ 2017 жылдың қаңтарында өткен кезеңдер үшін 2 млн АҚШ доллары көлемінде дивидендтік төлем алды.

 

ПетроҚазақстан Инк.

2017 жылдың алғашқы алты айында ҚМГ БӨ өз есептілігінде ПҚИ компаниясындағы өз үлесінің 2,7 млрд. теңге (8,6 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі пайдасын көрсетті. Осы сома ПҚИ-дің таза пайдасындағы Компанияның  33%-дық үлесін көрсетеді, бұл  лицензияның әділ құнына 3,7 млрд теңге (11,7 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі амортизация ықпалын шегергенде, 6,4 млрд теңгені (20,3 млн АҚШ доллары) құрайды.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында АҚШ долларында ПҚИ-дің түсімі өткен жылмен салыстырғанда негізінен Бренттің орташа бағасының 30%-ға өсуі және ішкі нарыққа жеткізу бағаларының ұлғаюы нәтижесінде 31%-ға артты, бұл өндірудің азаюы салдарынан сату көлемінің азаюын ішінара жапты.  

2017 жылдың маусымында ПҚИ ҚМГ БӨ-ге 2016 жылға дивиденд түрінде 31,4 млн АҚШ долларын (төлем көзінен салықты ұстай отырып) төледі.  

 

CCEL

Компания 2017 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша өзінің балансында 35,6 млрд теңгені (110,5 млн. АҚШ долларын) CITIC Resources Holdings Limited компаниясымен бірлесіп бақыланатын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті.  2017 жылдың алғашқы алты айында ҚМГ БӨ 2,4 млрд теңге (7,5 млн. АҚШ доллары)  мөлшерінде пайыздық кірісті есептеді, бұл ССЕL-ден алынатын 26,9 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі жылдық басым төлемінің бір бөлігін білдіреді.

 

«Ланкренан Инвестментс Лимитед» компаниясының талап арызы

2017 жылдың 28 маусымында Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы «Ланкренан Инвестментс Лимитед» компаниясының ҚМГ БӨ-ге қарсы талабы бойынша істі тоқтатылсын деп шешті.   

Дегенмен, «Ланкренан Инвестментс Лимитед» компаниясы өзінің құқығын пайдалана отырып, 2017 жылдың шілдесінде Астана қаласы сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына жеке шағымын түсірді.  

Бұрын хабарланғандай, «Ланкренан Инвестментс Лимитед» компаниясы тәуелсіз директор лауазымына сайлау үшін «Ланкренан Инвестментс Лимитед» компаниясы ұсынған А.И. Гладышев мырзаның кандидатурасы сәйкес емес деген Тағайындаулар жөніндегі комитеттің шешіміне келіспей отыр.   

Гладышев мырзаның кандидатурасы сайлау процесіне қатысу үшін жіберілді, акционерлердің Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы заңының» ережелеріне сәйкес барлық кандидаттарға, соның ішінде Гладышев мырзаның кандидатурасына дауыс беруге мүмкіндіктері болды.

Сот мәлімденген талаптар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қарауға жатпайды және бұл мәселе шешімдері дауланбаған қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының құзыретіне кіреді деп белгіледі.     

 

***

2017 жылдың 30 маусымында аяқталған алғашқы алты айға арналған қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есептілік, сондай-ақ қаржылық жағдайды талдау мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелері Компанияның веб-сайтында (www.kmgep.kz) жарияланады.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

 

Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
Генри Лервил
e-mail: KMGEP@bellpottinger.com

Анықтама

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

 

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.



[1] Сомалар оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін ғана жиынтық кіріс туралы топтастырылған есеп пен ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша және қаржылық жағдай туралы топтастырылған есеп үшін кезең соңындағы бағам бойынша АҚШ долларына ауыстырылды (6А2017 және 6А2016 үшін орташа бағам тиісінше 318,68 және 345,35 теңге/АҚШ долларын; 2017 жылғы 30 маусымда, 2017 жылғы 31 наурызда және 2016 жылғы 31 желтоқсанда кезең соңындағы бағам тиісінше 322,27, 313,73 және 333,29 теңге/АҚШ долларын құрады).

[2] EBITDA үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын кәсіпорындарға қатысу кірістерін, қаржылық кірістерді және тозу мен амортизация бойынша ақшалай емес шығындарды Компанияның операциялық пайдасына қосу арқылы есептеледі.

[3] Есептік кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қарыз сомасы шегеріліп, ақша қаражаты, олардың баламалары және өзге қаржы активтерінің сомасы ретінде есептеледі.

[4] Мұнайдың өзіндік құны және мұнай өңдеу зауыттарына дейін мұнай тасымалдау шығындары есепке алынбады.

[5] KS EP Investments BV компаниясы Карповский Северный ЖШС-нің 100% үлесін иемденеді.

[6] 2016 жылдың сәуір айына дейін Компания ішкі нарыққа жеткізілімдер бойынша міндеттемелерді орындау үшін өндірілген мұнайдың бір бөлігін «ҚазМұнайгаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ға («ҚМГ ӨМ») жеткізіп тұрды. 2016 жылдың сәуірінен бастап Компания шикі мұнайды АМӨЗ бен ПМХЗ-да өңдеп, мұнай өнімдерін сату агенті ретінде жұмыс істейтін ҚМГ ӨМ арқылы өздігінен сата бастады.  

[7] 2013 жылдың 4 тоқсанынан бастап күрделі салымдар негізгі құралдар мен материалдық емес активтерден түсім ретінде көрсетілген. Бұған дейін олар ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке сәйкес негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу ретінде көрсетіліп келген.

[8] Күрделі салымдар сомасы 49%-дық үлесті сатып алғанан кейін Карповский Северный ЖШС-нің бюджетін топтастырады.

[9] Сомалар оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін ғана 360 теңге/АҚШ доллары бюджеттік бағам бойынша ауыстырылды.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2017 жылдың алғашқы алты айындағы қаржылық нәтижелер .pdf (634 Кб) Көшіріп алу
Наверх