Баспасөз хабарламалары

20 қазан, 2017

ҚМГ БӨ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізді

Астана, 20 қазан 2017 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2017 жылғы 19 қазанда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын («АКЖЖ») өткізді.

АКЖЖ шешімі бойынша, ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Гончаров Игорь Валерьевичтің орнына ҚМГ директорлар кеңесінің құрамына «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Өндіру, барлау және мұнай сервистері жөніндегі атқарушы вице-президенті Карпушин Олег Вячеславович сайланды. 
Бұдан басқа, АКЖЖ шешімі бойынша ҚМГ БӨ тәуелсіз атқарушы емес директорларына өздерінің міндеттерін орындағаны үшін оларға сыйақы төлеудің қосымша көлемдері мен шарттары айқындалды.

Анықтама

Карпушин Олег Вячеславович, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Өндіру, барлау және мұнай сервистері жөніндегі атқарушы вице-президенті. Ресей Мемлекеттік мұнай және газ академиясын «тау-кен инженер-геологы» мамандығы бойынша үздік бітірді және Дьюк университетінің (АҚШ) Фьюкуа Бизнес мектебінде МВА бағдарламасын тәмамдады. 11 жылдан астам Shell концерні компаниялары тобында, соның ішінде «Салым Петролеум Девелопмент Н.В.», «Shell Petroleum Development Company of Nigeria», «Сахалин Энержи Инвестмент Ко.». компанияларында басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ, «Новатэк» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары – өндіріс жөніндегі директоры болды.


ҚМГ БӨ 2016 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты

 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

 «ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz  

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
e-mail: KMGEP@finsbury.com

 Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 

ҚМГ БӨ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізді (139 Кб) Көшіріп алу
Наверх