Қоршаған ортаны қорғау

  • Радиоактивті құбырларды тазарту
    Өзен кен орнында мұнай өндіру барысында сораптық-компрессорлық құбырлар мен басқа да құрылғылардың бетінде радиоактивті тұздар мен металлдар қалыптасады. 2016 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да 4000 тонна радиоактивті құбыр мен құрылғы тазартылып, қайта пайдалануға берілді.
  • Каспий акваториясын қорғау
    Каспий теңізін ластанудан қорғау үшін соңғы жылдары біздің компания арнайы толтырғышы бар көп сатылы металл конструкциясын қолданады. «Рено матрацтары» деп аталатын бұл қондырғылар жағалауды жар көшкінінен қорғайды. Осылайша, Атырау облысындағы Терең-Өзек және Батыс Прорва кен орындарында ұзындығы 8,6 шақырымдық қорғаныс дамбасы күшейтілді.Бекітілген Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы шеңберінде бақылау орындарының 7 жерінде орнатылған теңіз суы мен түптік шөгінділердің сапасына жыл сайын мониторингтік зерттеулер, теңіз ұңғымаларының жағдайына ай сайынғы тексерістер, ал тоқсан сайын – қарап-тексеру актісін жасаумен сынамаларды іріктеу жүргізіледі.
  • Газ утилизациясым «Өзенмұнайгаз» АҚ-да өндірілетін ілеспе газ «ҚазГӨЗ» ЖШС арқылы түгелдей залалсыздандырылады. «Ембімұнайгаз» АҚ-да ілеспе мұнайлы газды дамыту және өңдеу бағдарламасы әзірленді және бекітілді. Бағдарлама мақсаты кен орындарда ілеспе мұнайлы газды алау етіп жағуды қысқарту және келешекте 100%-ға жою болып табылады. Бағдарламаны іске асыру көптеген экологиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: ауаға залалды заттардың шығарылуын азайту, жердің, су нысандарының ластануын азайту, жылу әсеріне ластанғыш заттар шығарылуының салымын азайту.
    «Қаражанбасмұнай» АҚ-да өндірілетін ілеспе газ түгелдей залалсыздандырылып компанияның қажеттіліктеріне пайдаланылады.
    «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-да 2006 жылдан бері газ дайындау қондырғысы жұмыс істейді, соның арқасында компания Қызылорда қаласын құрғақ газбен қамтамасыз етеді және ілеспе газды түгелдей залалсыздандырады.
  • Өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру
    2016 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ –да 74,9 мың тонна мазутталған топырақ өңделді, оның 60 мың тоннасы энергия жинағыш қоспаға негізделген құрамында гумат бар материалмен тазартылды.8,1 мың тонна термокрекинг әдісімен және 2,8 мың тоннасы.Сонымен қатар 4 мың тонна радиациялық ластанған құбырлар тазартылды. 2016 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-да 15,2 мың тонна өндіріс қалдықтары өңделді. «Қаражанбасмұнай» АҚ территориясында 19,4 мың тонна қалдық залалсызданды, ал «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-да 10,7 мың тонна өндірістік қалдық өңделді.
  • Топырақты гидромеханикалық тәсілмен тазарту
    ҚМГ БӨ Қазақстанда алғашқылардың бірі болып өндіріс қалдықтарын гидромеханикалық тазарту тәcілін енгізді. Бұл технология бойынша, мазутталған топырақ арнайы қондырғыда деэмульгаторлар қосу арқылы Цельсий бағамымен 90 градусқа дейін ыстылған сумен жуылады. Нәтижесінде, мұнайлы сұйықтық топырақтан бөлініп шығары да арнайы қалыпқа құйылады, жуылған топырақ контейнерге жиналады, су қайта қолданылады. Осылайша, аталған технология экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қоршаған ортаға зиянды кемітеді, және мазутталған топырақты өртеу әдісін тоқтатады. 2015-2021 жылдары ӨМГ кен орындарындағы 11 шламжинағышта шоғырланған өндірістік қалдықтар аталған тәсілмен тазартылады.
  • Қоршаған ортаны ластау қаупін азайту
    Қоршаған ортаны ластау қаупін неғұрлым азайтып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін компания Өзен мен Ембі кен орындарының аумағын үнемі тексеріп тұрады. Мұнаймен ластанған жерлер табылса, биологиялық ремедиация тәсілімен тазартады.

Жыл сайын біздің компания қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларға едәуір қаражат бөледі. 2016 жылы бұл мақсатқа 3,1 млрд. теңге (9,1 млн. АҚШ доллары) жұмсалды.

Наверх