Компанияның басшылығы
Компанияның жоғары басшылығының мұнайгаз секторында айтарлықтай техникалық және коммерциялық тәжірибесі бар және Қазақстанда ірі мұнайгаз жобаларын дайындауда және оларды жүзеге асыруда басты рөл атқарады. Олар Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге белсенді атсалысқан. Компанияның жоғары басшылығы мына адамдардан тұрады:
Бас директор, Басқарма төрағасы
Алик Айдарбаев 2011 жылдың желтоқсанында ҚМГ БӨ бас директоры болып сайланды. Айдарбаев мырза В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, 1985 жылдан бері мұнайгаз саласында жұмыс істейді. Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларынан өтті, аға геолог, кейіннен технолог, мұнай және газ өндіру шебері, «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Жетібаймұнай» МГӨБ мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Әртүрлі жылдарда «Оңтүстікқазмұнайгаз» өндірістік бірлестігінде басшылық қызметтер атқарды. «Торғай Петролеум» және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. 2011 жылдың сәуірінен бері – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры. 2011 жылдың мамырында Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Бас директорының орынбасары
Владимир Мирошников 2004 жылдың сәуірінен бастап Компания Бас директорының орынбасары лауазымында қызмет істеп келеді. Мұнайгаз секторында ол 1973 жылдан бастап жұмыс істейді: «Узеньнефть» НСЕХ-те оператор және бас инженер,«МаңғыстауМұнайГаз» ААҚ, «Қарақұдықмұнай» БК, ал 2002 жылдан бастап - «ҚазМұнайГаз» ЖАҚ басшыларының бірі болды.
Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары
Абат Нұрсейітов 2012 жылдың қаңтары айынан бастап Компания бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып табылады. Компанияда 2006 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Соңғы тағайындауға дейін Компанияның өндіріс жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Мұнайгаз секторында 1986 жылдан бастап істейді, еңбек жолын мұнай және газ өндіру операторлығынан бастап «Жетібаймұнай» МГӨЦ бастығы қызметіне дейін көтерілді, Қазақмұнай ғылыми зерттеу жобалық институтында, «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис» қазақстандық филиалында түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Қазақстан мұнайының 100 жылдығы және 110 жылдығы медалімен марапатталған.
Қаржы директоры – Қаржылық бақылаушы
Бенжамин Фрейзер 2009 жылдың қаңтарынан бастап Компанияның ішкі аудит қызметінің басшысы, ал 2011 жылдың қыркүйегінен Қаржы директоры – қаржылық бақылаушы қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Kazakhmys PLC компаниялар тобында тәуекелдерді басқару жөніндегі менеджер, Қазақстандағы «Делойт», Лондондағы «N M Rotshild & Sons Limited», «HSBC Holding PLC» компанияларында қызмет атқарды. Англия және Уэльстың төралқа есепшілері институтының қауымдастық мүшесі болып табылады.
Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор
Мәлік Сәулебай 2011 жылдың сәуір айынан құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарып келеді. Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Құқықтану», «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ, «ҚазТрансОйл-Сервис» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ жұмыс істеді, мемлекеттік органдар мен банк саласы ұйымдарында еңбек тәжірибесі бар.
Логистика және келісімшарттар жөніндегі басқарушы директор
Эльдан Салимов 2004 жылдан логистика және келісімшарттар жөніндегі басқарушы директоры қызмет атқарады. Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» ЖАҚ бас директорының орынбасары қызметін атқарды, «Балалар әлемі» ААҚ, «Крафт» ЖШС басқарған, сауда саласының кәсіпорындарында жұмыс істеген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және «Қайнар» университетін бітірген.
Қызметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры
Ботагөз Әшірбекова 2011 жылдың желтоқсан айынан қызметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры қызметін атқарады. «Маңғыстаумұнайгаз», «Торғай Петролеум», «НК КОР» АҚ компанияларында адам ресурстарын басқару саласында басшылық қызметтер атқарды, сондай-ақ банк және білім беру саласы ұйымдарында жұмыс істеді. В.И. Ленин атындағы Қазан мемлекетік университетін бітірген, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты ғылым дәрежесі бар.



