Тарих
1911
Қазақстанда мұнай өндіру басталды.
1991
Кеңес Одағынан еншіге тиген мұнайгаз активтеріне иелік ететін «Қазақстанмұнайгаз» мемлекеттік корпорациясы құрылды.
1991-2002
мұнайгаз секторындағы жеке операциялардың үлестері артты: мемлекетке тиесілі активтер ҚМГ ҰК-ге (2002 жылы құрылған) берілді.
1997
ЕмбіМұнайГаз (ЕМГ) мен ӨзенМұнайГаз (ӨМГ)-дегі өзіне тиесілі акцияларды мемлекет «ҚазақМұнай» ЖАҚ-қа – Қазақстанның Ұлттық мұнай компаниясына берді.
2002
2002 жылдың ақпанында «ҚазақМұнай» ҰМК мен «Мұнай және газ тасымалдау» ЖАҚ ҰК-ны біріктіру жүргізілді, сөйтіп ҚМГ ҰК құрылды.
2004
2004 жылдың наурызында ЕмбіМұнайГаз ААҚ мен ӨзенМұнайГаз ААҚ-ны қосудың нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниясы құрылды.
2005
- кен орындарын барлау, игеру мен мұнай және газ өндіру жөніндегі мақсатты компания құру мақсатында активтерді қайта құрылымдау
- Атырау МӨЗ-дегі бақылаушы акциялар пакетін сату (2005 ж. желтоқсан).
- мұнайхимия секторындағы үлестерді 50%-дан 15%-ға дейін қысқарту (2005 ж. желтоқсан).
2006
2006 жылдың қыркүйегінде ҚМГ БӨ өзінің акцияларын қор рыногында бастапқы жариялы орналастыруды: акцияларды Қазақстан Қор биржасына орналастыруды, сондай-ақ ғаламдық депозитарлық қолхаттарды (ҒДҚ) Лондонның Қор биржасына орналастыруды жүргізді.
2007
2007 жылдың сәуірінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Қазгермұнай» БК ЖШС-дағы 50% үлесті сатып алды. 2007 жылдың желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ CCEL «Қаражанбасмұнай» компаниясындағы үлестің 50%-ын сатып алды.
2008
ҚМГ ҰК, ҚМГ БӨ және «Би Джи Групп» барлау және өндіру салапсындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Келісімде Қазақстан Республикасының және басқа елдердің жекелеген учаскелерінде көмірсутегі қорларының әлеуетін бірлесіп зеттреудің принциптері белгіленді. Компаниялар мұнай және газ өндіру саласындағы болашағы бар жобаларға бірлесіп қатысудың мүмкіндіктерін анықтау мақсатында ынтамақтасып қызмет атқаратын болады.
2009
- Желтоқсан айында Компания ПетроҚазақстан Инк. Компаниясындағы 33 % үлесті сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады.
- Standard&Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ БӨ-ге «GAMMA-6» деңгейіндегі GAMMA корпоративтік басқару рейтингін берді.
2010
- ҚМГ БӨ шілде айында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің (ҚОА) 50 %, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің (ҚТМ) 51 %, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ 100 % акцияларына иелік ететін Mangistau Investments B.V (“MIBV”) 50 % үлесін сатып алу туралы ҚМГ ҰК-мен келісімге келгенін жариялады. Мәміле реттеуші органдардың мақұлдауына жатады.
- Қыркүйек айында Компания «СапаБарлау Сервис» ЖШС-ін (кейіннен ҚМГ БӨ барлау активтері» ЖШС деп аталды, бұдан, әрі – «ҚМГ БӨ БА») және «НБК» ЖШС-ін сатып алды.
2011
- Наурыз айында ҚМГ БӨ Федоровский блогын зерттеуге лицензиясы бар «Ural Group Limited» АҚ-ның 50 %-ын сатып алды
- Сәуір айында Компания ҚМГ ҰК-дан Темір, Теріскен, Өзен-Қарамандыбас, Қаратон-Сарықамыс барлау блоктарын сатып алды.



