Барлау

ҚМГ БӨ-нің бас компаниямен ерекше қарым-қатынасының арқасында Қазақстандағы көмірсутегі қорларына басымдықты кіру құқығыне ие. Сатуға қойылатын жұмыс істеп тұрған мұнай-газ активтерін сатып алуға басымдықты құқықпен қатар Компанияның мемлекетпен тікелей келіссөздер жолымен ҚМГ ҰК алатын жаңа учаскелерге кіру мүмкіндігі бар. Мұндай артықшылық Компанияға Қазақстанда ірі трансұлттық мұнай-газ корпорацияларымен тиімді бәсекелесе отырып, өзінің геологиялық барлау активтері қоржынын толтыруға мүмкіндік береді.

Компания Қазақстанның Каспий теңізі қайраңында ғана емес, құрылықта да мұнай мен газ барлау және өндіру саласындағы қуатты әлеуетін сақтап қалатындығына сенімді. ҚМГ БӨ Лиман, Тайсойған, Р-9 учаскелерінде, сондай-ақ Өзен мен Қарамандыбас кен орындарына жалғасып жатқан учаскелерде барлау жүргізуде. Компанияның пікірі бойынша тұзасты кешені деп аталатын 3-3,5 шақырым тереңдікте орналасқан құрылымдар ерекше қызығушылық тудырады. Тұзасты кешенін қазіргі заманғы сейсмикалық әдістермен зерттеу ҚМГ БӨ-нің 2008 жылғы геологиялық барлау бағдарламасының басымдықты бағыты болып табылады.

Компания қолда бар барлау блоктарында сейсмикалық зерттеулер жүргізуді жалғастыруды, Лиман және Р-9 блоктарында тұзасты құрылымдарына екі барлау ұңғымасын бұрғылауға кірісуді, барлау активтері қоржынын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Барлау активтерін сатып алу ҚМГ БӨ-нің гелогиялық барлау саласындағы жаңа стратегиясын білдіреді: Компания 2010 жылдың қыркүйек айында «сапаБарлау Сервис» ЖШС-ін (кейіннен ҚМГ БӨ барлау активтері» ЖШС деп аталды, бұдан, әрі – «ҚМГ БӨ БА») және «НБК» ЖШС-ін, 2011 жылдың наурыз айында Федоровский блогын зерттеуге лицензиясы бар «Ural Group Limited» АҚ-ның 50 %-ын, сондай»-ақ 2011 жылдың сәуірінде Темір, Теріскен, Өзен-Қарамандыбас, Қаратон-Сарықамыс барлау блоктарын сатып алды.

Наверх