|
|
||
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
Компанияның тиімділігін арттырудың және оның акционерлік құнының өсуінің шешуші элементі ретінде Компания өндірісті жетілдіруге және қазіргі заманғы технологияларды енгізуге инвестицияларды қарастыруда.ҚМГ БӨ өндіріс саласында кен орындарын игеру жүйесін оңтайландыру, жөндеуаралық кезеңді ұзарту және құбыр желілерінің жұмыс істеуі мерзімін арттыру тұрғысында жұмыс істейді. Бұл мәселелерді модельдендірудің қазіргі заманғы әдістерін қолданудың, неғұрлым жетілдірілген жабдықтар мен материалдарды пайдаланудың, автоматтандыруды енгізудің есебінен шешуге болады. Өндірістік циклдың тиімділігін арттырудың тағы бір бағыты – жер бетіндегі инфрақұрылымдарды, атап айтқанда, мұнай жинау және дайындау пункттерін жетілдіру. Компания өндіріс саласында ғана емес, өз қызметінің басқа салаларында да тиімділікті арттыруға ұмтылуда. Осылайша материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен маркетинг процестерінің басым бөлігі жетілдірілді не жетілдіру процесінде. ҚМГ БӨ инновациялық, қалдығы аз және қуат үнемдеуші технологияларды инвестицияландырады. Қазіргі заманғы технологияларды енгізе отырып, Компания бұл жұмыстың экологиялық салдарын да ұмытпайды. Өндірісті жетілдіруге инвестициялар қоршаған ортаға зардап келтірместен еңбек өнімділі мен пайда деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. |
|