|
|
||
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
ҚМГ БӨ өзіне әлеуметтік әріптестікті, білім беру жобаларын, демеушілікті және Компанияның қызметкерлері мен олардың отбасыларын қолдауды қамтитын көп қырлы әлеуметтік бағдарлама әзірледі және оны табысты енгізуде. Компания, сондай-ақ өзінің өндірістік қызметі аймақтарында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өзінің жауапкершілігіне шынайы қарайды. Жалпы алғанда 2008 жылы Компания түрлі әлеуметтік мақсаттарға 30 миллионнан астам АҚШ долларын бөлді. ҚМГ БӨ, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының лайықты образы мен оның мәдени дәстүрлерін шет елдерде нығайту жөніндегі жұмысты да табысты жалғастырып келеді. Компания жер қойнауын падалануға арналған келісім-шарттардың шегінде әлеуметтік серіктестік, демеушілік, Ұжымдық шарттың шеңберінде әлеуметтік-еңбек қатынастары сияқты бірнеше бағыттарда әлеуметтік саясат жүргізеді. Әлеуметтік әріптестк бағдарламасы тиісті аймақтардың инфрақұрылымдарын дамытуға жәрдемдесетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға сәйкес Компанияның міндеттемелерін іске асыруды қамтамасыз етеді. Компанияның аталған бағдарламаның шеңберіндегі аударымдары жергілікті билік органдарының күшімен түрлі әлеуметтік объектілерді: мектептерді, жолдарды, сауықтыру, мәдени және спорт орталықтарын салуға және жөндеуге жұмсалады. Компания , сондай-ақ спорттық және қоғамдық ұйымдарға ұдайы қолдау көрсетіп отырады. Демеушілік көмек Компанияның әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. ҚМГ БӨ халықтың аз қамтылған және әлеуметтік хал-жағдайы нашар жіктеріне, мүгедектерге, жетімдерге, зейнеткерлерге, мәдениет қайраткерлеріне, білім беру мен спортқа қаржылай қолдау көрсетеді, ҚазМұнайГаз компаниялары тобының әлеуметтік мәні бар бағдарламаларына демеуші ретінде қатысады. 2007 жылы Компания осы арқылы мемлекеттің жұмыс беруші мен еңбек ұжымдарының өкілдері ретінде кәсіподақтардың арасындағы қатынастарды регламенттеу саясатын қолдап әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында маңызды қадам жасады. ҚМГ БӨ «КИОГЕ» халықаралық мұнай және газ көрмесі мен Евразиялық Энергетикалық форум сияқты жыл сайынғы іс-шаралардың тұрақты демеушісі болып табылады. Еңбек пен қоршаған ортаны қорғауКомпания қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту, қауіпсіздігі және денсаулығы мәселелеріне мұқият көңіл бөледі. Бұл міндеттерді шешу ҚМГ БӨ үшін бірінші кезекті болып табылады және ұдайы Директорлар кеңесінің бақылауында болады.Компания еңбек қорғау, денсаулық және техника қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес қызметкерлердің еңбек жағдайының мониторингін жүзеге асырады, жұмыс орындарында жан-жақты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тренингтер өткізеді, жаңа техникалық шешімдер енгізеді, корпоративтік арнайы киімдердің бірыңғай үлгісін енгізді. Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жергілікті тұрғындарға, Компанияның қызметкерлеріне көмек көрсетуді ғана емес, сондай-ақ ҚМГ БӨ-нің қызметі аймақтарындағы қоршаған орта туралы қамқорлық көрсетуді де ниет ететіндігін түсінеді. Компания инновациялық, қалдығы аз және қуат үнемдеуші технологияларды инвестициялайды, сондай-ақ экологиялық жобаларды қаржыландыруды жылдан жылға арттырып келеді. Осылайша, биотехнологияның отандық әзірленімдерін қолдана отырып қалдықтарды кәдеге жарату, ластанған аумақтарды оңалту, Каспий теңізі айдынының ластануының алдын алу жөніндегі жобаларды іске асыруда. 2007 жылы Компания ондаған жылдар бойы жинақталған қалдықтардың көлемін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін мазутталған топырақты қайта өңдеу жөніндегі жоғары өнімді жабдық сатып алды. Қазіргі кезде бұл жабдық монтаждалды, оны байқаулық сынақ жүргізілді; келесі кезеңде оны өндірістік пайдалану басталады. Оның үстіне, Компания бұрын жоғалтылған аймақтарды шаруашылықтық айналысқа қайтаруға мүмкіндік беретін жерлерді қалпына келтірудің цеолитті-микробиологиялық әдісін қолдану арқылы құрылым кезеңі тарихи ластанған аумақтарды оңалту жөніндегі жұмыстарды тиімді жүзеге асыруда. Осылайша, Компания мемлекеттің қоршаған ортаны тұрақты дамыту жөніндегі стратегиясын іске асыруға өзінің үлесін қосуда. 2007 жылдың қыркүйегінде Компания Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қорғау мәселесі жөніндегі негізгі мамандандырылған іс-шара болып табылатын ECO TECH- 2007 конференциясының бас демеушісі болды. Компания Қазақстанның мәдени дәстүрін зерттеуге әрі сақтауға және еліміздің халықаралық аренадағы бет-бейнесін арттыруға бағытталған жобаларға қолдау көрсетеді. 2007 жылдың шілдесінде «Көнеден жеткен жігер: батысқа көзқарас» жобасы тұсауын кесті. Жалпы алғанда, 2007 жылы Компания әлеуметтік жобаларға 3,7 млрд. теңге, 30 миллинға жуық АҚШ доллары сомасында қаражат бөлді, олардың ішінде жер қойнауын падалануға арналған келісім-шарттардың шеңберінде - 947 млн. теңгеге жуық, демеушілік жобаларға – 980 млн. теңгеден астам, әлеуметтік мәні бар объектілердің құрылысын салуға – 1,8 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді. |
|