Жай акцияларды сатып алу
Директорлар кеңесінің 2011 жылдың 15 қыркүйек күнгі шешіміне сәйкес, Компания 2011 жылдың 11 қазанынан бастап өзінің жай акцияларын (Акция) және Жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) кері сатып алу бағдарламасының жүзеге асыруға кірісті. Бағдарлама аясында Компания 300 млн. АҚШ долларына дейінгі сомаға Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырылған қарапайым акцияларды және Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) сатып ала алады. Акцияларды кері сатып алу процесі қор биржаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және 2012 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын болады.
Бұл кестеден соңғы 5 транзакцияны көруге болады. Акцияларды сатып алу туралы барлық ақпараттарды жүктеу үшін «Барлық кезеңдегі есепті жүктеу» сілтемесін басыңыз.
Датасы | Сатып алынған акциялардың саны (RDGZ) | Бір акция үшін орташа баға, теңге | Сатып алынған АДҚ саны (KMG) | Бір АДҚ үшін АҚШ долларымен орташа баға | Баспасөз-релизі |
00.00.0000 | Көшіріп алу | ||||
31.12.2012 | 0 | 0 | 588 | 18,19 | Көшіріп алу |
28.12.2012 | 0 | 0 | 27 834 | 17,99 | Көшіріп алу |
27.12.2012 | 0 | 0 | 18 800 | 18,21 | Көшіріп алу |
25.12.2012 | 42 | 16 500 | 0 | 0,00 | Көшіріп алу |
Осы сәтке сатып алынған акциялардың жиынтығы | 19 461 |
Бір акция үшін орташа баға | 16 532 тг. |
Осы сәтке сатып алынған АДҚ-ның жиынтығы | 14 386 605 |
Бір АДҚ үшін орташа баға | 18,0662 $ |
Артықшылықты акцияларды сатып алу
Директорлар кеңесінің 2010 жылдың 23-ақпандағы шешіміне сәйкес, Компания «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ында (KASE) өзінің артықшылықты акцияларын сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бағдарлама шарттарына сәйкес, Компания артықшылықты акцияларды 4 136 107 акцияға дейін мөлшерде (яғни, Компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санының 100%-на дейін), қарапайым акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттарды сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты Компанияның жұмсаған шығындарын алып тастағанда, Директорлар кеңесі шешім қабылдаған күндегі Компанияның өзіндік капиталының 10%-ынан аспайтын сомада сатып алуға ниеттеніп отыр.
Компания сатып алу бағдарламасын 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін KASE-де жүргізілетін мамандандырылған сауда серияларын өткізу жолымен жүзеге асыратын болады. Биржалық кеңестің 2010 жылдың 4-наурызы күнгі шешімімен Компанияның артықшылықты акциялары KASE-нің ресми тізіміне (RDGZp) енгізілді және 2010 жылдың 9-наурызы күнінен бастап саудаға жіберілді.
KASE-дағы мамандандырылған саудалардың аясында ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларына RDGZpА сауда коды берілді.
Төмендегі кесте өткізілген мамандандырылған саудалардың нәтижелері көрсетілген
Дата | Сатып алыннған акциялар саны (RDGZpА), дана. | Бір акцияның бағасы, теңге | Сатып алынған акциялардың сомасы, теңге |
---|---|---|---|
21.12.2011 | 160 473 | 13 056,57 | 2 095 226 957,61 |
25.10.2011 | 27 665 | 14 116,40 | 390 530 206,00 |
31.08.2011 | 9 320 | 13 824,81 | 128 847 229,20 |
27.06.2011 | 97 003 | 17 857,02 | 1 732 184 511,06 |
04.05.2011 | 196 172 | 19 773,24 | 3 878 956 037,28 |
31.01.2011 | 236 430 | 19 253,25 | 4 552 045 897,50 |
30.11.2010 | 362 355 | 17 407,98 | 6 307 868 592,90 |
30.09.2010 | 220 598 | 15 472,39 | 3 413 178 289,22 |
30.07.2010 | 456 148 | 17 980,93 | 8 201 965 257,64 |
28.05.2010 | 26 384 | 17 093,43 | 450 993 057,12 |
09.04.2010 | 65 224 | 21 988,89 | 1 434 203 361,36 |
10.03.2010 | 92 771 | 21 180,06 | 1 964 895 346,26 |
09.03.2010 | 122 733 | 21 060,52 | 2 584 820 801,16 |
Жиыны: | 2 073 276 | 17 911,61 | 37 135 715 544,31 |
Артықшылықты акцияларды ұстаушылар бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты АӨҚО ақпараттық-анықтамалық қызметіне 8-8000-800-177 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін, қалалық нөмірден теру керек) нөмірі арқылы хабарласып алуына болады.
Сатып алу бағдарламасына қатысу үшін артықшылықты акцияларды ұстаушыларға арналған жадынама Жүктеу
Жай акцияларды сатып алу (11/2008 - 10/2009)
Осы сәтке сатып алынған акциялардың жиынтығы | 110 632 |
Бір акция үшін орташа баға | 12 968 тг. |
Осы сәтке сатып алынған АДҚ-ның жиынтығы | 8 699 697 |
Бір АДҚ үшін орташа баға | 15,1371 $ |
Кері байланыс