Баспасөз хабарламалары

12 сәуір, 2017

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері 

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында Директорлар кеңесі 2016 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд мөлшерін ұсынды, 2017 жылға арналған күрделі салымдар жоспарына түзетуді бекітті және 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап мұнайды қайта өңдеуге тарифтердің көтерілуін мақұлдады.  

 2016 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд мөлшері ұсынылды
2016 жылдың қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі 2016 жылдың қорытындысы бойынша төленетін, ҚМГ БӨ-нің бір жай және артықшылықты акциясына дивиденд мөлшерін ұсынды. Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы («АЖЖЖ») тиісті шешім қабылдаған жағдайда, бір жай және артықшылықты акцияға дивиденд мөлшері 289 теңгені (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсталатын салықтарды қоса алғанда) құрайды. Дивиденд сомасы 19,8 млрд теңгені[1] (63 млн АҚШ доллары[2]), немесе 2016 жыл үшін Компанияның шоғырландырылған таза пайдасының 15%-ын құрайды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Директорлар кеңесі АЖЖЖ күнін 2017 жылдың 23 мамырына белгіледі.
АЖЖЖ мақұлдаған жағдайда, 2016 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлемі 2017 жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша (күн соңында) акционерлердің тізілімі негізінде жүргізіледі және 2017 жылғы 3 шілдеде басталады.  

 2017 жылға арналған бюджетті түзету
Директорлар кеңесі 2017 жылы күрделі салымдарды 133 млрд теңгеге (369 млн АҚШ доллары[3]) дейін ұлғайтуды бекітті, бұл бұрын айтылған болжамдардан 14,1 млрд теңгеге немесе 12%-ға жоғары. Қосымша инвестициялар мұнай өндіру тиімділігіне байланысты іс-шараларға бағытталды, атап айтқанда, бүйір оқпандарды кесу және өндіруші ұңғымаларды тереңдету, негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс-монтаждау жұмыстары, әлеуметтік жағдайды жақсарту, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді өтеу үшін газды жоюға байланысты күрделі салымдар.   

 Мұнайды қайта өңдеуге тарифтерді көтеру
Бұған дейін бекітілген 2017 жылдың бюджетіне және Компанияның алдыңғы мәлімдемелеріне сәйкес Директорлар кеңесі 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап мұнайды қайта өңдеуге тарифтердің көтерілуін мақұлдады.  Бір тонна мұнайды қайта өңдеу құны Атырау мұнай өңдеу зауытында 24 512 теңгені (бұрын – 20 501 теңге), Павлодар мұнай-химия зауытында 16 417 теңгені (бұрын – 14 895 теңге) құрайды.

 АНЫҚТАМА 

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты. 

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

 «ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

 Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
Генри Лервил
e-mail: KMGEP@bellpottinger.com

 Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

[1] 2017 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша айналымдағы жай және артықшылықты акциялар саны негізінде есептелді. 

[2] 2017 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша Қазакстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамына сәйкес ауыстырылды.    

[3] Сомалар оқырмандарға ыңғайлы болу үшін ғана 360 теңге/АҚШ доллары бюджеттік бағам бойынша АҚШ долларына ауыстырылды.   

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері (146 Кб) Көшіріп алу
Наверх