Баспасөз хабарламалары

12 сәуір, 2017

ҚМГ БӨ Тәуелсіз Атқарушы Емес Директорларының («ТАЕД») мәлімдемесі 

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания»)

2016 жылға дивиденд төлеу

Кіріспе
12 сәуірде ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2016 жыл үшін бір акцияға 289 теңге мөлшерінде (ҒДҚ үшін 0,15 АҚШ доллары, 311,37 орташа айырбастау бағамы бойынша ауыстырылды) дивиденд төлеу туралы өзінің шешімін жариялады. Осы дивидендті төлеу кезінде Компанияның 63 млн АҚШ доллары ақша қаражаты пайдаланылады және дивиденд 2017 жылғы 11 сәуірдегі ҒДҚ үшін 10.25 АҚШ доллары деңгейінде ҒДҚ-ның жабылу бағасына қатынасы бойынша 1,5% деңгейінде дивидендтік кірістілікті көздейді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ («ҚМГ ҰК») дивиденд төлеу туралы осы шешімге ықпал ету үшін  ҚМГ БӨ Директорлар кеңесіндегі өзінің бақылаушы жағдайын пайдаланды. ТАЕД бұдан да жоғары дивиденд төлеу жөнінде пікірлерін білдірді, бұл мәлімдемеде 2016 жылға дивидендтің барынша оңтайлы мөлшеріне қатысты олардың көзқарастары мазмұндалды.

Алғышарттар
2016 жылдың ішінде Компанияның басшылығы жақсы операциялық нәтижелерге жетті және салық салынғаннан кейін 132 млрд теңге (шамамен 385 млн АҚШ доллары, 2016 жылғы 341,8 орташа айырбастау бағамы бойынша ауыстырылды) мөлшеріндегі табысы туралы хабарлады. Компания 98,3 млрд теңге (288 млн АҚШ долларына жуық) көлемінде еркін ақша ағынын алды. 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның таза ақша қаражатының сомасы жыл басындағы 3,2 млрд АҚШ долларымен салыстырғанда 3,5 млрд АҚШ долларын құрады. 

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2016 жылға дивиденд төлеу мәселесін талқылаған кезінде ТАЕД мұнай-газ секторы басынан өткерген және өткеріп жатқан қалыптасқан нарық конъюктурасының тұрақты сындарына қарамастан, дивидендті тұрақты төлеуді қолдайтын, листингтен өтетін мұнай-газ компанияларының жуырдағы нарықтық практикасына назар аударды. 2017 жылғы 7 сәуірде мұнай-газ секторының FTSE350 индексінің дивидендтік кірістілігі 6,4%-ды құрады, ал MSCI әлемдік ықпалдастырылған мұнай-газ индексі бойынша дивидендтік кірістілік 4,6%-ды құрады. ҚМГ ҰК-ның ықтимал листингі туралы ағымдағы талқылауды ескере отырып, ТАЕД қынжылыс білдірді, өйткені Компанияның Директорлар кеңесіндегі ҚМГ ҰК өкілдері нарықтық деңгеймен салыстырмалы кірістілікпен дивиденд төлеу туралы ұсынысты қабылдамады.

Дивиденд бойынша ТАЕД ұсыныстары
ТАЕД Компанияның мықты операциялық нәтижелерін; салық салынғаннан кейін  табысқа жетуін; оң еркін ақша ағынын алуын; Компанияның мықты қаржылық жағдайын; және мұнай-газ секторындағы салыстырмалы нарықтық дивидендтік кірістілігін назарға ала отырып, акцияға 1 155 теңге (ҒДҚ үшін 0,62 АҚШ доллары) мөлшерінде дивиденд төлеу барынша қолайлы болады деп санайды. Мұндай дивиденд (249 млн АҚШ доллары) төлеудің жалпы сомасы салық салынғаннан кейін Компания пайдасының 64,7%-ын және еркін ақша қаражатының 86,5 %-ын құрайды, бұл 6,2% деңгейіндегі дивидендтік кірістілікті көздейді. Ұсынылған дивиденд төленгеннен кейін таза ақша қаражатының сомасы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша болжаммен 3,27 млрд АҚШ долларын құрайтын еді. 

ТАЕД Компанияның ақша қаражатының шоғырлануы ҚМГ ҰК-ның қаржылық тұрақтылығы үшін, әсіресе олардың бірқатар облигацияларын реттейтін ковенанттарға қатысты елеулі пайдасын тигізетінін біледі. ТАЕД Директорлар кеңесіндегі ҚМГ ҰК өкілдері ҚМГ ҰК мүддесі үшін Компанияның балансында таза ақша қаражатының өте үлкен сомасын қалдыру үшін дауыс беруді жалғастырғанына қарамастан, бұл Компанияның немесе жалпы акционерлердің мүдделеріне қайшы келеді деп пайымдайды. ТАЕД қаржылық жағдайы мықты тәуелсіз мұнай-газ компаниясының Директорлар кеңесі Компания жариялағандай дивиденд төлеу туралы осыған ұқсас шешім қабылдайтынына үлкен күмән келтіреді. 

Компания IPO-ға шыққан кезде ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі дивидендтік саясатты бекітті, оған сәйкес дивидендтік төлемдердің мөлшері салық салынғаннан кейін пайданың 15%-нан кем болмауға тиіс. Бұл  дивидендтік саясат Қазақстанда құрлық пен теңіздегі мұнай-газ активтеріне инвестициялау стратегиясы аясында, сондай-ақ Компанияның акционерлік құнын барынша көбейту мақсатында халықаралық инвестициялық стратегияның деңгейіне жетуге ұмтылу шеңберінде тұжырымдалды. 2010 жылдан бастап Компания осы стратегияны іске асыра алмады. Тиісінше, ТАЕД салық салынғаннан кейін пайданың 15% мөлшерінде дивиденд төлеу коэффициентін енді өзекті деп есептемейді, өйткені Компанияда инвестицияланбаған ақша қаражатының елеулі сомасы жиналды. 2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған соңғы үш жыл ішінде (2015 жылдың алдындағы ең жақын кезеңдер бола тұра, ҚМГ ҰК Компанияның Директорлар кеңесіндегі өзінің бақылаушы дауысын пайдаланғанға дейін, соның нәтижесінде Компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу ұсынылды) салық салынғаннан кейін таза пайда көлемінен дивиденд төлеу коэффициенті тиісінше 68,6%, 95,0% және 63,9%-ды құрады.

Арнайы дивиденд
Соңғы төрт жыл ішінде ТАЕД тиісті қаржылық жылдың нәтижелері бойынша жарияланған дивидендке қосымша ретінде арнайы дивиденд төлеуге ұсыныс жасап келеді. Қандай да бір қомақты сатып алулардың немесе барлауға инвестициялардың жоқтығы акционерлерге арнайы дивиденд төлеу түрінде ақша қаражатының қалдығын қайтару бойынша ТАЕД ұсынысы үшін негіздеме болып табылады. ҚМГ ҰК да осы ұсынысты қабылдамау үшін Компанияның Директорлар кеңесіндегі өзінің бақылауын пайдаланды. 

 АНЫҚТАМА 

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») ҚМГ БӨ Тәуелсіз Атқарушы Емес Директорларының («ТАЕД») мәлімдемесі (146 Кб) Көшіріп алу
Наверх