Ұжымдық шарт

  • Ұжымдық шарт қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне емделу мен сауықтыруға, еңбектің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасына арналған шығыстарға кепілдік береді.
  • Ұжымдық шарттың шеңберінде 1 қызметкерге арналған шығыстар жылына 1 млн. 184 мың теңгені құрайды. Құжат қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері үшін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді, өтемақылар мен материалдық көмектер төлеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ еңбекақы төлеудің нысандары мен мөлшерлерін, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының нормаларын айқындайды.
  • Компания мұнай кәсіпшіліктерінде жұмыс істейтін мұнайшылар үшін қажетті тұрмыстық жағдайды қамтамасыз етеді. Жұмыстың вахталық режимі мен еңбек ететін қызметкерлерді Компания жатақханалармен және асханалармен қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді автомобиль және темір жол көліктерімен жұмысқа және кері қарай тасымалдауды жүзеге асырады.
  • Компания вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерді үш мәрте ыстық тағаммен, сондай-ақ мұнай кәсіпшіліктерінде және өнеркәсіптік аймақта жұмыс істейтіндерді ыстық түскі аспен және құрғақ тағамдармен қамтамасыз етеді. Еңбек міндеттерін тамақтану орындарынан алыста орындайтын қызметкерлер термостық ыстық тағаммен жабдықталады.
  • Компания оларды асханалармен, шаруашылық-тұрмыстық кешендермен, киім шешетін жері бар душтармен және т.б. қамтамасыз ете отырып, қызметкерлер үшін қажетті жағдай жасайды.
  • Жұмыс істейтін әйелдерге 50 және 55 жасқа толғанда 50 және 55 ЕЕК, ер адамдарға 50 және 60 жасқа толғанда – тиісінше 50 және 60 ЕЕК төленеді.
  • Бала туған кезде қызметкер біржолғы 50 ЕЕК және бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын 20 ЕЕК алады.
  • Отан қорғаушылар күніне Ауған соғысына қатысқан қызметкерлер-жауынгерлер және Мүгедектер күніне бала кезінен мүгедек балалары бар қызметкерлерге 50 ЕЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, үшінші топтағы мүгедек қызметкерлер Мүгідектер күніне 30 ЕЕК алады.
  • Компания қызметкерлер мен үш адамға дейін олардың отбасы мүшелерін жылына 750 мың теңгеге медициналық сақтандыруды қамтамасыз етеді. Еңбек демалысына орай сауықтыруға 60 ЕЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
  • Жыл сайынғы кәсіби тексерудің нәтижелері бойынша қызметкерлерге 120000 теңгеге дейінгі сомаға санаториялық-курорттық емделуге арналған шығындары өтеледі.
  • Компания 143 350 теңге сомаға жыл сайынғы кәсіби тексерудің нәтижелері бойынша қызметкердің «Медикер» медициналық оңалту орталығында емделуіне арналған шығыстарды өтейді.
  • Компания құрылымдық бөлімшелерге белгіленген квоталардың шегінде «Кендірлі» демалыс аймағында 10 тәулікке дейін демалуға арналған жолдама құнының 70%-ын өтейді.
  • Қызметкерлердің 7-ден 14 жасқа дейінгі балалары ҚМГ БӨ-нің қаражаты есебінен Қазақстанның, Украинаның және Түркияның сауықтыру лагерлерінде демалады.
  • Қызметкер зейнеткерлік жасқа жеткен және еңбек қатынастарын бұзған кезде оған жұмыс өтіліне қарай жәрдемақы төленеді. 10 жылдан 20 жылға дейінгі жұмыс өтілі кезінде 1,5 айлық жалақысы, 20 жылдан 30 жылға дейін – 3,5 айлық жалақы, 30 жылдан астам жұмыс өтілі кезінде – 3,5 айлық жалақы төленеді.
  • Күнтізбелік жылға жалпы ұзақтығы 30 күтізбелік күнге уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы мұнайгаз саласындағы жұмыс өтіліне қарай белгіленеді және мынадай мөлшерде: 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі кезінде ҚР заңнамасы бойынша 15 ЕЕК; 3-тен 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі кезінде жалақысының тұрақты бөлігінен 50% мөлшерінде; 5-тен 9 жылға дейінгі жұмыс өтілі кезінде жалақысының тұрақты бөлігінен 75% мөлшерінде; 8 жылдан астам жұмыс өтілі кезінде жалақысының тұрақты бөлігінен 100% мөлшерінде төленеді.
  • Ұжымдық шарт үш мемлекеттік мерекеге: ҚР Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің күніне, ҚР Тәуелсіздік күніне және Наурыз мейрамына 40 еселенген ЕЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді көздейді.
  • Қызметкер-әйелдер 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні құрметіне 15 ЕЕК мөлшерінде сыйақы алады.
  • Компания қызметкерлерінің Жаңаөзен қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Атырау қаласындағы жабық жүзу бассейнінде спортпен шұғылдануға арналған шығыстарын өтейді.

2007 жылы біз қызметкерлерге әлеуметтік қорғалудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін Ұжымдық шарт жасасқан Қазақстандағы алғашқы компаниялардың бірі болдық.

2008 жылы Ұжымдық шарт «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауаптылығы республикалық конкурсының қортындылары бойынша республикада ең үздік болып танылды. 2011 жылдың 7 ақпанында ҚМГ БӨ мен «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» филилдары қызметкерлерінің арасында 2011-2013 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды.

2013 жылдың желтоқсан айында ҚМГ БӨ өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарымен 2014-2016 жылдарға арналған ұжымдық келісім шартты қабылдады.

Наверх