Қоршаған ортаны қорғау

  • Радиоактивті құбырларды тазарту
    Өзен кен орнында мұнай өндіру барысында сораптық-компрессорлық құбырлар мен басқа да құрылғылардың бетінде радиоактивті тұздар мен металлдар қалыптасады. 2014 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да 1000 тонна радиоактивті құбыр мен құрылғы тазартылып, қайта пайдалануға берілді. 2015 жылы 15 мың тонна радиоактивті құбыр мен құрылғы тазарту жоспарланған.
  • Каспий акваториясын қорғау
    Каспий теңізін ластанудан қорғау үшін соңғы жылдары біздің компания арнайы толтырғышы бар көп сатылы металл конструкциясын қолданады. «Рено матрацтары» деп аталатын бұл қондырғылар жағалауды жар көшкінінен қорғайды. Осылайша, Атырау облысындағы Терең-Өзек және Батыс Прорва кен орындарында ұзындығы 5,4 шақырымдық қорғаныс дамбасы күшейтілді.
  • Газ утилизациясы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да өндірілетін ілеспе газ «ҚазГӨЗ» ЖШС арқылы түгелдей залалсыздандырылады.
    «Ембімұнайгаз» АҚ-да Исатай және Мақат аудандарында ілеспе мұнай газын дайындайтын қондырғылар салынды. Өңделген газ шаруашылық, өндірістік кәсіпорындар мен меншікті кәсіпшіліктің технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланылады. Қалған газ жергілікті халыққа сатылады.
    Прорва кен орындарында қуаттылығы жылына 150 млн³ ілеспе мұнай газын күкірттен тазартатын қондырғы салынып жатыр. Тазартылған газ «Боранкөл» газ өңдеу зауыты арқылы «Орта Азия - Орталық» магистральді газ құбырына жіберіледі. Құрылыс 2016 жылы аяқталуы тиіс.
    «Қаражанбасмұнай» АҚ-да өндірілетін ілеспе газ түгелдей залалсыздандырылып компанияның қажеттіліктеріне пайдаланылады.
    «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-да 2006 жылдан бері газ дайындау қондырғысы жұмыс істейді, соның арқасында компания Қызылорда қаласын құрғақ газбен қамтамасыз етеді және ілеспе газды түгелдей залалсыздандырады.
  • Өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру
    2014 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ –да 65 мың тонна мазутталған топырақ өңделді, оның 50 мың тоннасы энергия жинағыш қоспаға негізделген құрамында гумат бар материалмен тазартылды. А.Б. Бектуров атындағы химиялық ғылым институты ойлап тапқан бұл технология бойынша залалсыздандырылған топырақ жол құрылысына қолданылады. 2014 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-да 28 мың тонна өндіріс қалдықтары өңделді. «Қаражанбасмұнай» АҚ территориясында 32 мың тонна қалдық залалсызданды, ал «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-да 16 мың тонна өндірістік қалдық өңделді.
  • Топырақты гидромеханикалық тәсілмен тазарту
    ҚМГ БӨ Қазақстанда алғашқылардың бірі болып өндіріс қалдықтарын гидромеханикалық тазарту тәcілін енгізді. Бұл технология бойынша, мазутталған топырақ арнайы қондырғыда деэмульгаторлар қосу арқылы Цельсий бағамымен 90 градусқа дейін ыстылған сумен жуылады. Нәтижесінде, мұнайлы сұйықтық топырақтан бөлініп шығары да арнайы қалыпқа құйылады, жуылған топырақ контейнерге жиналады, су қайта қолданылады. Осылайша, аталған технология экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қоршаған ортаға зиянды кемітеді, және мазутталған топырақты өртеу әдісін тоқтатады. 2015-2021 жылдары ӨМГ кен орындарындағы 11 шламжинағышта шоғырланған өндірістік қалдықтар аталған тәсілмен тазартылады.
  • Мұнаймен ластанған жерлерді биологиялық ремедиация тәсілімен тазарту
    2013-2014 жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ-да биологиялық ремедиация тәсілімен 80 гектар жер, «Ембімұнайгаз» АҚ-да 107 гектар жер, ал «Қаражанбамұнай» АҚ аумағында 2014 жылы 20 гектар жер тазартылды. Қоршаған ортаны ластау қаупін неғұрлым азайтып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін компания Өзен мен Ембі кен орындарының аумағын үнемі тексеріп тұрады. Мұнаймен ластанған жерлер табылса, биологиялық ремедиация тәсілімен тазартады.

Жыл сайын біздің компания қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларға едәуір қаражат бөледі. 2014 жылы бұл мақсатқа 5,3 млрд. теңге (29,4 млн. АҚШ доллары) жұмсалды.

Наверх