Жоғары сападағы корпоративтік басқару ҚМГ БӨ-нің еркін және бәсекелестікті рыноктағы табысты қызметі үшін қажетті шарт болып табылады. Компанияға Директролар кеңесінің, Басқарманың және акционерлердің арасында қарым-қатынас орнататын тиімді жүйе қажет. Мұндай жүйе қомпания құнының артуына ықпал етеді және инвесторларға олардың ақшаларының тиімді пайдаланатындығына кепілдік береді. 2006 жылы өзінің акцияларын халықаралық рынокта бастапқы орналастырған сәттен бастап Компания бұл қағидаларға айрықша мән береді. IPO бастапқыда қаржылық қаражаттарды тарту жөніндегі процедура болып табылғандығына қарамастан, ол да әлемдік деңгейдегі халықаралық мұнайгаз компаниялары лайықты болуы тиіс барлық стандарттарға сай болуға ұмтылу нышаны болып табылды. ҚМГ БӨ-де корпоративтік басқару жүйесі 2006 жыл ішінде қабылданған бірқатар құжаттармен және шешімдермен реттеледі.
Компанияның корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Төраға Корпоративтік хатшының жәрдемімен Директордың біліктілігінің оның кеңестегі және оның комитеттеріндегі өз функцияларын орындауына қажетті шамада ұдайы негізде арттырылуын қамтамасыз етуге міндетті. Төраға әрбір Директормен олардың оқудағы және дамудағы қажеттіліктерін жүйелі түрде қарауға және келісуге міндетті. Директорлар кеңесінің мүшелері үшін мынадай тренингтер ұйымдастырылды:
- Корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі тренинг;
- Реттеуші ортадағы соңғы өзгерістер жөніндені тренинг;
- Тәуекелдерді басқару саласындағы тренинг.
Қазақстандық Корпоративтік басқару кодексі
Қазақстандық Корпоративтік басқаруу кодексінің негізінде ҚМГ БӨ оның өзіндік ерекшеліктерін, сондай-ақ Ұлыбританияда қолданылатын Аралас Кодекстің кейбір ережелерін ескеретін өзінің жеке Кодексін қабылдады.
Қазақстандағы корпоративтік басқарудың озық тәжірибесі корпоративтік басқарудың Қазақстандық кодексінде баяндалған. Корпоративтік басқарудың Қазақстандық кодексі Корпоративтік басқару саласындағы бар халықаралық тәжірибе мен 2002 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жанындағы Бағалы қағаздар рыногы мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің шешімімен бекітілген қазақстандық акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқару принциптерін қолдану жөніндегі ұсыным ескеріле отырып жасалған. Кодексті 2005 жылдың наурызында Қазақстан қаржыгерлері ассоциациасының кеңесі мақұлдады.
Негізгі акционермен өзара қарым-қатынастар
Негізгі акционермен қарым-қатынастарды ретке келтіру Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің өте маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. ҚМГ БӨ бас компаниямен ҚМГ БӨ-нің кәсіпкерлік тәуелсіздігі мен оның өзінің барлық акционерлерінің мүддесінде іс-әрекет ету міндетін белгілейтін Өзара қарым-қатынастар туралы шартқа қол қойды.
Тәуелсіз Директорлар Филипп Дэйер, Фрэнсис Соммер және Аластер Фергюсон Компанияның корпоративтік басқару жөніндегі өзінің міндеттерін сақтауын қамтамасыз ету жөнінде зор рөл атқарады.
Тәуелсіз Директорлар Компанияның басқа директорларымен және басшыларымен тығыз өзара іс-әрекетте жұмыс істейді. Тәуелсіз мүшелердің қатысуымен Директорлар Кеңесі аудит, сыйақылар, тағайындаулар және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттерді құрды.
Аудит, сыйақылар және тағайындаулар, стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттер
Аудит жөніндегі комитет заңнама талаптарының, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының және ішкі қаржылық бақылаудың сақталуы үшін жауап береді. Аудит жөніндегі комитетінің құрамына тек қана тәуелсіз директорлар, атап айтқанда Филипп Дэйер (Комитет төрағасы), Фрэнсис Соммер және Аластэр Фергюсон кіреді.
Тағайындаулар жөніндегі комитет директорлар құрамымен, зейнеткерлікке шығумен және Директорлар Кеңесіне уақытылы кадрлық ұсынымдар енгізумен байланысты мәселелерге жауап береді. Тағайындаулар жөніндегі комитеттің мүшелері Филипп Дэйер (Комитет төрағасы), Дәурен Қарабаев, Аластэр Фергюсон және Фрэнсис Соммер.
Сыйақылар жөніндегі комитет Компанияның жоғары лауазымды басшыларға еңбекақы төлеуге және олардың есептілігіне қатысты саясаты үшін жауап береді. Сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшелері Фрэнсис Соммер (Комитет төрағасы), Аластэр Фергюсон және Филипп Дэйер.
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет қызметінің негізгі мақсаты Компанияның Директорлар кеңесіне Компания қызметінің басымдықты бағыттары мен оны дамыту стратегияларын пысықтау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну болып табылады. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің мүшелері Аластэр Фергюсон (Комитет төрағасы), Құрманғазы Есқазиев, Дәурен Қарабаев, Филипп Дэйер және Фрэнсис Соммер.