Директорлар кеңесі

Құрманғазы Есқазиев

ҚМГ БӨ-ның Бас Директорi

2015 жылдың 23 қыркүйегінен бастап ҚМГ БӨ бас директоры (Басқарма төрағасы). «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметін қоса атқарады, ЕМГ басқарма төрағасы болмаған кезде оның атқаратын міндетін орындайды.  Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан Республикасы  көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмыс циклі үшін 2015 жылы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері.
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын    Балықшы барлау-бұрғылау басқармасының оператор-коллекторы болып бастап, одан соң Тематикалық партияда инженер-геолог болып жұмыс істеп,  «Эмбанефть» ӨБ Тампонаждау мекемесінің цементтеу жөніндегі операторы болып еңбек жолын жалғастырды. 1991-1993 жж.- Балықшы барлау-бұрғылау басқармасы №1 бұрғылау экспедициясының геологы,1993-1995 жж.- «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасының геологы. 1995-2004 жж.- мұнай қабаттарының өнімділігін арттыру және ұңғымағаларға күрделі жөндеу Атырау басқармасының бас геологы, директордың орынбасары, "Ембімұнайгаз"  ААҚ геология және мұнай-газ кен алаңдарын игеру департаментінің директоры. 2004-2008 жж. - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директордың орынбасары, кейіннен геология және игеру департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2008-2015 жж.- «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ  мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор,  геология, геофизика және резеруарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, геология және келешек жобалар жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары, операциялық емес активтер (Теңіз,Қашаған,Қарашығанақ) бойынша басқарушы директор,   геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) болып еңбек етті. 

Игорь Гончаров

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі аға вице-президенті, ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы

ҚМГ ҰК мұнай және газ өндіру жөніндегі аға вице-президенті Игорь Гончаров  2015 жылы 26 қарашада БӨ ҚМГ- ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2016 жылдың қыркүйегінде БӨ ҚМГ- ның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Томскнің технологиялық институтын Тау-кен инженері –  геофизик мамандығы бойынша бітіріп, Heriot-Watt  университетінде Мұнайгаз ісінің Магистрі дәрежесін алды. «ТомскНИПИнефть ВНК», ООО «Норд Империал» IEC Group  компанияларында, Ресей Федерациясы Томск облысының әкімшілігінде  Жер қойнауын пайдалану және мұнай өндіруші кешенді дамыту департаментінде  қызмет істеп тәжірибе жинақтады. 

Әсия Сырғабекова

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ стратегия жөніндегі вице-президенті.

Әсия Сырғабекова 1960 жылы дүниеге келді, Қазақстан азаматы болып табылады. 2006 жылғы шілдеде ҚМГ ҰК-да Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды, 2010 жылғы 26 наурызда ҚМГ БӨ Директорлар кеңесіне сайланды. Осы тағайындауға дейін 2003 жылдан бастап Халық Банкі төрағасының бірінші орынбасары, сондай-ақ 2004 – 2005 жылдар аралығында ҚР Халық Банкінің Басқарма Төрағасы қызметтерін атқарды. 1998 – 2003 жылдары «Қазақойл», «Қазтрансгазда» түрлі жоғары басқарушылық  лауазымдарды атқара отырып, Ұлттық мұнайгаз компаниясында жұмыс істеді. 1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірді.   

Серік Әбденов

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президенті

Серік Әбденов, ҚМГ ҰК адами ресурстарды басқару жөніндегі Вице-президенті, 2016 жылдың желтоқсанынан бастап ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша үздік бітірген; Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған.  РФ президенті жанындағы халық шаруашылығы Ресей академиясын «Бизнес және мемлекет өзара қарым қатынасын басқару» МВА бағдарламасы бойынша оқуынан өтті. Жұмыста басқару тәжірибесіне ие: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жетекшілік етті, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. ҚМГ ҰК құрылымында Басқарма төрағасының кеңесшісі, адами ресурстарды басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директор  қызметтерін  атқарды. 

Густав Луис Юджин Ван Меербеке

Мұнайгаз мәселелері бойынша тәуелсіз консультант

Густав Луис Юджин Ван Меербеке, Нидерландының азаматы, 1972 жылғы ақпанда Нидерландыдағы Лейден университетінің геология магистрі дәрежесін алған. Алғашқы 3 жылда ол Beers Consolidated Diamond Mines-қа іссапарға жіберіліп Оңтүстік Африкадағы британ-америкалық компанияда жұмыс істеді. 1975 жылы ол Royal Dutch/ Shell-ге жұмысқа орналасып, онда 24 жыл бойы геолог ретінде әр түрлі елдерде (Свазиленд (көмір), Ұлыбритания, Оман, Бруней, Индонезия және Нидерланды) жұмыс жасап, әр түрлі қызметтер атқарды. Нидерландыда Гаагадағы бас офисте жұмыс істеген кезде ол Таяу Шығыстағы, Оңтүстік Азиядағы және Африкадағы жаңа компанияларды дамыту және консультациялық қолдау үшін жауапты командада аймақтық геолог болып және одан кейін Ресей мен ТМД елдері үшін бизнес-консультант ретінде жұмыс істеді. Аталған қызметтерді атқара жүріп, ол Shell-дің Ресейдегі және Каспий аймағындағы елдердегі барлау және игеру жөніндегі Shell Kazakhstan Development BV, Shell Tulpar BV, Shell Temir BV, Salym Petroleum Development NV компанияларда директор лауазымына ие болды. 1999 жылы ол мұнай және газ жөніндегі салалық банкир ретінде ABNAMRO-ға жұмысқа орналасып және 2007 жылы ABNAMRO қосып алынғаннан кейін RBS-те көрсетілген қызметті атқаруды жалғастырды. 2011 жылғы 1 желтоқсанда ол зейнеткерлікке шығып, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты RBS-GBM-мен еңбек қатынастарын тоқтатты. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін,ол қолданылу мерзімі 2013 жылғы қазанда аяқталған біржолғы қызмет көрсетулерге арналған келісімшарт бойынша мұнайгаз жобаларын қаржыландыру жөніндегі аға консультант ретінде ішінара еңбекпен қамтылумен жұмысын жалғастырды. Одан кейін, ішінара еңбекпен қамтылумен әр түрлі банктер үшін кен орындарына арналған займдар беру мәмілелер бойынша мұнайгаз мәселелері жөніндегі тәуелсіз консультант ретінде жұмысын жалғастырды.

Аластэр Фергюсон

ҚМГ БӨ-ның тәуелсіз директоры.

1957 жылы туған, Ұлыбританияның азаматы. Қазіргі уақытта Фергюсон Аластэр ресейлік және украиндық энергетика бойынша клиенттерге кеңес үшін жаңа бизнестің стратегиясын дайындауға және дамытуға айрықша көңіл бөле отырып, өзінің энергетикадағы кеңесшілік бизнесін дамытуда. Оның клиенттері арасында: Statoil, Xenon Capital Partners и JKX Oil & Gas бар. Бұдан бұрын Russia Energy Advisory негізін салушы және мажоритарлық акционері болып табылды, JKX Oil & Gas және XENON Capital Partners тәуелсіз директоры болып жұмыс істеді. Инвестициялық және консалтингтік компанияда ресейдің энергетикалық секторына маманданған аға кеңесші болды.

Филип Дэер

ҚМГ БӨ-ның тәуелсіз директоры.

1951 жылы туған, Ұлыбританияның азаматы. Филип Дэер, құқық бакалавры, Машықтанған бухгалтерлер институтының мүшесі, «KPMG»-де машықтанған бухгалтер ретіндегі мамандыққа ие болды, Лондонның Қор Биржасында тіркелген компаниялар үшін консультациялар беруге маманданумен 25 жыл бойы инвестициялық-банктік қызметпен айналысқан. «Barclays De Zoete Wedd» және «Citicorp» сияқты компанияларда жұмыс істеп бай тәжірибе жинақтады. 2005 жылы «ABN AMRO Hoare Govett»-тен кетті. Одан кейін «Роснефтіге» 2006 жылы бағалы қағаздарды ұтымды орналастыру бойынша кеңес берді және оны KNOC сатып алған сәтке дейін «Dana Petroleum» аудит жөніндегі комитеттің мүшесі болды. Қазіргі уақытта компания Директорлар кеңесінің мүшесі болды, сондай-ақ AVEVA Group» аға тәуелсіз директоры болып табылады. Сондай-ақ ол «ВТБ Капитал» ЖАҚ және «Северсталь» ААҚ тәуелсіз директоры болып табылады. 2010 жылдың мамыр айынан бастап Дэйер мырза ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Эдвард Уолш

ҚМГ БӨ-ның тәуелсіз директоры.

1941 жылы туған, Ирландияның азаматы. Эдвард Уолш мұнайгаз саласында 35 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Уолш мырза British Petroleum мен British Gas-да түрлі лауазымдарда қызмет істеді және бұл компаниялардың Нигерияда, Абу-Дабида, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда барлау және өндіру жөніндегі қызметтері үшін жауап берді. Уолш мырза Дублин университетінің қатты заттардың химиясы жөніндегі ғылым докторы болып табылады. 2006 жылдың 28 тамызында Компанияның Директорлар Кеңесіне сайланды. Тағайындаулар және cтратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттердің төрағасы, аудит және сыйақылар жөніндегі комитеттердің мүшесі.

Наверх