Тарих

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазақстан Республикасы ұлттық мұнай-газ компаниясы – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ еншілес компаниясы.

ҚМГ БӨ 2004 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ («ӨМГ») және «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) бірігуі арқылы құрылды.

  • 2016

    • 2016 жылдың сәуір айында «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ішкі нарыққа жеткізілімдер үшін мұнайдың дербес процессингі схемасына көшті.
  • 2015

    • Бизнесті трансформациялау бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-да бірнеше пилоттық жобаларды іске асыру басталды. Бұл – материалдық-техникалық қамтамасыз ету (МТҚ) барысын оңтайландыру, мұнай кәсіпшілігі құрылғыларына техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу (ТҚҚЖ) барысын оңтайландыру, Уаз кен орны базасында Интеллектуалды кен орны тұжырымдамасын енгізу. Осы жобалар мұнай өндіруді оңтайландыруға, шығындарды қысқартуға және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.
  • 2014

    • 2014 жылдың желтоқсанында Ақсай мұнай-газ кен орны пайдалануға берілді, осы кен орнын игеру лицензиясы ҚМГ БӨ-нің Қызылорда облысындағы бірлескен компаниясы – ҚГМ-ге тиесілі. Бұл мұнай өндірісі көлемін қазіргі деңгейде тұрақтандыруға жәрдемдесетіні күтілуде. Бұған қоса, газдың қосымша көлемі компанияға Қызылорда қаласын «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік міндеттемелерін тұрақты орындауға мүмкіндік береді.
  • 2013

    • Жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 2013 жылдың маусымында «Өзенмұнайгаз» АҚ-да диагностикалау және жерасты жабдықтарын жөндеу цехы пайдалануға берілді. Цехтың қуаттылығы жылына 400 мың дана сораптық-компрессорлық құбырды, 300 мың дана сораптық штанганы және 10 мың дана тереңдік сорапты жөндеуге жеткілікті.
  • 2012

    Қаңтар айында ҚМГ БӨ өзінің ӨМГ және ЕМГ өндірістік филиалдарын акционерлік қоғам етіп қайта ұйымдастыру ниеті туралы жариялады. Сондай-ақ, жыл басында Компания Маңғыстау облысының 2 000-ға жуық жұмысшыларын жалдау үшін екі сервистік компания құру туралы шешім қабылдады.

  • 2011

    • Наурыз айында ҚМГ БӨ Федоровский блогын зерттеуге лицензиясы бар «Ural Group Limited» АҚ-ның 50 %-ын сатып алды
    • Сәуір айында Компания ҚМГ ҰК-дан Темір, Теріскен, Өзен-Қарамандыбас, Қаратон-Сарықамыс барлау блоктарын сатып алды.
  • 2010

    • Қыркүйек айында Компания «СапаБарлау Сервис» ЖШС-ін (кейіннен ҚМГ БӨ барлау активтері» ЖШС деп аталды, бұдан, әрі – «ҚМГ БӨ БА») және «НБК» ЖШС-ін сатып алды.
  • 2009

    • Желтоқсан айында Компания ПетроҚазақстан Инк. Компаниясындағы 33 % үлесті сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады.
    • Standard&Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ БӨ-ге «GAMMA-6» деңгейіндегі GAMMA корпоративтік басқару рейтингін берді.
  • 2008

    ҚМГ ҰК, ҚМГ БӨ және «Би Джи Групп» барлау және өндіру салапсындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Келісімде Қазақстан Республикасының және басқа елдердің жекелеген учаскелерінде көмірсутегі қорларының әлеуетін бірлесіп зеттреудің принциптері белгіленді. Компаниялар мұнай және газ өндіру саласындағы болашағы бар жобаларға бірлесіп қатысудың мүмкіндіктерін анықтау мақсатында ынтамақтасып қызмет атқаратын болады.

  • 2007

    2007 жылдың сәуірінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Қазгермұнай» БК ЖШС-дағы 50% үлесті сатып алды. 2007 жылдың желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ CCEL «Қаражанбасмұнай» компаниясындағы үлестің 50%-ын сатып алды.

  • 2006

    2006 жылдың қыркүйегінде ҚМГ БӨ өзінің акцияларын қор рыногында бастапқы жариялы орналастыруды: акцияларды Қазақстан Қор биржасына орналастыруды, сондай-ақ ғаламдық депозитарлық қолхаттарды (ҒДҚ) Лондонның Қор биржасына орналастыруды жүргізді.

  • 2005

    • Кен орындарын барлау, игеру мен мұнай және газ өндіру жөніндегі мақсатты компания құру мақсатында активтерді қайта құрылымдау
    • Атырау МӨЗ-дегі бақылаушы акциялар пакетін сату (2005 ж. желтоқсан).
    • Mұнайхимия секторындағы үлестерді 50%-дан 15%-ға дейін қысқарту (2005 ж. желтоқсан).
  • 2004

    2004 жылдың наурызында ЕмбіМұнайГаз ААҚ мен ӨзенМұнайГаз ААҚ-ны қосудың нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниясы құрылды.

  • 2002

    2002 жылдың ақпанында «ҚазақМұнай» ҰМК мен «Мұнай және газ тасымалдау» ЖАҚ ҰК-ны біріктіру жүргізілді, сөйтіп ҚМГ ҰК құрылды.

  • 1997

    ЕмбіМұнайГаз (ЕМГ) мен ӨзенМұнайГаз (ӨМГ)-дегі өзіне тиесілі акцияларды мемлекет «ҚазақМұнай» ЖАҚ-қа – Қазақстанның Ұлттық мұнай компаниясына берді.

  • 1991-2002

    Мұнайгаз секторындағы жеке операциялардың үлестері артты: мемлекетке тиесілі активтер ҚМГ ҰК-ге (2002 жылы құрылған) берілді.

  • 1991

    Кеңес Одағынан еншіге тиген мұнайгаз активтеріне иелік ететін «Қазақстанмұнайгаз» мемлекеттік корпорациясы құрылды.

  • 1911

    Қазақстанда мұнай өндіру басталды.

Наверх