АО ҚМГ БӨ компаниясы негізгі құрамы АО ӨзенМұнайГаз (ӨМГ) және ЕмбаМұнайГаз (ЕМГ) активтерінен тұрады. ӨМГ-нің үлесіне, ӨМГ және ЕМГ- нің мұнай қорларының 70.6% (2016 аяғындағы мәлімет бойынша) тиеді және 2016-шы жылдың ӨМГ және ЕМГ мұнай өндіру көлемінің 66.2 % тиді. Казіргі уақытта ӨМГ және ЕМГ-нің негізгі кеніштерінде тұрақты деңгейге мұнай өндіріліп келеді. Мұнай өндіруді арттыру технологиясы қолданылады.
ҚМГ БӨ Қазақстанның батысында 41 кен орнын игереді (2007-2010 жылдары сатып алынғандарды есепке алмағанда). Компанияның маңызды міндеттерінің бірі мұнай өндірудің неғұрлым тиімді әдістері мен жаңа технологияларды пайдалана отырып негізгі кен орындарында өндіріс деңгейін ұстап тұру болып табылады.
1990-шы жылдардың бас кезі мен ортасындағы экономикалық қиындықтар мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі ҚМГ БӨ кен орындарында өндіру көлемдерінің едәуір бәсеңдеуіне әкеп соқтырды. Алайда, 90-шы жылдардың соңына қарай Компания бастапқыда өндірістің құлдырауын тоқтатты, ал одан кейін өндірудің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті. 1998-2006 жылдар аралығында мұнай өндіру көлемі 80%-ға артты. Мұнай өндірудің артуы жаңа ұңғымаларды бұрғылаумен, тұрып қалған ұңғымаларды іске қосумен және олардың өнімділігін арттырумен қамтамасыз етілді. Жүргізілген ұңғымаларды жөндеу және қабаттарды сумен сөгу сияқты қазіргі заманғы технологияларды қолдану маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде Компания барлық кен орындарында ол таяудағы жылдары ұстап тұруға ниеттеніп отырған өндірудің барынша жоғары деңгейіне шықты.
Қазгермұнай
Қазгермұнай компаниясы Қазақстан Республикасына Германиядан инвестициялар тарту мақсатында 1993 жылы құрылды. Қазгермұнайдың Құрылтай шартына сәйкес, ол Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында 2024-жылдың 1-наурызында бітетін 30 жыл мерзімге барлау мен өндіруді жүзеге асыруға арналған эксклюзивті құқықтар мен лицензиялар алды.
Қазгермұнай компаниясы өзінің қызметін Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында жүзеге асырады. Қазгермұнайдың мұнай кен орындары 897 шаршы километр алаңды алып жатыр. 2016 жылы Қазгермұнайдың өндіру көлемі 1,5 миллион тонна мұнай құрады.
CCEL (Қаражанбасмұнай)
CITIC Канада Петролеум Лимитед (бұрынғы Nations Energy Company Ltd) бүкіл дүниежүзі бойынша мұнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі халықаралық жобаларды сатып алуға арналған жеке канадалық компания ретінде 1996 жылы құрылған. 1997 жылы Nations Energy Company Ltd Қазақстан Үкіметінен «Қаражанбасмұнай» АҚ-дағы 100% бақылауды білдіретін 94.62% акционерлік капиталды сатып алды.
2020 жылға дейін Компанияға Қазақстанның батыс бөлігіндегі Қаражанбасмұнай кен орындарын игеруге арналған 100% құқық тиесілі. 2016 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ 1,1 млн. тоннаға мұнай өндірді.
ПетроҚазақстан Инк. (ПҚИ)
Көмірсутегін барлау және өндірумен, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін сатумен айналысатын компаниялары тобы . «ПетроҚазақстан Инк.» 16 кенорнында үлесі бар, оның 11-і игерудің әртүрлі сатыларында тұр.2016 жылы ПҚИ өндіру көлемі 1,2 млн. тонна мұнайды құрады.