Бөлісу
Сіздің атыңыз:
Мәтін:
Сіздің электронды жәшігіңіз:
Алушының электронды жәшігі:
Есепті жүктеу
PDF форматы Excel форматы
Компанияға жазу
Сіздің атыңыз:
Сіздің электронды жәшігіңіз:
Мәтін:

МИССИЯ

ҚМГ БӨ миссиясы Компания акционерлері үшін мейлінше табысты арттыру мақсатында көмірсутегін тиімді және оңтайлы өндіруден, біз қызмет ететін аймақтар үшін ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік жағдай жасаудан, сондай-ақ Компанияның әрбір қызметкерінің әлеуетін жүзеге асыруға ықпал етуден тұрады.

КЕЛЕШЕК

ҚМГ БӨ – Қазақстандағы көмірсутегін барлау және өндіру саласындағы жетекші, жаһандық ауқымда бәсекеге түсе алатын Каспий аймағындағы мұнайгаз бизнесі көшбасшыларының қатарындағы компания.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2004 жылдың наурыз айында «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) мен «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) біріктіру арқылы құрылды.

ӨМГ және ЕМГ кен орындары «дәлелденген және болжамды» (2P) санаты бойынша 232 млн. тонна (1,7 млрд. баррель) мұнай қорына ие. 2007-2010 жылдары сатып алынғандарды есептемегенде, бүгінде ҚМГ БӨ-нің өз активінде 41 кен орны бар. Компанияның дәлелденген және болжамды қорының 2010 жылдың соңындағы жалпы көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС, «CCEL» және «ПетроҚазақстан Инк.» үлестерін қосқанда, шамамен 2,2 млрд. баррельді құрайды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ БӨ Қазақстанда мұнай өндіру бойынша екінші орында тұр.

Компания акциялары Қазақстандық қор биржасына (KASE), ал ауқымды депозитарлық қолхаттары – Лондондық қор биржасына (LSE) орналастырылған.

ҚМГ БӨ мұнай өндіруден көпжылдық тәжірибесі бар және Қазақстандағы кен орындарының геологиялық құрылымы саласы тұрғысынан ауқымды білімге ие.

ҚМГ БӨ басқа компаниялармен салыстырғанда, ҚМГ БӨ «ҚазМұнайГаз» ҰК бас компаниясымен өзара байланысы арқылы Қазақстанның құрлығындағы мұнайгаз активтері мен инфрақұрылымына әлеуетті қолжетімді болуына қарай бірегей басымдықтарға ие.