Дивидендтік саясат

ҚМГ БӨ өзінің қарапайым және басымдықты акцияларына дивидендтер төлеуге қатысты дивидендтік саясатын ҚЕХС сәйкес топтастырылған есептері бойынша салық салудан кейінгі табыстың 15 % мөлшерінде белгіледі. Компания өзінің дивиденттік саясатын қайта қарау құқығын өзіне қалдырады. Жоғарыда көрсетілген даталардың нақты болып табылатындығына кепілдік беру үшін барлық қадамдар жасалғандығына қарамастан, олар өзгеруі мүмкін және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ да, оның акционерлерінің, директорларының, басшыларының, қызметкерлерінің немесе кеңесшілерінің біреуі де жоғарыда көрсетілген даталардың нақтылығына қатысты уағда немесе кепілдік (нақты айтылған немесе ұйғарылған) бермейді, берген жоқ немесе беруге өкілеттігі жоқ және осылайша жауаптылықтан босатылады.

Тиісінше, Компания да, оның акционерлерінің, директорларының, басшыларының, қызметкерлерінің, кеңесшілерінің бірде-біреуі жоғарыда көрсетілген даталарға қатысты немесе оған байланысты немесе қандай да бір тұрғыда жоғарыда көрсетілген даталардан туындайтын немесе онымен байланысты болатын кез келген зиян үшін жауаптылықта болмайды немесе өзіне тікелей немесе жанама, айқын білдірілген немесе екіұшты, шарттық, заңмен белгіленген немесе басқадай міндеттеме алмайды. Оның үстіне, Компания жоғарыда көрсетілген даталардың кез келгенін өзінің қалауы бойынша өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

Наверх