Өзекті фактілер

Қазақстан Республикасы – жалпы аумағы бүкіл Батыс Еуропаның аумағынан асатын 2,7 миллион шаршы километрді құрайтын аумағы жағынан үлкен ел. Қазақстан Еуразияның солтүстік және орталық бөлігіне орналасқан және бар жағынан дерлік құрлықпен қоршалған.

Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен шектеседі. Шекарасының бір бөлігі Каспий теңізінің жағалауымен астасып жатыр. Халық саны 2010 жылдың соңында 16,2 миллионнан астамды құрады.

1997 жылы Қазақстанның астанасы елдің ең ірі қаласы Алматыдан Астанаға (бұрынғы Ақмола) көшірілді.

Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан мұнай мен газдың 8 миллиард тонна дәлелденген қорына ие. Мамандардың пікірі бойынша мұнай өндіру мен кен орындарын игеруді арттыру 2015 жылға қарай елге жылына 90-100 миллион тоннаға (күніне 1,8-2,0 миллион баррель мұнай) дейін мұнай өндіруге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде Қазақстан әлемдік мұнай өндірушілердің алғашқы ондығына кіреді.

Наверх