Компанияның басшылығы

Құрманғазы Есқазиев

Бас директор

2015 жылдың 23 қыркүйегінен бастап ҚМГ БӨ бас директоры (Басқарма төрағасы).
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Балықшы барлау-бұрғылау басқармасының оператор-коллекторы болып бастап, одан соң Тематикалық партияда инженер-геолог болып жұмыс істеп,  «Эмбанефть» ӨБ Тампонаждау мекемесінің цементтеу жөніндегі операторы болып еңбек жолын жалғастырды. 1991-1993 жж.- Балықшы барлау-бұрғылау басқармасы №1 бұрғылау экспедициясының геологы,1993-1995 жж.- «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасының геологы. 1995-2004 жж.- мұнай қабаттарының өнімділігін арттыру және ұңғымағаларға күрделі жөндеу Атырау басқармасының бас геологы, директордың орынбасары, "Ембімұнайгаз"  ААҚ геология және мұнай-газ кен алаңдарын игеру департаментінің директоры. 2004-2008 жж. - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директордың орынбасары, кейіннен геология және игеру департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2008-2015 жж.- «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ  мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор,  геология, геофизика және резеруарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, геология және келешек жобалар жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары, операциялық емес активтер (Теңіз,Қашаған,Қарашығанақ) бойынша басқарушы директор,   геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) болып еңбек етті.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Геология және Жер қойнауын пайдалану Комитетінің Құрмет грамоталарымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2016 ж.), «Құрмет» орденімен (2016 ж.), «ҚР Жер қойнауының Үздік барлаушысы» атағымен, «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмысы үшін  ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықпен  (2015 ж.) марапатталған. 
Геология-минералогиялық ғылымдар кандидаты, 12-ден астам ғылыми публикациялардың авторы, «Геологическое строение и перспективы нефтегазности Северного и Среднего Каспия» кітабының қосымша авторы.

Бекзат Абайылданов

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары

Бекзат Абайылданов Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Мысырдағы Халықаралық университетті (Менеджмент және маркетинг негіздері) аяқтады, «Мұнайгаз бизнесін басқару» әкімшілік ісінің мастері бойынша, И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ тәмәмдауда. «Каспий Мұнай» АҚ-ның, «Матин» БК ЖШС-ның, «Арнаойл» ЖШС-ның және басқа да кәсіпорындардың бас директоры, «Өзенмұнайгаз» ӨФ қаржы департаментінің директоры болып, сондай-ақ «ӨзенМұнайГаз» ААҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарды. Бірқатар ғылыми жұмыстардың авторы болып табылады.

Дәулетжан Хасанов

ҚМГ БӨ бас директорының орынбасары

Дәулетжан Хасанов 1971 жылдың 21 қазанында дүниеге келген. ӨМГ бас директоры болып сайланғанға дейін «Қаражанбасмұнай»АҚ Президенті, «Технологиялық транспортты басқару және скважиналарға қызмет көрсету» ЖШС бас директоры, ҚМГ БӨ активтерді басқару бойынша басқарушы директор лауазымдарын атқарған. «Қазгермұнай»БК»ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ және ӨФ, «Каспий Нефть - ТМЕ» АҚ, «EuroAsia Group» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Казахойл-Эмба» ААҚ, «Қазақтелеком» ААҚ және  «Тениз» АҚ компанияларында жұмыс істеді. Орал қаласындағы Батыс-Қазақстан ауылшаруашылығы институтын және Атырау мұнай және газ институтын тәмамдаған. 

Қайырбек Елеусінов

«Өзенмұнайгаз» АҚ жобалары бойынша бас директордың орынбасары

Қайырбек Елеусінов 2013 жылдың қазанынан бастап Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 2009 жылдың желтоқсанынан бастап соңғы тағайындалымға дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ Бірінші Вице-президенті лауазымын атқарды. Мұнайгаз саласында 1977 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Өзенмұнай» МГӨБ автоматтандыру цехының КИПиА слесарынан бастап «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының директорына дейінгі еңбек жолынан өтті. «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалында директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Мәскеудің И. Губкин атындағы мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиясы мен кешенді механизациясы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мәлік Сәлімгереев

Бас директордың еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және келешекті даму жөніндегі орынбасары

Мәлік Сәлімгереев И.М. Губкин атындағы Мәскеудің мұнай химия және газ өнеркәсібі институтын және Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы геология институтының аспирантурасын аяқтады, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. Бұдан бұрын «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның активтерді басқару жөніндегі бас директоры, мұнайгаз активтерін басқару жөніндегі дирекцияның директоры, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметін, «Ембімұнайгаз» ӨФ директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымдарын, сондай-ақ «Қазақойл-Ембі» АҚ-да, «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ-та, ҚазҒЗЖИмұнайда, «Қаражанбасмұнай» АҚ-да және басқаларда әр түрлі басқару қызметтерін атқарды. Бірқатар ғылыми жұмыстардың авторы болып табылады.

Дастан Абдулғафаров

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Абдулғафаров Дастан 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарадыСоңғы тағайындауға дейін, яғни 2006 жылдың қыркүйегінен бастап Абдулғафаров Дастан бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры ретінде қызмет атқарды. «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша Қазақстанның Құқық және халықаралық қатынастар институты мен «Халықаралық экономика және құқық» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломаттық академиясын  бітірді. AGIP Корпоративтік Университетінде Мұнай Бизнесінің Магистрі дәрежесін, сондай-ақ Мәскеудің Сколково Басқару Мектебінің Executive MBA дәрежесін алды. «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ мен  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да жұмыс істеді.

Шейн Дрейдер

Қаржы директоры – Қаржылық бақылаушы

Шейн Дрейдер 2014 жылдың тамызынан бастап қаржылық директор – қаржылық бақылаушы лауазымын атқаруда. Оған дейін ол 2007-2011 жылдар аралығында Компанияда қаржылық директор – қаржылық бақылаушы қызметін атқарды. Компанияға келерде Қазақстандағы Делойт энд Туш компаниясында ресурстар жөніндегі серіктес (resource partner) болып жұмыс істеді. «Үлкен Төрттік»-тегі көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ол бірқатар елдердегі Бритиш Американ Тобаккода қаржылар басшысы, қаржылық бақылаушы, ішкі аудит және тәуекелдер бизнесі жөніндегі менеджер лауазымдарында еңбек етті. Бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша Калгари университетін аяқтады. Альбертаның Дипломды бухгалтерлер институтының (ICAA) мүшесі болып табылады.

Наверх