ҚМГ БӨ акционерлерінің жалпы құрылымы

ҚМГ БӨ акцияларының жалпы саны 74 357 042 дананы құрайды, оның ішінде 70 220 935 қарапайым дауыс беруші және 4 136 107 артықшылықты акция.

Компанияның барлық орналастырылған акцияларының 57,9% жуығы ҚМГ ҰК-ға тиесілі.

Акцияларды қайта сатып алудың үш бағдарламасының шеңберінде Компания Қазақстандық қор биржасында (KASE) орналастырылған 130 093 қарапайым акцияны және Лондонның қор биржасында (LSE) 23 086 302 жаһандық депозитарлық қолхатты1 (ЖДҚ) қайта сатып алды. Оған қоса, ЖДҚ1-ны Компания қызметкерлерге арналған опциондық бағдарламаны іске асыру үшін қайта сатып алды. 2017 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша опциондық бағдарламаны іске асыру үшін ҚМГ БӨ-де сенімді басқаруда 8 276 295 ЖДҚ1 бар. 

Осылайша, қазынашылық қарапайым акциялардың жалпы саны 3 907 243 акцияны құрайды. Оған қоса, Компания Қазақстандық қор биржасында (KASE) 2 073 147 артықшылықты акцияны қайта сатып алды.

Акцияларды кері сатып алу жөніндегі нақты ақпаратты акцияларды кері сатып алу туралы парақтан көруге болады.

2017 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша акционерлердің құрылымы.

  Қарапайым акциялар және ЖДҚ1 Артықшылықты акциялар

Барлығы
дана

% жалпы көлемнен
ҚМГ ҰК 43,087,006 0 43,087,006 57,9 %
Қазынашылық акциялар2 3,907,243 2,073,147 5,980,390 8,1 %
Еркін айналымда3 23,226,686 2,062,960 25,289,646 34,0 %
Барлығы 70,220,935 4,136,107 74,357,042 100 %

 Ескерту:
1) Бір ЖДҚ 1/6 қарапайым акцияға сай келеді;
2) Өзіне сатып алынған қарапайым және артықшылықты акциялар мен ЖДҚ-ны қамтиды;
3) 11%-ға жуық қарапайым (10% қарапайым және артықшылықты) акция ЖДҚ түрінде China Investment Corporation-ге (CIC) тиесілі.

 

Наверх