Шот-фактуралар үшін штрих-кодтар жасау


«Штрих-кодты парақ» құжатын генерациялау бойынша қысқаша нұсқаулық:
  1. Есепті кезең үшін шот-фактура мен орындалған жұмыстардың актісін дайындау;
  2. http://kmgep.kz/kaz/zakup/barcode/ ресурсына кіру. Экрандық нысаны ашылады;
  3. Тізімнен баланстық бірлікті таңдау, яғни шот-фактура мен акті ұсынылатын тиісті филиалды таңдау;
  4. Құжаттың түрін таңдау (аталған жағдайда, құжаттың түрі біреу ғана – Шот-фактура);
  5. Есепті кезең үшін дайындалған шот-фактуралардан деректерді (хабардар ету үшін шарттың нөмірі, Шарт жасалған жыл, Құжаттың нөмірі, Құжаттың дайындалған күні, Валюта, Сома, оның ішінде ҚҚС, НДС, eMail);
    МАҢЫЗДЫ! Деректерді енгізу кезінде клавиатуралар ағылшын тілінде тұруы керек
  6. «Штрих-код қалыптастыру» кнопкасын басасыз. pdf – форматта құжат қалыптасады;
  7. Құжатты қағазға басыңыз;
  8. 8. Басылған құжатты көз жүгіртіп тексеру және шот-фактурамен салыстыру қажет. Салыстыру кезінде мынаған: - парақта 4 жол штрих-код болуы тиіс екендігіне назар аударыңыз. Жолдардың әр қайсысы DD әріптерімен, яғни
    DD
    DD1
    DD2
    DD3-мен басталады.

    - Егер штрих-кодтың жолдары 4-тен аз болса, құжат қате жасалған. Бұл жағдайда, төменде көрсетілгендерге назар аудару қажет.
    - Екі құжатта (шот-фактура мен штрих-коды бар басылға парақ) да ақпарат бірдей болуы тиіс;
  9. Қаламмен өз ұйымыңыздың атын жазасыз;
  10. Құжатқа қол қоясыз (орындаушының қолы). Құжат жасалды;
  11. Жасалған құжатты басқа атқарушы құжаттарға (шот-фактура мен акті) қосасыз. Құжаттар пакеті қалыптасты;
  12. Қалыптастырылған Құжаттар пакетін «ҚМГ БӨ» АҚ Кеңсесіне жөнелтесіз.
  13. Құрметті берушілер мен мердігерлер! Штрих-коды бар басылған параққа өз ұйымыңыздың мөрін баспауды өтініп сұраймыз! «Мөрдің орны» деген жерге «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мөрі қойылады.
  14. «Штрих-кодты парақты» қажетті мөлшерде (қолмен түзетусіз, , картридждің ізінсіз және басқаларынсыз) басуды сұраймыз.
  15. «Штрих-кодты парақ» дұрыс жасалмаған жағдайда жаңа данасын қайта жасауыңызға болады. Бұл парақтарды генерациялау саны процеске әсер етпейді.
нөмірді толық жазыңыздар
нөмірді толық жазыңыздар
9313452.99
егерҚҚС болмаса, міндетті тұрде О таңбасын қойыңыз
my@email.com
Наверх