Әлеуметтік жобалар

  • 2004 – 2014 жылдар аралығында біздің компания әлеуметтік жобаларға 47 миллиард теңге жұмсады, бұл ірі облыс орталығының жылдық бюджетіне тепе-тең түсетін қаражат.
  • Жаңаөзен қаласында біздің компания салған тұрғын үйден 200 отбасы пәтерге ие болды.
  • 2009 жылы Жаңаөзен қаласында еңбек сіңірген мұнайшы, белгілі жазушы - Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру орталығы салынды.
  • 2011 жылдан бері Маңғыстау облысының жеткіншектері Компания салған «Ақ бөбек» орталығында демалады. 250 орындық орталықта спорт алаңдары, жаздық бассейн, амфитеатр, көңіл көтеру орталығы және спортзал бар.
  • 2009 жылдан бері Компания жыл сайын Жаңаөзен қаласында 1000 әлеуметтік жұмыс орнын құруға көмектеседі.
  • Атырау қаласында Компанияның қаржылық қолдауымен жабық жүзу бассейні салынды.
  • 2010-2013 жылдары ҚМГ БӨ Қошқар, Бек-Бике, Комсомол, Ескене және Байшонас кенттерінің тұрғындарын Атырау қаласы мен Махамбет ауылына көшіруді қаржыландырды. Тұрғындарды көшіру туралы шешім кен орындарының сарқылуына және елді мекендердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрделенуіне байланысты қабылданды.
  • Жыл сайын Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс-Қазақстан облыстарында орналасқан еншілес компанияларымыздың қызметкерлерінің балалары, сонымен қатар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Компанияның есебінен Қазақстан мен шетелде орналасқан лагерьлерде дем алады.
  • Компания тұрақты түрде өзі қызмет ететін аймақтардағы мәдениет пен спорт қайраткерлеріне, соғыс пен еңбек ардагерлеріне, жарымжандар мен зағиптар қоғамдарына, кірісі төмен отбасыларға қолдау көрсетеді.
  • 2014 жылы ҚМГ мен оның еншілес компаниялары Қазақстанның 915 азаматының орта және жоғарғы оқу орындарында білім алу ақысын төледі.
  • 2014 жылы біздің компанияның қаржылық демеуімен Жаңаөзен қаласында неке сарайы тұрғызылды.
  • 2014 жылы Жаңаөзен қаласында «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық орталық ашылды.
  • Жаңаөзен қаласында 2014 жылы біздің компанияның қаржылық қолдауымен жергілікті халыққа арналған медицина орталықтың құрылысы басталды.
  • Соңғы бірнеше жылдың ішінде біздің компания Өзен - Қызылсай, Аққыстау - С. Балғымбаев, Қаратон – Терең-Өзек және басқа да бағыттарда кен орындарына апаратын жолдарды жөндеп шықты.
  • 2014 жылы компания науқас балаларды емдеуге қаражат жинайтын бірнеше қоғамдық ұйымға қаржылай көмек көрсетті.
Наверх