Тасымалдау және сату

Қазақстан бар жағынан дерлік құрылықпен қоршалған, сондықтан да экспорттың өсіп келе жатқан көлемі жағдайында көліктік инфрақұрылымдарды жетілдіру мәселесі маңызды болып қалады. Соңғы жылдары бұл саладағы қызмет айтарлықтай жанданып келеді.

Бас Компаниямен тығыз қарым-қатынас ҚМГ БӨ-ге құбыр желісі инфрақұрылымына сенімді қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ӨАС және КҚК мұнай желілері Компания үшін негізгі экспорттық бағыттар болып табылады. ҚМГ БӨ Атырау МӨЗ-ге ірі өнім беруші болып табылады. Қазгермұнай Қазақстан-Қытай құбыр желісі бойынша мұнай береді.

Ұзақтығы 1 500 км болатын Өзен-Атырау-Самара құбыр желісі (ӨАС) Компания экспортының басым бөлігін қамтамасыз етеді. Қара теңіздің Новороссийск портына дейін созылып жатқан ұзақтығы 1 500 км Каспий Құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры ҚМГ БӨ мұнайын жеткізудің неғұрлым пайдалы бағыты. Сондықтан да ҚМГ БӨ ол арқылы мұнай беру үлесін арттыра түсуге ұмтылып отыр.

2005 жылдың желтоқсанында Қазақстан мен Қытайдың арасында ұзындығы 1 000 км. Атасу-Алашаңқай құбыр желісі іске қосылды. Құбыр желісінің өткізу қабілеті жылына 10 миллион тоннаны (тәулігіне 202 мың баррелді) құрайды және таяудағы болашақта екі есеге арттырылуы мүмкін.

2006 жылдың шілдесінде Каспий және Жерорта теңізін тікелей жалғастыратын, өткізу қабілеті жылына 50 млн. тонна (тәулігіне 1 млн. баррель) тұңғыш құбыр желісі пайдалануға берілді. Баку-Тбилиси-Джейхан құбыр желісі Әзірбайжандағы Бакуден Түріктің Джейхан айлағына дейін барады. Бұл Қазақстанда өндірілетін мұнай үшін транзиттік мүмкіндіктерді кеңейте түсетін тағы бір бағыт.

Келтірілген мысалдар көрші елдерге тәуелділікке қарамастан Қазақстан мұнайдың экспорттық рыноктарына кіруді диверсификациялауға және ұдайы үдете түсуге ұмтылып отырғанын көрсетеді. Бұл ретте КМГ БӨ-нің өзінің бас компаниясымен қарым-қатынасы Компанияға ҚМГ ҰК-ге тиесілі көлік инфрақұрылымдарына кепілдікті қол жетімділігі болуға мүмкіндік береді.

2012 жылы ҚМГ БӨ, ОМГ және ЭМГ активтерінде өндірілген бүкіл мұнай өнімнің 78 %-ын экспортқа шығарды. Осы кезең ішінде, Компанияның толык (ОМГ және ЭМГ активтерінен) мұнай сату көлемінің 33% КҚК құбыр аркылы және 46% ӨАС құбыр аркылы сатылды.

Болашақта Компания қолданыстағы көліктік бағыттарды пайдалануды оңтайландыра түсуді, ішкі рынокқа берудің экономикалық тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр.

Наверх