Өзекті фактілер

Қазақстан Республикасы – жалпы аумағы бүкіл Батыс Еуропаның аумағынан асатын 2,7 миллион шаршы километрді құрайтын аумағы жағынан үлкен ел. Қазақстан Еуразияның солтүстік және орталық бөлігіне орналасқан және бар жағынан дерлік құрлықпен қоршалған.

Қазақстан – табиғи ресурстарға аса бай мемлекет. Атап айтқанда, Қазақстанның мұнай қорлары әлемнің дәлелденген қорларының 1,8%-ға жуығын құрайды. Мұнай мен газы бар аудандар ел аумағының шамамен 62%-ын алып жатыр. Қазіргі кезде 172 мұнай кен орындары бар, олардың 80-нен астамы игерілуде.

Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен шектеседі. Шекарасының бір бөлігі Каспий теңізінің жағалауымен астасып жатыр. Халқы – 17,9 млн адамға жуық (2017 жылдың 1 қаңтары бойынша).

  • Бас қаласы – Астана (халық саны 1,0 млн адамға жуық).
  • Ең ірі қаласы – Алматы (халық саны 1,7 млн адамға жуық).
  • Ел халқының этникалық құрамы – әлемдегі ең көпұлтты мемлекеттердің бірі.
  • Қала және ауыл халқының ара қатынасы – шамамен 53% және 47%.
  • Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ – 10 510 АҚШ доллары (2015).
  • Мұнай мен газ қорлары – әлемдік қорлардың шамамен 1,8%-ы.
  • Жер аумағы бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекет.
  • Елде ЮНЕСКО әлемдік мұрасының бес ескерткіші бар.
  • 1991 жылы тәуелсіздік алған уақыттан бері тұрақты экономикалық өсім және саяси тұрақтылық.
  • ЕАЭО негізін қалаушысы және қатысушысы.
  • 2015 жылға дейінгі 10 жыл ішінде шетел инвестицияларының көлемі 200 млрд АҚШ доларынан асып түсті.

Наверх