eng|pус|Қаз
Интерактивті жылдық есеп 2009






Стратегия


ҚМГ БӨ-нің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының мұнайгаз өндіруші компанияларының арасындағы өзінің көшбасшылық позициясын нығайту болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Компания өзінің мұнайгаз активтері қоржынын айтарлықтай кеңейтуді жоспарлап отыр.

Қорлардың өсуі

  • Қолданыстағы және лицензияланбаған блоктар бойынша ҚМГ ҰК беретін құқықтарды пайдалану.
  • Қазақстан мен шет елдерде іріктеп сатып алу.
  • Қолданыстағы және жаңа блоктарда барлау.
Қоланыстағы кен орындарында өндіру деңгейін ұстап тұру

  • Орта мерзімдік келешекте қолданыстағы резервтік базалардан өндіруді ұстап тұру.
  • Мұнай алудың қазіргі заманғы технологияларын пайдалану.
Шығындар мен активтерді оңтайландыру

  • Орта мерзімді болашақта операциялық және күрделі шығындарды азайту.
  • Негізгі емес активтерді сату мақсатында Активтерді Оңтайландыру Бағдарламасы.
Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту

  • Халықаралық экологиялық, еңбек стандарттарына және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес болу мақсатында жаңа ережелер енгізу.

Сатып алудың есебінен өсу

2008 жылы ҚМГ БӨ өзінің алдына келешектегі өсу үшін берік іргетас қалау және Қазақстанда мұнай өндіру бойынша көшбасшылардың бірі мәртебесін сақтау міндетін қойды. Бұл міндеттерді орындауға көп ретте Бас компания ҚМГ ҰК-мен тығыз әріптестік қарым-қатынас ықпал етеді. Өздеріңізге белгілі, Компания сатып алу стратегияларын табысты іске асыру жолымен активтер қоржынын айтарлықтай үлкейтуге мүмкіндік беретін Қазақстанның құрылығындағы мұнайгаз активтеріне қол жеткізудің басымдықты құқығына ие.

Жаңа активтерді сатыпа алу Компания қызметінің 2006 жылдың қазанында акцияларын Лондон мен Қазақстанның биржаларына бастапқы орналастырудан кейінгі негізгі бағыттарының бірі болды. Осылайша, 2007 жылдың сәуірінде Компания «Қазгермұнай» БК ЖШС мен холдингтік CCEL-дегі ( «Қаражанбасмұнай» АҚ иелік ететін) 50%-дық үлестерді сатып алды.

2007 жылдың сәуірінде аяқталған Қазгермұнайдағы 50%-дық үлестерді сатып алу бойынша мәміле ҚМГ БӨ-ні Қазақстанда мұнай өндіру бойынша екінші орынға шығарды. Мәміленің сомасы 969 миллион АҚШ долларын құрады.

Сатып алу сәтінен бастап Қазгермұнай компаниясының жалпы өндіруінен ҚМГ БӨ-ге тиесілі үлес 2008 жылы 1 570 мың тонна мұнайды құрады. Сатып алудан кейінгі бір жыл ішінде ҚМГ БӨ Қазгермұнай компаниясынан 375 миллион АҚШ доллары мөлшерінде дивидендтер алды.

Екінші ірі мәміле – Қаражанбасмұнай компаниясындағы 50%-дық үлесті сатып алу 2007 жылдың 12 желтоқсанында аяқталды. «Қаражанбасмұнай» АҚ Қазақстанның батысындағы Маңғыстау облысында орналасқан Қаражанбас кен орнын игереді.

Қаражанбасмұнайдың Компанияның үлесіне тиесілі дәлелденген және болжамды қорларының мөлшері Miller&Lents-нің бағалауына қарағанда 2008 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша 36,5 миллион тоннаны құрады. Аталған сатып алудың Компанияның топтастырылған тәуліктік өндіруіндегі үлесі ҚМГ БӨ-нің негізгі активтеріндегі өндіруден 10%-ға жуықты құрайды. Қаражанбасмұнай өткізу рыногына: Ақтау портынан танкерлермен Каспий теңізі арқылы немесе Транснефть жүйесі арқылы батыс рыноктарына, сондай-ақ Атыраудағы МӨЗ-ге өңдеуге тасымалдауға қолайлы орналасқан.

Қазгермұнай және Қаражанбасмұнай компанияларындағы үлестерді сатып алудың нәтижесінде ҚМГ БӨ-нің мұнайды жиынтық өндіру деңгейі айтарлықтай өсті. Қазіргі сәтке жалпы өндіру тәулігіне сатып алуларды есептемегендегі тәуліктік өндіру көлемдерінен 26%-ға артық 240 мың баррельге жуықты құрайды.

2009 жылы сатып алу Компанияның өсуінің негізгі негіз құраушы стратегиясы болып қалады. Осылайша, ҚМГ БӨ өзінің операциялық қызметін орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Торғай бассейнінің мұнайгаз кен орындарында жүргізетін ПетроҚазақстан компаниясының акциялары пакетінің 33%-ын сатып алуға мүдделі болып отыр. Бұл компанияның мұнай қорлары 2Р санаты бойынша шамамен алғанда 75 миллион тоннаны құрайды, ал жалпы өндіру 2008 жылы 6,3 миллион тонна мұнайды құрады. Бұл мәмілені жасасу жөніндегі келіссөздер жалғастырылуда және 2009 жыл ішінде оны аяқтау жоспарланып отыр.

ҚМГ БӨ сонай-ақ, Бас Компаниядан Қазақойл-Ақтөбе және Қазақтүрікмұнай компанияларындағы 50%-дық үлестерді сатып алу мүмкіндіктерін де қарастырады. Оның үстіне, қазіргі уақытта ҚМГ ҰК сатып алуды жүзеге асырып және аяқтау кезеңінде отырған Маңғыстаумұнайгаз компаниясындағы ірі үлес те ҚМГ БӨ үшін нақты қызығушылық туғызуда.

ҚМГ БӨ-нің тұрақты қаржылық жағдайы, геологияны және жергілікті рыноктың коньюктурасын терең білу, сондай-ақ бүкіл ұжымның қажырлы еңбегі Компания активтері қоржынын тартымды тұрғыда кеңейтуге мүмкіндік береді.