eng|pус|Қаз
Интерактивті жылдық есеп 2009






Корпоративтік басқару


Жоғары сапалы корпоративтік басқару ҚМГ БӨ-нің еркін және бәсекелесті рыноктағы табысты қызметі үшін қажетті жағдай болып табылады. Компанияда Директорлар Кеңесінің, Басқарманың және акционерлердің арасындағы қарым-қатынасты орнықтыратын тиімді жүйе іске асырылуда. Мұндай жүйе Компания құнының өсуіне ықпал етеді және инвесторларға олардың ақшаларының тиімді пайдаланатындылығына кепілдік береді. Компания 2006 жылы өзінің акцияларын халықаралық рынокқа бастапқы жариялы орналастырған сәттен бастап бұл қағидаттарға ерекше мән береді.

ҚМГ БӨ-дегі корпоративтік басқару жүйесі 2006 жылдың ішінде қабылданған бірқатар құжаттармен және шешімдермен регламенттеледі.

Корпоративтік басқарудың Қазақстандық кодексі

ҚМГ БӨ қазақстандық Корпоративтік басқару кодексінің негізінде өзінің өзіндік ерекшеліктері ескерілетін жеке Кодексін, сондай-ақ Ұлыбританияда қолданылып жүрген Аралас Кодекстің кейбір ережелерін қабылдады.

Қазақстанда корпоративтік басқарудың ең озық тәжірибесі Қазақстандық корпоративтік басқару кодексінде айтылған. Корпоративтік басқарудың қазақстандық кодексі корпоративтік басқару саласындағы бар халықаралық тәжірибе мен 2002 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жанындағы Бағалы қағаздар рыногы мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің шешімімен бекітілген қазақстандық акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқару қағидаттарын қолдануы жөніндегі ұсынымы ескеріле отырып жасалған Кодексті 2005 жылдың наурызында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесі және 2005 жылдың ақпанында Эмитенттер кеңесі мақұлдаған.

Негізгі акционермен өзара қарым-қатынастар

Негізгі акционермен қарым-қатынастарды ретке келтіру Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің өте маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. ҚМГ БӨ бас компаниямен ҚМГ БӨ-нің кәсіпкерлік тәуелсіздігі мен оның өзінің барлық акционерлерінің мүддесінде іс-әрекет ету міндетін белгілейтін Өзара қарым-қатынастар туралы шартқа қол қойды.

Оның үстіне, Компания Жарғының жаңа редакциясын қабылдады және үш Тәуелсіз Директорды: Кристофер Маккензиді, Пол Мандуканы және Эдвард Уолшты тағайындады. Тәуелсіз Директорлар Компанияның корпоративтік басқару жөніндегі өзінің міндеттерін сақтауын қамтамасыз ету жөнінде зор рөл атқарады.

Тәуелсіз Директорлар Компанияның басқа директорларымен және басшыларымен тығыз өзара іс-әрекетте жұмыс істейді. Тәуелсіз мүшелердің қатысуымен Директорлар Кеңесі аудит, сыйақылар және тағайындаулар жөніндегі комитеттерді құрды.

Аудит, сыйақылар және тағайындаулар жөніндегі комитеттер

Аудит жөніндегі комитет заңнама талаптарының, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының және ішкі қаржылық бақылаудың сақталуы үшін жауап береді. Тағайындаулар жөніндегі комитет директорлар құрамымен, зейнеткерлікке шығумен және Директорлар Кеңесіне уақытылы кадрлық ұсынымдар енгізумен байланысты мәселелерге жауап береді. Сыйақылар жөніндегі комитет Компанияның жоғары лауазымды басшыларға еңбекақы төлеуге және олардың есептілігіне қатысты саясаты үшін жауап береді.

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет 2007 жылдың 12 қыркүйегінде құрылды. 2007 жылдың желтоқсанында комитет Компанияның 2008-2012 жылдары даму мүмкіндіктері туралы мәселе қараған бір тікелей қатысатын мәжілісі өткізілді.

Комитет қызметінің негізгі мақсаты Компанияның Директорлар кеңесіне Компания қызметінің басымдықты бағыттары мен оны дамыту стратегияларын пысықтау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну болып табылады.

Озық халықаралық практиканы басшылыққа ала отырып Компанияда бизнесті тиімді басқау элементтерінің бірі болып табылатын тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу процесі қолға алынды. Тәуекелдерді басқару жүйесінің мақсаты Компанияның пайдалылығын арттыру және Компанияның өсуінің, оның пайдалылығының және тәуекелдердің арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті қамтамасыз ету болып табылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу мақсатында Компания 2007 жылдың 27 желтоқсанында Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитетті құрды. 2008 жылдың 17 қаңтарында осы Комитеттің шешімімен кейін Директорлар кеңесінің бекітуі үшін тәуекелдерді басқару саясаты мақұлданды және бұдан басқа 2008 жылға арналған Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітілді.

Ақпараттардың ашықтығы мен қол жетімділігі саясатын, сондай-ақ Қазақстандық және Лондон қор биржаларының ұйғарымдарын басшылыққа ала отырып, Компания тұтастай алғанда қаржылық талдаушылармен және халықаралық инвестициялық қоғамдастықпен ашық диалог ұстайды.