eng|pус|Қаз




Тосқауыл


Бос жұмыс орны: Бас бухгалтердің орынбасары

 

Жұмыс орны: Астана, Қазақстан

 

Не ұсынылады:

  • Қазақстандағы ірі мұнай және газ өндіруші ұжымның құрамында болу
  • Бәсекелесті жалақы
  • Озық әлеуметтік пакет
  • Оқыту және дамыту

 

Аталған позицияға үміткерлер мына төмендегі біліктіліктерді, білімін, машығын және қабілеттілігін көрсетуі тиіс:

 

Біліктілік:

  • Кемінде 5 жыл бухгалтерлік/аудиторлық жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде кемінде 2 жыл халықаралық компанияларда бас бухгалтердің/менеджердің орынбасары қызметін атқаруы
  • Тиісті саладағы (бухгалтерлік есеп пен аудиттегі, экономика мен қаржыдағы) дәрежесі немесе басқа да біліктілігі (мысалы, MBA) болуы
  • Кәсіби сертификаттарының (CPA немесе ACCA) болуы

 

Білімі, Машығы және Қабілеті:

  • ҚЕХС-ті жетік білуі және ҚЕХС-ке сәйкес қаржылық есептілікті дайындаудағы ауқымды тәжірибесі
  • Мықты талдаушылық машығының; стратегиялық тұрғыдан және жан-жақты ойластыра білу қабілетінің болуы
  • Қарым-қатынастар мен таныстырымдарды жүргізудегі жетік машығы (жазбаша да, ауызша да)
  • Компанияның басшылығын қоса алғанда барлық деңгейдегі қызметкерлермен өзара қарым-қатынас жасаудағы жатық дағдысы
  • Басқарудағы, бақылауды жүзеге асырудағы және қызметкерлерді баулудағы жұмыс тәжірибесінің болуы
  • Мақсат қоюшылық және алдына қойған мақсатына қол жеткізе білушілік, жұмыс уақытын жоспарлауды және жобаларды жүргізуді білуі
  • Мұнай-газ саласына қатысты түсінігінің болуы
  • SAP R/3 жүйесін білу басымдылық болып табылады
  • Орыс және ағылшын тілдерін жетік білу (жазбаша да, ауызша да) негізгі талап болып табылады
  • Қазақ тілін жетік білу артықшылық болып табылады

 

Басқа да қажетті сипаттар:

  • Жоғары этикалық стандарттарды көрсете білуі
  • Жұмысқа деген кәсіби көзқарасын көрсете білуі
  • Оқуға, үйренуге деген құлшынысы
  • Жауаптылық
  • Дербес те, командада да жұмыс істей білуі
  • Қарқынды режимде жұмыс істеу қабілеті

 

Резюме мен ілеспе хатты cv.accounting@kmgep.kz мекен-жайы бойынша жолдау қажет.